Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көп таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлу. -

Көп таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлу.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2030 | Размер: | Автор: balaseri
. Тақырыбы: Көп таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлу.
Мақсаттары:
1. Көп таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлуді үйрету
2. Оқушылардың ой- өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: монеталар, қима қағаздар, қалалардың аттары, ақша қағаздар, «білім банкі», «касса» жазулары.
Сабақ түрі: «Капитал » ойыны
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың мақсатын айту.
Бүгін көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға көбейту және бөлуді үйренеміз. Сабақ кезінде «капитал» ойынын ойнаймыз.
 Банк деген не?
 Қор жинау деген не?
Біз бүгін «Білім банкіне» қор жинаймыз. Мен – Банк президентімін. Сендерге жинақтық қорын ашуды ұсынамын. Ең кіші салым – 4 монета. Әрбіреуіңе 6 монета берілген. Дұрыс жауап үшін Банктың кассасына барып монета саласыңдар.
1 тапсырма. Ауызша санау
Әрбір торкөз 4 апельсин деп санасаңдар, әрбір себетте неше апельсин бар?




8 6 9 12

16 32 24 36 48

Әрбір торкөз 3 кг алма деп санасаңдар, әрбір себетте неше кг алма бар?




8 6 10 7

12 24 18 30 21
3 оқушы бірінші болып тапсырған кредит алады. Кредитқа 2 монета беріледі.
2 тапсырма. Банк жүйесі деген ұғым бар. Банк жүйесі дегеніміз- ол қаланың әр ауданында не болмаса басқа қалаларда осындай банктер жұмыс істейді дегені. Білім банкі қандай қалаларда бар екенін анықтайық. Дәптерлеріңе бағанмен мысалдар шығарасындар.
468*13 8592 : 6 716*2
817*43 19456 : 8 6000-4568
6534-879 8642-905 1131*5
4308+249 4805+2609 1264+168
908*20 2864 : 2 3707*2
304*8 4065+2019 23*12
Қатармен жұмыс.
Жауаптары:
6084-С
35131-Ы
5655-М
4557-Л
1432-А
2432-Е
7737-Й
7414-Т
18160-Н
3 қала: АСТАНА, АЛМАТЫ, СЕМЕЙ.
3 тапсырма
Білім банкі «Үлгілі депозит» ашуға болады деп жариялайды. Онда үш саты бар.
1 саты- жай есеп
Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір – біріне қарама- қарсы жолға шықты. Олардың біреуі кездескенге дейін 348 км, ал екіншісі одан 3 есе кем жол жүрді.Қалалардың арасы неше километр?
2 саты- орташа есеп
Ерзат бағасы бірдей 5 кітап, ал Азат 3 кітап сатып алды. Ерзат Азаттан 180 тенге артық төледі. Кітап қанша тұрады? Олардың әрқайсысы қанша төледі?
3 саты- күрделі есеп.
Шаруа қожалығы 1128 т бидай, одан 250 т кем қара бидай және бидайдан 8 есе кем арпа сатты. Шаруа қожалығы барлығы қанша астық сатты?
Осыған байланысты әркім өз мүмкіндігіне қарай есеп алады.
Тақтада шығарылады.
4 тапсырма.
Білім банкі оқу курсын ашып жатыр. Мұнда «Банк менеджері», «Озат тұтынушы» деген лауазым беріледі.
Ол үшін күрделі теңдеу шеші керек.
Х+1800=20*360
A*8=640+160
Қорытынды: Кассадағы монеталар саналады. Бағаланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.