.
.
Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметова «Астана» Күләш Ахметова «Астана»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2722 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру. Өлеңді негізгі ойды білуге дағдыландыру. Астана, Алматы туралы жалпы мағлұмат беру, түсіндіру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу, өз елін, туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Көрнекілігі: Бәйтерек, Астана, Алматы туралы мағлұматтар.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап, ассоциация, ой-толғаныс, мадақтау.
Пәнаралық байланыс: Сурет, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Өзін-өзі тану бағдарламасы бойынша амандасу. Бір-біріне сәтттілік тілеу.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Бір болып кеште қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз.
Түгелдеу, назарларын сабаққа аударуү
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
1. Сәкен Жүнісов «Кімнің мекені жақсы?».
2. «Туған жер» тақырыбында эссе жазу.
Бөлімдер бойынша оқытып, сұрау.
1. «Көкқұтанның мекені»
2. «Бозторғай мен жауынқұрттың мекені»
3. «Өз үйім-өлең төсегім».
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Сұрақтар қою арқылы қорытындылау.
1. «Кімнің мекені жақсы?» авторы кім, кейіпкерлерін ата?
2. Мәтін неше бөлімнен тұрады? Мәтіннен не түсіндің?
3. Тышқанның жауы? Көкқұтанға қойған сұрағы?
4. Құрбақанның мекені қандай? Туған жер туралы мақал-мәтел.
ІІІ. Жаңа сабақ.
• Ребус шешу. (Астана, Алматы)
• Ребус шешуіндегі екі қала туралы өз білгендеріне ассоциация құрғызу, оқыту, талдау.
• Алматыға саяхатқа шығу. (Алматы туралы ойларымен салыстыра отырып, толық мағлұмат беру).
• Астанаға саяхатқа шығу. (Астана туралы толық мағлұмат беру).
• Осы Астана жайлы бізге К. Ахметова апамыз әдемі өлең ұсынған екен, ендеше бүгін К.Ахметованың «Астана» өлеңімен таныс боламыз.
• Авторға шолу жасау.
Күләш Ахметова- 1946 жылы 25 сәуірде Қырғыз Республикасы, Талас ауданы, Киров ауылында дүниеге келген.Ақын, жазушы. Өлеідері бірнеше тілге аударылған. Бірнеше жыр жинақтарының авторы.
• Астана өлеңін түсініп оқыту.
• Өзім оқып оушылармен, бірге талдау жұмыстарын жасау.
• Өлеңдегі ақын ойын сызба арқылы түсіндіру.
А) Сарыарқа ә) Алатау б) Алматы
↓ ↓ ↓
Есіл Алматы Астана
↓
Астана
↓
Бәйтерек
А) Бұл жерде ақын ауызбіршілікке, бейбітшілікке, егеменді ел болуға Отаныңды, еліңді қорғауға шақырып тұр.
ә) Ақын, Алматы бас қала болған кезде де біз біраз жетістіктерге жеткенбіз. Ең бастысы тәуелсіздікке қол жеткізгеніміз жайлы айтып тұр.
Б) Ақын өлеңдегі Алматы мен Астана сөздерін адамның көз жанарына теңеген, себебі Алматы мен Астана да Қазақстан Республикасының құтты мекені десек артық айтқандық болмас. Алматы бұрынғы тарихы бар астана болса, Астана қазіргі жаңа бас қала. Екі қала бір-бірімен тығыз байланыс та. Алматыда «Тәуелсіздік монументі» болса, Астанада 97 метр биіктікте орналасқан «Бәйтерек монументі» бар. Бәйтеректің жұмыртқасының үстінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алақаны бар.
Ой-толғаныс. Астана- бас қала. Эссе жазу. Оқып талдау жасау. Бәйтереккке шығу арқылы, сұрақтармен қорытындылау.
1. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
2. Бәйтеректің ұзындығы неше метр?
3. «Алтын адам» қай қаладан табылған?
4. Алматы сөзі қандай мағына береді?
5. Астананың бұрынғы атауы?
Бағалау: Геометриялық фигуралар тарату арқылы.
* - 5, - 4, ∆ - 3
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Бәйтеректің суретін салу. Сурет сала отырып, өлең шығарып келу..
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.