.
.
Сабақтың тақырыбы: Көктем әуендері. Көктем әуендері.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3181 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты:
А) Оқушыға көктем әуендерін толық үйретіп, оның мазмұны жайлы білімін тереңдету.
Ә) Ән айту дағдыларын қалыптастыру. Оқушының эстетикалық талғамын, өнерге деген ынтасын арттыру.
Б) Әндер үйрету арқылы Отансүйгіштігін, ұлттық санасын дамыту, ата – анасын, туған елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу. Табиғатты аялауға үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі – иллюстративтік, сұрақ – жауап, ән айту.
Сабақтың көрнекілігі: Ана суреті, Сазгерлердің суреті, Көктем суреті, домбыра, үнтаспа. Аспаптардың суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушыларды түгелдеу.
Ә) Психоллогиялық дайындық.
- Балалар, қазір қандай сабақ?
- Қазір, музыка сабағы.
- Қане, онда музыка сабағында айтатын әнімізді орындайық.
Әдемі құс бозторғай,
Әнші нағыз жезтаңдай.
Көк төсіне шығып ап,
Шырылдайды тез қонбай.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
-Балалар! Үйге қандай тапсырма берілді?
«Айналайын ақ мамам» әнін жаттап келу. «Менің анам» тақырыбына өлең, мазмұндама жазып келу.
Балалар! «Айналайын ақ мамам» әнінің авторы кім екен?
-Ибрагим Нүсіпбаев. – Ол кім? Ол балалар композиторы. – Ол қай жылдар аралығында өмір сүрген? 1982 – 1987 жылдар аралығында өмір сүрген. Оның қандай әндері бар? Оның «Мен әдепті баламын», «Әліппе», «Шырша» әні, «Достық», «Айналайын ақ мамам», «Кең дала» деген әуендері бар.
Ана туралы қандай мақал – мәтелдерді білеміз?
1. Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
2. Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
3. Ананың құшағы жылы,
Күннің құшағы жылы.
4. Анаға құрмет,
Атаға қызмет.
Мінекей, балалар, үй тапсырмасын қорытындылап алдық. Енді сергіту мақсатында үнтаспадан Бауыржан Өскенбаевтың «Ана» туралы әнінің бір шумағын тыңдаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақ: «Көктем әуендері»
Тақтаға ілінген суреттің бетіндегі қима қағаздағы сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашу.
1. Музыка неден тұрады? (Ән, әуен, ырғақтан тұрады)
2. Ән деген не? (Әуені, сазы бар музыкалық шығарма)
3. Өлең деген не? (Ұйқасы бар көркем сөз)
4. Тембр деген не? (Музыкалық дыбыстың бояуы)
5. Стаккато деген не? (Музыкадағы қысқа дыбыстарды айтады)
6. Легато деген не? (Музыкада созып айтатын дыбыстарды айтады)
7. Күн күледі, жер түлейді? (Көктем)
8. Көшіп жүріп желменен, Сеуіп шықты тамшысын, Қыраттарға шөлдеген (Бұлт)
9. Шашылды көктен ақ моншақ,
Жоғалды біздер тапқанша – ақ (Бұршақ)
10. Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді
Сол кезде шөп қаулап,
Бәйшешек өнеді (Жаңбыр)
Мына сұрақтарға жауап беру арқылы, бүгінгі жаңа сабағымызға байланысты суретті ашып алдық.
- Балалар, бұл қай мезгіл екен? Көктем мезгілі.
- Оның ай аттарын ата? Наурыз, сәуір, мамыр.
- Суреттен қандай құбылысты байқадыңдар? Көктем келіп, күн жылынды. Жаңбыр жауып тұр.
- Жарайсыңдар балалар!
Жыл мезгілдерінің ең әсем кезеңінің бірі – көктем. Көктем мезгілінде бар табиғат тіріліп, жасарады. Күн жылынып, жиі – жиі жаңбыр жауады. Күн ұзарады. Жерге көк шалғын шығып, күн жылынады. Гүлдер өседі. Жеміс ағаштары гүлдейді. Жыл құстары ұшып келе бастайды. Көктем туралы қаншама композиторлар әдемі әндер, күйлер шығарған. Музыка табиғат құбылысын айнытпай бере алады. Мысалы, желдің гуілі, жаңбырдың тырсылын, боранның ұлығанын, құстың дауысын бере алады.
Олай болса, бүгінгі үйренетін әніміздің аты суреттен көріп тұрғанымыздай «Жау – жау жаңбыр». Бұл әннің сөзін Ш.Сариев, әнін К.Дүйсекеев жазған. К.Дүйсекеев – ҚР еңбек сіңірген қайраткер, Құрмет Орденінің иегері. 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген. Оның Отаншылдыққа тәрбиелейтін «Сәлем саған туған ел!», «Домбыра туралы баллады», «Ойлан балам», «Асыл ана» атты тамаша әндері бар.
IV. Әнді әуенімен таныстыру. Әнді топпен, хормен орындау.
«Жау – жау жаңбыр»
Сөзі: Ш.Сариев Әні: К.Дүйсекеев
Алатаудың бауырына,
Атам, әжем ауылына
Ақша бұлттар ауа берші,
Жау – жау жаңбыр, жауа берші.
Қайырмасы:
Бақыт болып жаушы жаңбыр,
Менің әсем қалама.
Бақыт болып жаушы жаңбыр,
Менің байтақ далама.
Менің әсем қалама,
Менің байтақ далама
Алматыдай ақ қалама,
Жасыл желек, жас қалама,
Ақша бұлттар ауа берші,
Жау – жау жаңбыр, жауа берші.
Қайырмасы:
Жарайсыңдар балалар! Әнді де толығымен әуенімен үйреніп алдыңдар.
V. «Ой ширату» мақсатында «Жалғастыр» ойынын ойнату. Топқа бөліп, бір – біріне әннің бір қатарын айтады, екінші топ әнді жалғастырып бір шумағын айтып береді.
VI. Сабақты қорыту.
Тірек сызбамен жұмыс. «Көктем»
Көктем мезгілінің ерекшеліктерін жазу.
Жыл құстары ұшып келеді
Күн жылынады Ағаштар бүршік атады
Күн ұзарады Жаңбыр жауады
Жерге көк шығып, гүлдейді
Домбырада «Құстар қайтып келеді» әнін орындау.
VII. Оқушыларды бағалау.
VIII. Үйге тапсырма:
1. Жыл мезгілдері туралы біліп келу.
2. «Жау – жау жаңбыр» әнін жаттап келу.
3. Әнге байланысты сурет салып келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.