.
.
Жанылган Шонгуловна Сармагамбетова Күн тәртібі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4467 | Размер: | Автор: Нартай4540Родниковка орта мектебінің ұзартылған күн тобының тәрбиешісі
Мәртөк ауданы
Күн тәртібі
Мақсаты: Оқушыларға күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, өз уақыттарын дұрыс пайдалануға үйрету. Гигиеналық ережелер мен мінез-құлық мәдениетінен білім беру.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер.
«Дем алғың келсе, уақытыңды рәсуә етпе»
В.Франклин
«Режим мен еңбек – денсаулық кепілі»
И.П.Павлов
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақ
Күн тәртібі – іс-әрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың, міндеттерің мен мақсатыңа жетудің бірден бір кепілі. Дегенмен, біз күнделікті өмірде осы айтылған ережені сақтаймыз ба, бүгін сол туралы әңгімелесеміз.
- Балалар, бізге Кірқоймастан хат келіпті. Не жазғананын білгілерің келе ме әлде үзіліс кезінде оқимыз ба?
- Қазір оқығымыз келеді.
- «Мен достарыммен бірге «Тазалықтың достары» қоғамын құрдық. Сабын, тіс пастасы мен шеткасы, тарағы бар және күнделікті тазалықты сақтайтын балалар сол қоғамға мүше бола алады. Егер сендер сынақтан өте алсаңдар, онда мен сендерді өз қоғамыма қабылдаймын» - деп жазыпты.
Балалар.Мектепке барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен.
«Қайрлы таң!»-деймін мен.
Күндіз де елді елеймін.
«Қайрлы күн!»-тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білмеймін.
«Кеш жарық!»- деп кіремін.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
(Сыныпқа оқушы кіреді)
- Сәлеметсіздер ме, өтіп бара жатып Кірқоймастың қоғамы туралы естіп қалдым, менің де қоғамға мүше болғым келеді.
Мұғалім: - Балалар, оған мүмкіндік береміз бе? (Иә, өзін сынап көрсін). – Жарайды сыныпқа кір. Сонымен сұрақты оқимын, дайынсыңдар ма?
- Сендер таңертең ұйқыдан тұрдыңдар, ары қарай не істейсіңдер?
Балалар. Төсек орнымызды жинап, киініп, таңертеңгі асымызды ішеміз.
Оқушы. Жуынып, жаттығу жасау керек.
Мұғалім. Алдымен не істеу керек?
Балалар. Жуыну керек.
Оқушы. Жоқ, жаттығу жасап, киініп, мектепке жүгіру керек.
Балалар. Міндетті түрде жуыну керек, киініп алып жуынуға болмайды, киімімізді сулап алуымыз мүмкін.
Мұғалім. Балалар, сендердің араларыңда кейде жуынуды ұмытып кететіндерің бар ма?
- Жоқ.
- Ал жуынғанда тек бет әлпеттеріңді ғана жуасыңдар ма?
- Жуынғанда тері таза болу үшін беті-қолды, құлақ пен мойынды жуу керек.
- Дұрыс айтасыңдар. Біздің қонағымызға қалайжуыну керк екендігін таға бір рет қайталап беріңдер.
Оқушы. Тісті не үшін тазалаймыз?
- Тамақтанғаннан соң тісте тамақтың қалдықтары қалады, міне солар тісті бүлдіреді, дұрыс күтім болмаса тіс жылдам зақымданады. Әр тамақтанған сайын тісті шайып, таңертең және кешке тісті тіс пастасымен сазалау керек.
Мұғалім. Мұны есте мықтап сақтаңдар. Егер осы талапты орындасаңдар Кірқоймасың қоғамына мүше бола аласыңдар. Жуынып болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Жатығу жасаймыз.
Мұғалім. Барлықтарың жаттығу жасайсыңдар ма? – Иә. Қандай жаттығу жасайсыңдар, жаймен орындарыңнан тұрып көрсетіңдер.
4. Физкультүзіліс.
Мұғалім. – Жарайсыңдар, балалар. Шамалы дем алдық, енді тақырыпты талдауды жалғастырайық. Жаттығу жасап болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Төсек-орынды жинап, киініп, таңертеңгі асты ішеміз.
Оқушы. Тамақтанамын анам төсекті жинайды.
Балалар. Жоқ, біз алдымен киінеміз, содан соң төсек жинаймыз.
Мұғалім. Төсек-орынды жинауды бәріміз білеміз бе? Міндетті түрде үйреніңдер.
Оқушы. Қоғамға мүше болу үшін оны да білу керек пе?
Мұғалім. Әрине, біздің қонағымызға ары қарай не істеу керек екендігін түсіндіріңдер.
Балалар. Енді тамақтанамыз.
Мұғалім. Балалар, қалай ойлайсыңдар, өз білетіңдеріңді қонағымызға үйрете аламыз ба? – Білмейміз, мүмкін үйрете алармыз.
Оқушы. Мен бәрін білемін.
Мұғалім. Тоқтаңдар, сонымен не қалды?
Балалар. Түскі ас пен кешкі ас.
- Балалар, әңгімемізді ары қарай жалғастыру үшін таңертеңгі міндеттерді қайтадан қайталаңдар.
Оқушы. Мектептен кейін не істейміз, қыдырамыз ба?
Балалар. Жоқ, алдымен түскі асты ішу керек, содан соң қыдырсаң болады.
Оқушы. Яғни, сабаққа дайындалудың керегі жоқ қой.
Балалар. Серуендеп келген соң, сабаққа дайындаласың.
Оқушы. Қайтадан қайталап беріңдерші.
Мұғалім. –Дұрыс айтасыңдар, сендердің барлығың «Тазалық қоғамына» мүше бола аласыңдар. Ал сабаққа дайындалып болған соң не істейсіңдер?
Балалар. Кешкі асты ішеміз. Одн кейін бос уақытта әркім өзінің қалаған ісімен айналысады.
Оқушы. Содан соң ұйықтаймыз.
Балалар. Иә, тек ұйықтар алдында жуынып, тісті тазалауды ұмытпау керек.
Мұғалім. Қонағымыз бәрін есіңе сақтадың ба? – Иә.
- Балалар, қонағымызға көмектескендеріңе рахмет. Бір мезгілде ұйқыдан тұрып, тамақтанып, сабаққа дайындалуды, жатуды да есте сақтаңдар. Соған әдеттеніңдер. Егер кез келген уақытта ұйықтап, тұратын болсаңдар, ұйқыларың қанбайды немесе көп ұйықтайсыңдар. Осыдан өздеріңді нашар сезінесіңдер, жылдам шаршайсыңдар. Шаршаған адам ақпаратты нашар қабылдайды, содан соң сабаққа үлгерімдерің нашарлайды, жаңа тақырыпты игеру қиынға тұседі. Сондықтан мезгілімен ұйықтап, уақытымен ұйқыдан оянып, күн тәртібін сақтасаңдар өздеріңді сергек сезінесіңдер. Бір мезгілде тамақтану не үшін керек екенін білесіңдер ме?
- Ауырмау үшін.
- Дұрыс айтасыңдар. Кез келген уақытта тамақтансаңдар асқазандарың ауыртасыңдар, тек асқазан ауырып қана қоймайды өздеріңді де мазаларың кетеді. Бір мезгілде тамақтанып, асқазанды соған үйретсеңдер, «Ас тұрған жерде дерт тұрмайды» деген нақыл сөздің шындығына көз жеткізесіңдер.
Мұғалім;Балалар енді ойын ойнап жіберейік;
1.Мақал-мәтел құрастыру.
2.Денсаулыққа пайдалы емес заттарды табу.
3.Күн тәртібін құрастыру.
5. Сабақты бекіту.
Мұғалім. Ал енді Кірқоймастың тпсырмасын оқимын. Сендер сөйлемді аяқтауларың керек. Сонымен,
Тісті ................... (күніне екі рет жуу керек)
Үнемі ............... жуу керек. (үнемі беті-қолды, құлақ пен мойынды, таңертең ұйқыдан тұрған соң, әжетханаға кіріп шыққан соң жуу керек)
Жуылмаған ......... жемеу керек (жеміс-жидек, көкөністі)
Тамақтанып отырғанда ( сөйлеспеу) керек.
Бір мезгілде .. (ұйықтап, ұйқыдан тұрып, тамақтанып, сабаққа дайындалып, серуендеу керек)
1 Кун-мол шаттық түсінем
Күнмен өстіп көрісем
Содан соң үй-ішімен
Шаттығымды бөлісем.
2 Қолды шайып мен енді
Жарты шыны су ішем
Шынықтырып денемді
Жаттығуға кірісем.
3 Тасытқан соң кушімді
Шынығуды бітіріп
Тазалаймын тісімді
Жуынамын кутініп.
4 Жылықпаймын сабақтан
Оқимын да жазамын
Білім нәрін таратқан
Ұстазда ылғи-назарым
5Мұның бәрі-
Мен білсем,
Жаттығудың арқасы.
«Бақыттымын» деп жүрсен-
Алтын күннің арқасы.
-
- Бұл Кірқоймастың ережелері. Осы ережені әр қайсысың естеріңе сақтаңдар, уақыттарыңды дұрыс ұйымдастырыңдар, сонда сендер барлық іске үлгересіңдер.
- Тәрбие сағаты осымен аяқталды. Сау болыңдар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.