.
.
Сабақтың тақырыбы: Көксерек М. Әуезов Көксерек М. Әуезов
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1694 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: М.Әуезовтың “Көксерек”әңгімесінің мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық: Әңгімені оқи отырып,өз ойын толық жеткізе білуге, шығармашылыққа баули отырып, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, адалдыққа, үлкенді тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың түрі:
жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,
сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Сүреттер, оқулық, слайдтар.
ІІ.Үйге тапсырма: Ермек Өтетілеуұлы «Балмұздақ»әңгімесін оқу түсінік айту.
Реферат жазу.Кітапша жасау.
ІІІ.Жана сабаққа дайындық: «Жасырын суретті табу». (Қасқырдың суреті)
Қасқырға мінездеме беру.
ІV. Жаңа сабақ:
Мұхтар Әуезов“Көксерек(Повестен үзінді)
Мұхтар Әуезов (1897-1961) -1897 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс болысында көшпелі қазақ отбасында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Оқулықпен жұмыс: «Көксерек»повестен үзінді. Тізбектей оқыту. Сұрақ жауап алу.
Дәптермен жұмыс:
Көксерекке сипаттама беру.
«Көксерек »фильмінен үзінді.көрсету.
Сергіту сәті.
V.Сабақты қорыту:Ұяшық таңдай отырып, сұрақтарға жауап беру.
1.Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың?
2.Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікір айтты?
3.Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады»дегенді қалай түсінесің?
4.М.Әуезов кім?Өткен тарауда оның қандай әңгімесімен танысып едің?
VІ.Сабақты бекіту:
«Бөлтірікті қанша асырасаңда,орманға қарап ұлиды».
VІІ.Бағалау:Оқушыларды бағалау.Мақтау,мадақтау.
VІІІ.Үйге тапсырма:М.Әуезовтың «Көксерек әңгімесін оқу,түсінік айту.»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.