Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Көктем»  Қабыкен Мұқышев -

«Көктем» Қабыкен Мұқышев

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3736 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі Байменова Гүлзира Сағынбайқызы.

Күні: 18.02.2005ж
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: «Көктем» Қабыкен Мұқышев
Мақсаты: 1)Білімділігі: Қ.Мұқышев өмірі мен шығармаларына шолу жасай отырып, өлеңнің негізгі идеясы мен мазмұнын ұғындыру. Көктем мезгілінің көрікті келбеті туралы ұғым беру.
2) Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, ой - өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу, дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жер табиғатын аялай, қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Көктем суреті
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап
Түрі: дәстүрлі сабақ
Типі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ә) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын сұрау
«Көктем сәні» ертегісінің мазмұнын сұрау
«Кубизм» әдісі бойынша өткен сабақты бекіту
- Қасым Аманжолов кім?
- Қасым Аманжоловтың қандай шығармаларын білесіңдер?
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
III. Жаңа сабақ түсіндіру
Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

1. Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)

2. Сарғыш түсті дөңгелек
Ортасында дәні бар
Көрсең егер оны жеп,
Балдай тәтті дәмі бар. (Өрік)

3. Екі бала қатар тұрса да,
Бірін – бірі көрмейді. (Көз)

4. Өзі айлакер, өзі қу.
Жүрген жері айқай шу. (Түлкі)

5. Басында таяға бар,
Төрт аяғы бар,
Иегінде сақалы бар. (Ешкі)

6. От басына құмған,
Екі көзін жұмған. (Мысық)
- Көктем
- Көктем сөзіне топтастыру жүргізу.

Күн ұзарады түн қысқарады

Бүгін біз Қабыкен Мұқышевтің «Көктем» өлеңін оқып, танысамыз.
Қабыкен Мұқышев 1920 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданында туған. Ұзтаздық қызмет атқарған. Шығармалары: «Алтын алқа», «Жақанның арманы», «Орман » кітаптары бар.

IY. Оқулықпен жұмыс
1. Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау
2. Оқушыларға тізбектей оқыту.

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз
Біз ортаға шығамыз
Күн боламыз ашыламыз
Гүл боламыз жайқаламыз,
Құс боламыз, ұшамыз.
Ұшып, ұшып аламыз,
Орнымызға қонамыз.

I қатарға.
«Бес жолды» өлең.
1. Көктем
2. шуақты, жаңбырлы
3. ериді, жылынады, жауады
4. Көктемде ағаштар бүршік жарады
5. Мезгіл
II қатар.

«Көктем» тақырыбына мәтін құрастыру.

III қатар. «Көктем» мезгіліне сурет салу
Y. Сабақты бекіту
1. Бүгін сабақта не үйрендік?
2. Қ. Мұқышев кім?
3. Көктем өлеңінде не туралы айтылған?
4. көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

YI. Үйге: Өлеңді мәнерлеп оқу. Қалаған шумағыңды жаттап ал

YII. Оқушыларды бағалау

А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектеп



Тақырыбы: Қ. Мұқышев «Көктем»
Сыныбы: 3 «Б»
Орындаған: Байменова Г

2014 – 2015 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.