.
.
Байболова Данила Темірбекқызы Көнілді жолаушылар.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1432 | Размер: | Автор: Нартай4540№56 мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Астана қаласы
Сабақтын тақырыбы: Көнілді жолаушылар.
Сабақтын мақсаты: Оқушыларға жолда жүру ережесін үйретіп,жол белгілерін, велосипед ережесін таныстырып, алғашқы көмек көрсетуді үйрету,бағдаршам жарықтарына талдау жасау,өрт тсөндіру құралдарын білу. Еске түсіру,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,байқағыштыққа, жауап кершілікке, адамгершілікке,қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Макеттер, ойыншықтар, өрт сөндіру және алғашқы көмек құралдары,жол белгілері, викториналық сұрақтар,шар,үн таспа,белгі беру таяқшалары пайдаланылады.
Әдістері: Сұрақ -жауап, саяхат сабақ,тіл дамыту, валелеогия,халық педагогикасы, медицина, сурет,дене шынықтырумен пән арлық байланыста өткізеді.
Тәрбиші: Балалар сендер өз өмірлерінді, денсаулықтарынды сақтағыларын келсе,әр қашан жолда жүру ережесіне сақ болындар.
Демек, жаяу жүргіншілерге қойылатын талаптарды болжытпай орындандар. Жаяу жүргіншілер тек тротуармен,жолдың оң қол қанатымен ғана жүру қажет.
Балалар,біз үнемі тротуардан шықпай жүремізбе? Жолдардан қалай өтеміз?
1-оқушы: Ол үшін біз жол өткеліне бармыз да , бағдаршамның жасыл көзін жануын күтеміз.
Тәрбиші: р бір жаяу жургінші,әр бала жол бойында аса сабырлықпен,аспай саспай жүріп тұруы тиіс.
2-оқушы: Ұшқалақ, ұрыншақ болмау керек, машина алдын кесіп өтуге болмайды.
Тәрбиші: балалар ,бағдаршам жарықтарын қалай пайдалануға болады?
3-оқушы: бағдаршам болып киінген бала).
Көшеде бағдаршам болмаса өзінің көзіне сен,жол ортасына жеткенше әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң оң жаққа мойнынды бұр.
4-оқушы: (Қызыл) Қызыл жарық жанса, табанда тоқтай қал!
5-оқушы: (Сары) Сары шамы жанса,барынша абай бол!
6-оқушы:( Жасыл) Жасыл жарық жанса жолын ашық!
Бәрі: Ирек- ирек көшелерден өтудібіртіндеп үйренеміз,барар жерге ешқашан асықпаймыз.
Викторинаның сұрақтары:
1.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп тұруы керек?
(Жиек жолдың оң жақ шетімен).
2.Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге ұрықсат етеді? (Жедел жәрдем,полиция,өрт машиналарына).
3. Жолаушы қоғамдық көліктермен жүргенде қай жерден түседі? (Аялдама).
4. Велосипедпен неше жастан бастап рұқсат етіледі? (14жастан).
5. Жақындап қалаған көліктін алдынан жүгіріп шығу неліктен қауіпті? (Жүргізуші көлікті тоқтата алмай қалған жағдайда адам өміріне қауіп төнеді).
6.Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды?( Жедел жәрдем машинасын,полицияны шақырып,машинаның нөмірін жазып алу керек).
«Жолдан өте біл» ойыны:
Шарты: екі топтан бір бір баладан шығады.бір біріне параллель екі сызық сызады,арақашықтық қадамдай. Жасыл белгі жоғары алға бір адым жылжиды,қызылды көтергенде бір адымартқа жылжиды,ал сарыны жоғары көтергенде орындарында қозғалмай тұрып қалады.
Үн таспадан естіледі: Уа Халайық,Халайық сөзге құлақ салайық.
«Жол белгілер» елдің патшасы Бағдаршам жарлық қылады. Кімде кім менің патшалығыма келетін жолдағы бекеттердегі тапсырманы орындаса,соған жарты байлығымды беремін және сарайыма қызметке алам.
Асығындар! Бақтарыңды сынаңдар!
--- Балалар бағдаршам патшаның жарлығын естідіңдер ғой. Біз жол белгілеріне байланысты көптеген мағұлымат алдық өзімізді сынап көрсек қайтеді?
«Саналы жүргіншілер» бекеті.
Біздің алғашқы тапсырмамыз мынау:
Тәрбиеші: Бағдаршам жарықтарынын белгілеріне талдау жасаңдар.
Балалар: Бағдаршамның жасыл жарығы жанса,жүруге рұқсат етіледі. Сары жүруге дайындалуды білдірсе, қызыл жарық жүруге тыйым салады.
Тәрбиші: Жиек жол жоқ жерлерде балалар қалай жүруі керек?
Балалар: Ауылдық жерлерде жиекжол жоқ, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама қарсы бағытта жүруге болады.
«Көңілді жолаушылар» бекеті.
Тәрбиші:Сендер бағдаршам туралы тақпақ білесіңдер ме?
1-оқушы:
Бағдаршам аты
Көп көзі бар батыр
Тоқ болғанымен заты
Өзінде көп ақыл.
2-оқушы:
Көреген тау қырағы,
Көшемізде тұрады.
Бағынамыз әманда
Ашса кезек үш көзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
3-оқушы:
Алса дағы үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта сақтан жол ашық,
Жүрме жолдға таласып.
4-оқушы:
Қызыл көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Сары көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергеін,жасқанба.
5-оқушы:
Әйгілеумен үш сөзді
Жолда дәу тұр үш көзді.
Оған жаста кәріміз,
Бағынамыз бәріміз.
«01»бекеті
Тәрбиші: Мен сендердің өрт сөндіруге байланысты білімдеріңді сынағым келеді.көліктен абайсызда өрт шыққанда қандай құрал сайманды пайдаланар едіңіздер?
Балалар: Күрек,құм,балон,киіз,брезент.
«Велосипедшілер» бекеті
Тәрбиші: Велосипедті жақсы көретін боларсыздар. Ал біздің патшаға нағыз велосипедші керек. Ол үшін:
Велосипедшілердің ережесін айтып беріңдер. Ең жақсы велосипедшілеріңді сынақтан өткіземін.
А) Велосипедшілер басқа көлік жүргізушілер сияқты алдында келе жатқан көліктерді кез келген жерде басып озуға болмайды.
Ә) Велосипедші сол жаққа бұрылатын болса, бұрылудың алдында қолын сол жағына созып немесе оң қол шынтағын бүгіп,артында келе жатқан көлік жүргізушілерге алдын ала ескертеді.
Б) Оң жаққа бұрылатын болса, сол жаққа бұрылатын қимылдарды керсінше жасайды.
В) Тоқтағысы келсе, қолын жоғары көтереді.
«Жолда реттеуші» бекеті.
Тәрбиші: «МАИ» деген сөзді талдап беріңдер. Жол реттеушінің іс әрекетін талдап айтып беріңдер.Бұл сендердің соңғы тапсырмаларың,дегенмен өздерің мықты бала екенсіңдер,бұрын сонды ешкім мұндай тапсырманы орындап көрген емес.
Балалар: «М» -мемлекеттік, «А»-авто, «И» -инспекция.
А) Жолда реттеуші жаяу жүргіншілерге де, көлікт жүргіншілерге де бір қырынан оң қолын жанына қойып тұрса ,онда оларға келе жатқан бағытында қозғалуға рұқсат етілгені.
Ә) Жолдан реттеуші оң қолын алға созып тұрса,оның артында және оң қол жағында тұрған көліктердің жүруіне болмайды. Ал оның оң жағында тұрған жаяу жүргіншілердің жүруіне рұқсат етеіледі.
Б) Бетімен қарап тұрған жағындағы көлік жүргізушілерге рұқсат етіледі де,жаяу жүргіншілерге жүруге болмайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.