Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. №35 М.Мәметова атындағы жалпы орта мектеп.

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Күлпаш». «Кедей».

Өткізген: Дүйсенбекова Ақмарал Жұманазарқызы
бастауыш мұғалім

2014ж.

Сабақтың тақырыбы: «Күлпаш». «Кедей»
Сабақтың мақсаты: 1) Әңгімені мәнерлеп, сауатты оқуға машықтандыру;
2) Әңгіменің, өлеңнің мазмұнын жүйелі баяндау дағдысын жетілдіру;
3) Адамгершілік, мейірбандық сезімін қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Қойылым, ойын, сынау, талдау, шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі: Б. Майлин, С. Торайғыровтың суреттері, плакатқа жазылған сөздік, өлең жолдары жазылған плакат
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау. «Бәйге» ойынын ойнау арқылы тексеріледі. Онда оқушылардың өздері ұпай таңдайды.

20


50-Тоқаш Бокин не үшін күресті?
20-Түрмеде оған қандай айып тағылды?

30-Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсың?
40-Тоқашқа жолығуға кімді алып келді?

10-Ол анасымен не жайында сөйлесті, анасына не айтты?
3.Жаңа сабаққа байланыс арқылы көшу. Б. Майлин, С. Торайғыров туралы әңгімелесу, суреттерін пайдалану.
4. Оқулықпен жұмыс. «Күлпаш» әңгімесінің мәтінімен түсініп оқу арқылы танысу.
5. Сөздік жұмысын жүргізу.
Өрім-өрім-тозған, жыртылған.
Бөкебай-басқа жамылатын шәлі.
Ызғырық-суық жел.
Өлмелі кедей-өте кедей
6. С. Торайғыровтың «Кедей» өлеңін оқу.
7. Ойын: «Сиқырлы құрақ». Құрақтың сұрақтарына жауап бере отырып, екі шығарманы деңгейлік тапсырма арқылы талдау.
8. Өлең мен әңгімені салыстыру.
-Ұйқастығы, айырмашылығы неде?
9. Шығармашылық жұмыс, ұйқас табу.
Таза киім киемін
Білім алам алаңсыз.
10. Сабақты бекіту. Сынау тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың алған білімдерін байқау.
1. Біз немен таныстық?
А) әңгімемен;
Ә) өлеңмен
Б) ертегімен
В) мысалмен


2.«Күлпаш» әңгімесінің авторы кім?
А) Зейін Шашкин
Ә) Бейімбет Майлин
Б) Қабдеш Жұмаділов

3. «Кедей» өлеңінің авторы кім?
А)Н. Байғанин
Б) М. Жұмабаев
В) С. Торайғыров

4. Осы шығармада не туралы айтылған?
А)байлық
Ә) кедейлік
Б) достық

5. Әңгіме мен өлеңдегі ұқсастықтар қайсы?
А) ауыр тұрмыс
Ә) қой күзету
Б) табиғаттың күйі

11. «Күлпаш» әңгімесінен көрініс көрсету.
Үйге тапсырма: «Күлпаш» әңгімесін мазмұндау, «Кедей» өлеңін жаттау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.