.
.
Ақтөбе облысы Алға қаласы № 2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Максимова Сафия Мунировнаның Көңілді тапқырлар
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1374 | Размер: | Автор: Нартай4540«Көңілді тапқырлар»
атты сайыс-сабағы
Сабақ тақырыбы: Көңілді тапқырлар
Сабақ мақсаты: Оқушылардың білімдерін байқау;
Ақыл – ойын, логикалық ойлауын және білімге қызығушылығын арттыру;
Адамгершіілікке, топтасып, бірін- бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі:
Гүлдер, шарлар, сұрақтар, пазлдар, сөзжұмбақтар, ашық хаттар, т.б.
Сабақ барысы: Мұғаліім сөзі: -Саламатсыздар ма, құрметті ата-аналар, қыздар, апайлар!
Сіздерді 8-Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген. Сол дәстүр қазір де жалғасуда.
-Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін балаңның
Аман-сау бол, ақ мамам,-деген әдемі әндер балалардың аузынан түспей мәңгі айтыла берсін. Әлемде өзгермейтін 3-ақ зат бар: ОЛ- ананың ақ сүті, күнніің нұры, сәбидің күлкісі.
-Олай болса, құрметті қонақтар, сыныбымызда көңілді, біліімді балалар бар. Солардың білімдерін, ұйымшылдықтарын байқау мақсатында сайыс-сабағымды бастаймыз.
Әділқазыларды сайлап аламыз. Сыныпты 3 топқа бөлу. Ол үшін әр оқушы өзі қалаған түстің гүл күлтесін алады да өз столына барады. Ол столдарда сары түспен «Алғырлар» тобы, қызыл түспен «Білгіштер» тобы, қызғылт түспен «Тапқырлар» тобы деп жазылған.
Енді сайыстың шарттарымен таныстырамын:
1.Гүл күлтелерін тез әрі сапалы желімдеп гүл жасап, әділ қазыларға бағалауға апару.
2.Көктемде қандай өзгерістер болады? (қағазда әр топқа Венн диаграммасымен толтыратын тапсырма беріледі. Тез орындау керек)
3. Зымыран сұрақтар. Тез әрі дұрыс жауап беру
4.Сөзжұмбақ шешу. Сұрақтары:1.Түн ұйқысын төрт бөлетін адам:
2.8 Наурыз қашан болады? 3. Анамның төркіні маған ......
5. Сөзтума: Бір сөзден сөздер жазу (қызғалдақ- қыз,қаз,ақ,дақ, қал,қала т.б.)
6.Пазлдар құрастыру. Топтарға суреттерді 6 бөлікке бөліп беремін. Соларды өз орнына қою.
7. Тақпақтар жарысы. Ашық хаттар тапсыру.
Соңында әділқазыларға сөз беріледі. Марапаттау. Құттықтау сөздер, ән-би айтылып, ойналады.
Алға қаласы В.И.Пацаев атындағы № 2 орта мектеп
Көңілді тапқырлар
сайыс –сабақ
Өткізген 1 «Ә» сынып мұғалімі
Максимова Сафия Мунировна
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.