.
.
Өткізген: №30 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі:Махметова Карлыға Адайбекқызы Көктем сәні
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1948 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні
Негізгі дереккөздер Ертегі
Ана тілі 3 сынып 226-227 бет
Интернет материалдары.
Жалпы мақсаттар
Ертегі мазмұны арқылы көктемгі табиғаттың жылылық ерекшелігін аңғарту. Қазақ халық ауыз әдебиеті жанрларымен таныстыруды одан әрі жалғастыру;
Ой-өрістерін, тіл байлығын, шығармашылық ойлау қабілеттрін, әдеби дүниетанымын дамыту.
Табиғатты қорғауға, әсемдікті түсіне білуге тәрбиелеу.
і жалғастыру;
Міндеттер 1. Оқушылардың ертегіні оқып,талдауға деген қызығушылығын арттыру.
2. Мәтінге талдау жасағанда сыни тұрғыдан ойлануына ықпал ету.
3. Топ мүшелері пікірлерін ашық айта білуге ,білімдерін бағалауға үйрету.
Негізгі идея Өзгерістерді енгізуде барлық оқушыларда байқалатын өзгерісті бақылау.
Оқытудағы нәтиже Оқыту үрдісіне енгізілген әдіс тәсілдер арқылы білім сапасының артуына қол жеткіземін.
Берілетін ақпарат аясында оқушылар сыни ойлай отырып,қажетті білім –білік
дағдысын игереді.
Бірін бірі бағалай білуге,пікірін ашық,жүйелеп жеткізе білуге үйренеді.
Күтілетін нәтиже Оқушы қызығушылығы артады. Әдеби жанрларды ажырата біледі. Ой-өрісі, қабілеті дамиды. Эстетикалық талғам қалыптасады
Тапсырмалар «Бірлесіп жұмыс істеу» стратегиясы
«Сауаттылықты ашатын хаттар стратегиясы»
«Т-кестесі»стратегиясы
«Соңғы сөзді маған қалдырыңыз»
Уақыты Жүргізілетін жұмыстар
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
1. Оқушылармен амандасады
2. Сабаққа қатысын тексереді
3. Сабаққа зейінін аударады Мұғаліммен амандасады.
Берілген фишкалар бойынша топқа бөлініп отырады.
Қызығушылықты ояту
«Бірлесіп жұмыс істеу»
Дайындаған ертегілер желісі бойынша орындалатын жұмыстармен таныстырады. Үй тапсырмасы бойынша берілген өлеңдерін жатқа айтады. Жазған мәтіндері ,деректері бойынша пікір бөліседі.
Мағынаны тану
«Сауаттылықты ашатын хаттар»стратегиясы
«Ертегі» кейіпкерлерінің іс әрекетін сипаттайтын үзінділер таратады.
«Т кестесі» стр
№1 тапсырма
1-топ. Ертегі түрін анықтау, дәлелдеу
2-топ. Мәтіннен Қызыл Кітапқа енген жануарлардың сөзін тауып оқу
3-топ. Мәтіннен аңдардың сөзін тауып оқу
Мәтінен қалаған кейіпкерлері рөліне еніп, оқырмандарына хат жазады.
Мәтін кейіпкерлеріне хат жазады.
Келісу себептері:
Келіспеу себептері:
Өз пікірім:
Сергіту сәті
«Ертегілер »әнін тыңдату.
Бекіту тапсырмалары
«Соңғы сөзді маған қалдырыңыз»
• Қандай шығармамен таныстық?
• Қандай жанрдағы шығарма?
• Кейіпкері кім?
• Ертегі саған ұнады ма? Несімен ұнады?
• Өзіңе жыл мезгілдері ішінен қайсысы ұнайды? Несімен ?
Еркін жауап.Болжаңыз
• Аңдарды сипатта?
• Ертегі неліктен «Көктем сәні» деп аталған?
• Сіз ертегіні қалай аяқтар едіңіз?
Оқушылар мәтінмен танысады.
Түйінді ой табылады,оған пікір жазылады.
Топта талқылайды.
Әр топ өздері таңдаған сұрақтары бойынша топта талқылап, қорғайды,
Нақты мысалдармен дәлелдейді.
Рефлексия
Бүгінгі сабақта ең маңыздысы не болды?
Қандай тапсырмалар ойыңа ой қосты деп ойлайсың ?
Бағалау
Оқушылар түрлі түсті стикерлермен бағаланады
Үйге тапсырма
Мәтінді түсініп оқу.
“Көктем” тақырыбына әңгіме жазу.
Мәтін бойынша қалаған аңының суретін салу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.