.
.
Пәні: Математика Көп таңбалы санды екі таңбалы санға
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2337 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілі.
Қалдықпен бөлу.
Сабақтың мақсаты: балаларды екі таңбалы санға қалдықпен бөлу тәсілімен шығаруды таныстыру, жазбаша бөлу тәсілдерін үйрету; салыстыру, талдау біліктігін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.
Нәтижесі: көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлу, көбейту тәсілін үйренеді.
Типі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Топтастыру.
Көрнекілігі: слайдтық кестелер, интерактивті құралдар.
Кезең
Уақыт Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Әдіс-тәсілдер Бағалау Ресурстар, кабинет жабдық-талуы, көрнекілік-тер
Ұйымдас-тыру 5мин Топқа бөлу. Топтық ереже құрастыру. Карточкалар арқылы топқа бөлінеді. Топтық жұмыс.
Ой шақыру 5мин Математикалық диктант.. Талқылайды, бөледі,қорытынды шыға-рады. Топтық жұмыс. Топты баға-лау. Оқушылар жасаған жұмыстар.
Қызығушы-лықты ояту 5мин 8,1- тапсырмаларды орындауды ұсынады 8,1- тапсырмаларды ауызша орындайды. Топтық жұмыс. Түрткі сұрақ-тары. Топ жетекшілерінің
бағалауы. Оқулық
Мағынаны тану 20 мин № 2, 3,4,5 ,6 тапсырмаларды орындауды ұсынады.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындайды. Тақтада орын-дайды. Спи-керді баға-лайды
Плакат, маркер
Ой толғау 5мин Ойша өткен сабаққа көз жүгірту. Ойланады, өздерінің пікірлерін білдіреді. Топты баға-лау Парақшалар
Қорытын-ды
5мин Бағалау. Топ жетек-шілерінің пікірін тыңдап, өзінің бағасын шығарады. Үйге тапсырма береді. Топ жетекшілері топ мүшелерін бағалайды.
Жи-нақтау баға-сы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Мен бақытты баламын,
Жан дүнием де күн нұрлы
Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Ой шақыру.
Математикалық диктант.
«Иә-жоқ» деп аталатын математикалық диктант алу.
•29 бен 3-тің нөтижесі 87-ге тең.
•5 санын 19 есе арттырдық. 85 деген сан пайда болды.
•17 мен 5-тің қосындысын 4 есе арттырдық, 98 деген сан шықты.
•56-ның жетіден бір бөлігін 12 есе арттырдық, 96 саны шықты.
•Бірінші көбейткіш 25-тің бестен бір бөлігіне, екінші көбейткіш 11-ге тең. Сонда нәтиже 55-ке тең.
•12 мен 8-дің көбейтіндісі 100-ден кем.
•57 мен 37-нің айырмасын 4 есе арттырдық. 90 саны пайда болды.
•Бөлінгіш 72-ге, бөлгіш 20 мен 11-дің айырмасына тең. Сонда белінгіш 9-ға тең болады.
•Бірінші көбейткіш 37 мен 4 сандарының қосындысына, екінші көбейткіш 2-ге тең. Көбейтіндінің мәні 82-ге тең болады.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Ауызша жаттығуға №8 тапсырманы орындап, берілген сызба бойынша бірнеше осындай жаттығулар құрастыру.
а) Көбейтінділері олардың бөліндісіне тең болатындай екі сан ойлап тап.
□ •□ = □:□ 1 және 1; 2 жөне 1;
ә) Көбейтіндісі олардың қосындысына тең болатындай үш сан ойлап тап.
□ •□•□ = □ + □ + □
1 ∙2 ∙ 3 = 1+ 2+3;
б) Екі санның көбейтіндісі көбейткіштердің біреуіне, әрбір көбейтіндіге тең болуы мүмкін бе?
□ •□ = □ □•□ = □
егер көбейткіштердің бірі 1-ге немесе 0-ге тең болса; егер көбейткіштердің екеуі де 1-ге немесе О-ге тең болса.
Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындау мақсатында №1 жаттығуды орындаңыз.
Бөлінгіш Бөлгіш Бөлінді Қалдық
425 20 21 5
812 90 9 2
723 8 90 3
2450 80 30 50
6308 10 630 8
- Қалдықпен бөлген кезде қандай ережені есте сақтау қажет? (Қалдық әрқашан бөлгіштен кем).
ІV. Мағынаны тану.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Оқулық бойынша екі таңбалы санға қалдықпен бөлу тәсілімен танысу.
Есептеулерді қарап шығу (№2 а).
Бұл мысалдардың өткен сабақтарда шығарылған есептерден айырмасы қандай? Қалдықты бөлгішпен салыстыр. Қалай тексереміз? (Бөліндіні бөлгішке көбейтіп, нәтижесіне қалдықты қосамыз).
Алғашқы бекіту.
№2 (ә) тапсырма түсіндіріле отырып орындалады.
№3 (а) есеп талдана отырып шығарылады.
3750 : 15 = 250 (км/сағ) - 1-пойыздың жылдамдығы
5880 : 21 = 280 (км/сағ) - 2-пойыздың жылдамдығы
280 - 250 = 30 (км/сағ) - 2-пойыздың жылдамдығы осынша артық.
№3 (ә) есепті - баға қойылатын өзіндік жұмыс ретінде береміз.
1) 2520 : 84 = 30 (сағ) - жолдағы уақыт.
2) 72 • 30 = 2160 (км) - бірінші пойыздың жолы.
3) 2160 + 2520 = 4680 (км) - пойыздар арасындағы қашықтық.
№4а есепті (айырма бойынша белгісіз санды табу) сыныппен бірге шығаруға болады.
№4. а) Шешуі: 240: (36-28) =30 36∙30=1080 28•30=840
Жауабы: үлкен залда 1080, ал кіші залда 840 орын бар.
ә) Шешуі:16: (7-5) =8 (л) 7 ∙ 8=56 (л) 5∙8=40 (л) Жауабы: әкесі 56 л, ал ұлы 40 л су әкелді.
№5 есепке нұсқау. Көлемі 8м х 6м х 4м болатын тікбұрышты параллелепипед пішіндес бөшкеге жиырма литрлік неше ыдыстың суы сыяды?
Есепті шығару үшін ара қатынасты қайталау керек:
1 л3 = 1 дм3 8м х 6м х 4м=192 м3 =192 000дм3=192 000 л 192 000:20=9600
V.Ой толғау.
№6 640000:500 =1280 720000:500=1440
400000:500 =800 240000:500=480
VI.Қорытынды.Үй тапсырмасы. №7 кестеде берілген бойынша бірнеше есеп құрастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.