.
.
Сабақтың тақырыбы: Көңілді қыс (Шәміл Мұхамеджанов) Көңілді қыс (Шәміл Мұхамеджанов)
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2443 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: 1. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу арқылы жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың ұғымдарын кеңейтіп, қыс сәнін, қыс белгілерн, ерекшеліктерін анықтап, түсіндіру
2. Шапшаң әрі саналы оқу дағдыларын қалыптастыру.
3. Берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: (барлық көрнекіліктер мен берілген тапсырмалар слайд түрінде) Ы. Алтынсарин, Ш. Мұхамеджанов, қыс туралы бірнеше суреттер, сөзжұмбақ, аққала бейнесі.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, түгендеу
- Сабақ дайындығын тексеру
- Назарларын сабаққа аудару
II Үй тапсырмасын сұрау, тексеру
Ы. Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесін оқып, түсінік айту және рөлге бөліп оқу. Жазудан 30-жаттығуды орындап келуге берілген.
1. Ы. Алтынсарин кім ?
2. Түсінік айтқызу және рөлге бөліп айтқызу
3. Атаның сөзін қорытындылау
4. Үйге берілген тапсырманы балаларға оқыту және дауысты дыбыстарды айтқызу
5. Осы дауысты және дауыссыз дыбыстарды толық меңгеріп кеткендеріңе көз жеткізу үшін мен сендерге сөзжұмбақ жасырғып келіп тұр. Қазір экранда нешетүрлі заттардың суреттері шығады. Сол суреттерді пайдалана отырып, олар неше дыбыс, неше әріп, неше буынға бөлінетінін және дауысты дауыссыз дыбыстарын табамыз.
к е с е
к ө з
ш а ң ғ ы
е р і н
л а қ
д о п
б і р
қ а у ы н
қ а с ы қ
с и ы р
Сөзжұмбақтан шыққан «Көңілді қыс» сөзін оқыту
III Жаңа сабақты меңгерту
«Көңілді қыс» Шәміл Мұхамеджанов. (автордың өмірбаянымен таныстыру) 1. Тақырыпты өзім мәнерлеп оқып беремін
2. Оқушыладың өздеріне оқыту
3. Не жайында айтылғанын сұрау
4. Үш партаға қыс туралы үш сурет беру. Олар сурет бойынша әңгіме құрап, оған ат қояды.
IV Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдан самал еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі
Сергіту сәтін енді білімімізбен жалғастырайық. Өткен сабақтарды қайталай отырып, аққала соғайық. Соққыларың келе ме ?
1. Тіл дегеніміз не, тіл бізге не үшін керек ? (аққаланың астыңғы бөлігі)
2. Дыбыс пен әріп деген не ? (аққаланың екінші бөлігі)
3. ...Аяз қысып,
өрнек сызып,
терезені торлайды... Бұл қай өлеңнен үзінді ? (аққаланың басы)
4. ...Кәрім олардың қасына келіп, біраз қарап тұрды. Байқаса, өзінен кіші ешкім жоқ сияқты... Қай мәтіннен үзінді ? ( басындағы шелегі)
5. Жуан дауысты дыбыстарды ата (а, о, ұ, ы) (көзі)
6. Жіңішке дауыстыларды ата (ә, е, і, ө, ү) (мұрны)
7. Жұмбақ: Қолы жоқ,- сурет салады,
Тісі жоқ,- тістеп алады. (аяз)
Көктен түсіп көбейді,
Ұқсайды өзі шекерге.
Бірақ ешкім жемейді,
Жерде жатыр бекерге.
Ол не ? (қар) (аузы)
8. Мақал-мәтел айтқызу (сыпырғысы)
9. Бүгінгі өткен жаңа сабағымыз: «Көңілді қыс» Ш. Мұхамеджанов
Дәптермен жұмыс
1. Бүгінгі күнді жаздыру
2. Көркем жазу Ғғ әрпін жазғызу
3. 32-жаттығуды жазғызу, оқыту. Жіңішке дауысты дыбыстарды айтқызу.
Қорытындылау
Бүгін біз қандай сабақ өттік ? Не жайлы ?
Үй тапсырмасы
Өлеңді мәнерлеп жатқа оқып келу.
Білімдерін бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.