.
.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бегімбет ауылы Күрделі сөздер
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1534 | Размер: | Автор: balaseriСабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың біріккен сөз, қос сөз туралы білетіндерін пысықтап, білімдерін кеңейту.
2.тапсырмаларды тиянақты орындап, өз бетінше ойланып,шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3. ұқыптылыққа, ынтымақшылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ребус, сызба, таблица, Венн диаг.интер.тақта
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, өздік жұмыс, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
II Сабаққа даярлық
Мұғ. –Балалар, бүгінгі сабақты 2 топқа бөлініп, жарыс түрінде өткенді қайталау мақсатында өткіземіз.Ол үшін топтың атын белгілеп алайық.
1-топқа тапсырма:
Әлемнің төрт бұрышын араладым,
Палуанның неше түрін жараладым.
Қажымұқанмын қазақта күшім асқан
Туған жердей ыстық жер таба алмадым.
(өлең шумағы интерактивті тақтада)
-Өлеңде қандай күрделі сөз бар? Топ солай аталады.(Біріккен сөз)
2- топқа тапсырма: Ребус шешу
( ребусты шешкенде Айгүл сөзі шығады)
-Ребустың шешуі қай күрделі сөзге жатады?Топ солай аталады. (Қос сөз)
III. Жаңа сабақ
А. Ой толғау. Топтың атын қорғау. Ойын :«Мен саған, сен маған»
1-топ:-Қос сөз дегеніміз не? Оның неше түрі бар? Мысал келтіріп айтыңдар.
2-топ: - Біріккен сөз дегеніміз не? Ол қалай жасалады? Мысал келтіріңдер.
Ә. Ойын «Әрі қарай жалғастыр»
1-топ: «Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан...»
-Бұл кімнің өлеңі?Түсіндір. Өлеңде қандай күрделі сөз бар?
2- топ «Ат, айғырлар, биелер,
Шалғыннан жүні қылтылдап..
Арасында құлын – тай,
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары –төмен үйрек-қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.»
-Бұл өлең қалай аталады? Қандай күрделі сөз бар? Түсіндір.
(екі топ өздері тапқан күрделі сөздерді Венн диаграммасына түсіреді.Соңынан таблица бойынша анықтама айтады.)
Б. Таблица бойынша жұмыс.
В. Оқулықпен жұмыс:
586-жаттығу (екі топ күрделі сөздердің өздеріне тиесілісін теріп жазады, қалай жасалғанын түсіндіреді.)
Г. Сергіту сәті: «Кім тапқыр?»
1-топ .біріккен сөзден тұратын 10кісі атын табу.
2-топ.қос сөздің әр түрінен тұратын 10 мысал табу.
Ғ. Шығармашылық жұмыс:
Өздері ойлаған күрделі сөздерді пайдаланып шағын мәтін құрап жазу.
Әр топтың жұмысы оқытылып, тексеріледі.
V. Сабақты бекіту.
-Сонымен, балалар, күрделі сөздің 3 түрі бар еді, (сызбасын көрсетіп) біз бүгін соның 2түрін қайталап, білетіндерімізді еске түсірдік. Анықтамасын қорыттық. Ал келесіде қысқарған сөз туралы қайталаймыз.
VI. Үйге тапсырма: 587-жаттығу.Күрделі сөздер туралы пысықтау
VII. Оқушылар білімі бағалау парағы бойынша бағаланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.