.
.
Қазақ тілі. «К дыбысы мен әрпі». А.Кәрібаева. Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. К дыбысы мен әрпі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1392 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: К дыбысы мен әрпі.
Дыбыстық буындық талдау жасау. К дыбысын сөз ішінен бөліп алып жеке дыбыстату. Дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. К әрпінің баспа және жазба бас және кіші әріптерін таныту. Мәтінмен жұмыс жасау.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың мәтінді түсініп оқуы, түсінігін айтып беру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: еңбексүйгіштікке сөздік қорларын молайту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көркемділік: кеспе әріптер суреттер буклеттер буынды сөздер.
Көркем сөз: мақал
Сабақтың түрі; аралас сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа қатысуы.
2. Оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Е дыбысы мен әрпі
1. Е дыбысы қандай дыбыс
2. Емен сөзінде неше буын бар?
3. Неше? сұрағына жауабы.
- бес белбеу
- алты ер
Нешеу? сұрағының жауабы
- белбеу – бесеу
- ер –алтау.
Кітаппен жұмыс. Схема бойынша оқыту «Емен» мәтінін оқыту. Тізбектеп оқыту. Түсінік сұрау.
ІІІ. Үй тапсырмасын қортындылау барысында. Қай әріп жоғалды? Ойынын ойнату, сергіту сәті.
IV. Жаңа сабақ: Ой қозғау.
Кіріспе әңгіме: Сурет бойынша
Көбелек сөзіне ассосациялық аймақ құру
к
қызыл
гүлге Көбелек
әдемі
ұшады
кө-бе-лек сөзіне буындық талдау жасау
а) Сурет бойынша сөйлем құрастыру
1) Кеме – суда жүзеді.
2) Кеме – ағаштан жасалады
Кеме сөзіне дыбыстық буындық талдау жасау. Кеме, кесе, күрек суреттері арқылы өздеріне таныс емес к дыбысымен таныстыру. К әрпінің белгіеуі, баспа жазба түрімен таныстыру дауыссыз дыбыс екендігін аңғарту.
К дыбысын хормен айтқызу
Ауада жазу
Кеспе әріптерін көрсетіп, қалтаға салу
б) «Дыбысты ұстау» ойынын ойнату.
Кеме, кесе, күрек, көйлек.....
в) тағы қандай к дыбыснан басталатын сөздерді білесіңдер.
V. «Киіз үй құрастыру» ойынын ойнату
VI. Дидактикалық ойын «Сөз ойла» жаппай оқушылармен жұмыс Кеме сөзін 2 қатар кеспе әріптермен жазу, оқушыға оқыту.
VII. Оқулықпен жұмыс
Бағанадағы сөздерді оқыту, түсіндіру «Кеме» мәтінін оқыту мағынасына тоқталу.
1. Тізбектеп оқыту, хормен оқыту, жеке оқушыға оқыту.
Ке-бе-же, ке-се, ше-лек сөздерінен к дыбысының орны, қанша буыннан тұратынын, нешінші буында.
Дәптермен жұмыс
К әрпінің жазылу әдісімен таныстыру. Тақтамен жұмыс. Жеке баламен жұмыс. Жұмбақ шешу
Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
Қортындылау, бағалау
Үйден! К дыбысы мен әрпін оқып, сөздерді ойлап келу.
2. Мәтінді түсініп оқып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.