Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көбейту мен бөлудің тиімді тәсілдері. -

Көбейту мен бөлудің тиімді тәсілдері.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3046 | Размер: | Автор: Нартай4540
. ШҚО.Ұлан ауданы Айыртау ауылы
Гагарин атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Мұхамадиева Бақытжан Даутхановна
Қызықты математика
4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Көбейту мен бөлудің тиімді тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:
1.Қызықты есептердің шығару жолдарын үйрету
25-ке тез көбейтудің жолын үйрету.
2.Логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту. Қабілетті және дарынды оқушыларды шыңдау.
3.Ұтқыр ойға, ұтымды жауап беруге баулу.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мадақтау, салыстыру, дәлелдеу, баяндау.
Сабақтың көрінекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.Топқа бөлу ( ( Осындай таңбаларды таңдау арқылы үш топқа бөлініп отырады)

Бұл рас па?
1. 20 саны 5-тен 6 есе артық
2. Сенесің бе, біздің мекмепте 500 оқушы бар.
3. Натурал сандар қатары 0 санынан басталады.
4. Квадраттың периметрі 12 см, яғни квадраттың ауданы 12 см2.
5. Ұшақ Алматыдан Астанаға дейін 1 сағат, ал қайтарда Астанадан Алматыға дейін сол қашықтықты 60 минут ұшты. Неге мұндай айырмашылық болды?
6. Бағдаршамның үш көзі бар. Бір көзі қызыл, бірі көк, бірі сары.
7. Сағат бетіндегі ең үлкен сан 13.
8. 3 жыл – 46 айға тең
9. 60 минут – 2 сағат

Көңілді бой сергіту жаттығулары
Әрбір топ басшылары 3 сұрақтан таңдап алып, топта жұптық жұмыс істеуді ұйымдастырады.
Сұрақ түлері:
1. Ең үлкен төрт таңбалы сан ең кіші бес таңбалы саннан қанша артық?------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2. Ең үлкен бес таңбалы сан ең кіші бес таңбалы саннан қанша артық? -------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3. . Ең үлкен алты таңбалы сан ең кіші бес таңбалы саннан қанша артық?

4.111мыңдық , 111 жүздік және 111 бірлікті қосқанда қандай сан шығады?

5.Сағат тілі минут тіліне қарағанда неше есе баяу қозғалады?

6.Секунд тілі минут тілінен неше есе жылдам қозғалады?

7. Қарамен жазылған сөздерді басқаша қалай айтуға болады?
Жарты ғасырда ел жаңа,
Бір ғасырда – қазан.

8.Қарамен жазылған сөздерді басқаша қалай айтуға болады?
Бір ай оразаның бір айты бар,
Әр жасаған жақсылықтың бір қайтуы бар

9.Қарамен жазылған сөздерді басқаша қалай айтуға болады?
Баста ми жоқ болса, қос аяққа күш түсер.

25-ке көбейтудің тиімді тәсілін үйрету

Санды 25-ке көбейту үшін сол санды 4-ке бөліп, содан кейін 100-ге көбейту керек ( яғни оң жағынан екі нөлді қосып жазу керек):
48* 25=(48:4) *100 =1200.
Егер сан 4-ке бөлінсе, қалдықта 1 немесе 2, не болмаса 3 шығуымүмкін. Егер 1 қалдық қалса, екі нөлдің орнына 25 қойылады, егер 2 қалдық қалса – 50. Егер 3 қалдық қалса – 75 қойылады.
Мысалдар: 37*25=925 олай болса 37 :4 =9 ( 1 қалдық); 975
38* 25 = 950 олай болса, 38:4 = 9 (2 қалдық); 950
39* 25 = 975 олай болса, 39:4 = 9 (2 қалдық);975
Топқа тапсырма
І топ ІІ топ ІІІ топ
24 *25 = 600 76 *25 = 28*25=
32*25 =800 64*25=1600 72*25=
44*25 =1100 52 *25= 1300 т.с.с. 68*25=
Жиынмен жұмыс түрлері

Дәптерде:
№2 тапсырма ІІІ топ
№6 тапсырма ІІ топ
№7 тапсырма І топ
Бекіту
Оқушылардың жинаған ұпай сандарын санау, жеңімпазды анықтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.