.
.
Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметова. « Астана» Күләш Ахметова. « Астана»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2217 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың білімділігі: оқушыларға ақын Күләш Ахметова ның өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясы туған жерді сүю, қадірлеу екендігін ұғындыра отырып, оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу, білім алуға талаптандыру .
Сабақтың дамытушылығы: Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту. Сабақтың тәрбиелілігі: Болашағымыздың жалғастырушы ұрпақтардың бойында Отансүйгіштік сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін таныта және оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс:дүниетану,математика.
Көрнекілігі: Автордың суреті слайдтар,сюжетті суреттер, ребустар,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі:
ә) оқушы қызығушылығын ояту
Мұғалім
Әрбір адам?
Әрбір сабақ?
Әрбір ісің?
Әрбір сөзің? Балалар(хормен)
Туысым, досым, жұрағат.
Үйрену, ұғу, ұлағат.
Тірлік, тірек, адамдық.
Шындық, бірлік, адалдық.
— Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
— Оқушылар, Олай болса, мен қазір сұрақтар арқылы сендердің осы тақырыпты қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейін
б)Сұрақ — жауап
- мәтін неше бөлімнен тұрады?
-Мәтіннен көкейіңе не түйдің?
-Өз тұрған жерің саған несімен ұнайды?
-сонымен, бізге таныс үш кейіпкер жақсы мекен,жайлы қоныс тапты ма?
1.тапсырма 1слайд
3. Жаңа сабақ.Ребустарды шеш.
2 .тапсырма 2 слайд
3 .Ребустардың шешуіндегі екі қала туралы не білесің?
4.тапсырма 3 слайд
-Күләш Ахметованың өміріне тоқталу.
5.Осы екі қаланың аттары қатар аталатын белгілі ақын Күләш Ахметованы «Астана»өлеңін оқу.
6.тапсырма 4 слайд «Сергіту сәті»
4.Кітаппен жұмыс.Оқушыларға оқыту.
Өлеңдегі ақын ойын сызбаға сүйеніп түсіндір.
5.Ой-толғаныс.
«Күн шұғыласы » ойыны.Астана деген сөзді айтқанда көз алдыңа нені елестетесіңдер?
6.Бекіту
Сұрақтарға ауызша жауап беру.
-Өлеңнен осы сөздердің әрқайсына қатысты жолдарды тауып, тұтастай оқы. Мысалы: Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.
-Алматы мен Астана аттары неге қатар аталады деп ойлайсың?
-82- беттегі суретке зер салып қара.Сурет сенде қандай сезім туғызады?
7. тапсырма 5 слайд
7.Қорытындылау.
-Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі-Астанамыз асқақтай берсін! Бұл сабақта шығармашылықпен жұмыс істедіңдер. Бұл жұмыстарды келесі сабақта жалғастырамыз. Сабаққа белсене қатысқан барлық оқушыларға рахмет!
8.Үйге тапсырма. «Астана »өлеңін мәнерлеп оқу.
9.Оқушыларды бағалау.
№25 орта мектеп
2 «А» сынып жетекшісі:
Атамбаева Назгүл Социалқызы
ММ «№25 жалпы білім беретін орта мектеп»
Ана тілі сабағынан ашық сабақ.
«Астана»
Өткізген: Атамбаева Н.С
abildina-dinara-Kyzgaldak-arular.doc
2010 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.