Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
. Сабақтың тақырыбы: Күрделі теңдеуді шешу
Сабақтың мақсаты:
1. Күрделі теңдеудің шешу жолдарын пысықтау арқылы оқушылардың жылдамдыққа есеп шығара алу қабілетін зерттеу.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін, қазақтың ұлттық ойындарына қызығушылығын арттыру.
3. Оқушылардың өз беттерінше есептер шығара беруге, шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың әдісі: Биоинформатика және синергетика бойынша ауызша бағалау картасы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы түрлі суреттер, көкпар ойына байланысты аттардың суреті, фигуралар.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүниетану
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, сынып ұранын айтқызу
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
6-мысал
Жаңа сабақ:
Тақ және жұп сандарды атау. «Жылдамдық» жаттығуларын жүргізу
+1 15,21,36,41,102,109
+2 8,16,22,118
+3 7,56,28,36,107
-Жарайсыңдар балалар! Балалар бізге қонақтар келіп огтыр екен. Сонымен қатар әселді өте жақсы көретін қонағымыз келіпті. Ол сендерге шығуға ұялып тұр екен. Себебі, ол ешкімді тыңдамай үйінен шығып кетіп, қайтар жолды таппай қалыпты. Егер біз оның алдынан шыққан тапсырмаларды шығаруға жылдам көмектессек, ол үйіне барар жолды табар еді. Қане көмектесеміз ба?
2- слайд бойынша бүгінгі күн жазылады.

3-4-слайд бойынша күрделі теңдеудің шешу жолдарын қадам жолдарымен түсіндіріледі.
- Балалар теңдеу дегеніміз не? –құрамына енетін әрпі бар өрнектің мәнін табу.

-Балалар біз аюға қырға шығуға көмектестік, енді қандай кедергі күтіп тұр екен, көрейік. 5-слайд

- Аю сендерге алғысын жаудырып жатыр, көңілі көтеріліп, үйіне жетуге асығуда. Тағы қандай тапсырмалар бар екен, байқайық.

6- слайд бойынша «Дағды есептер» Бұл есептер оқушының жылдам есеп шығара алу мүмкіндігін арттырады. Оқушыларға берілетін уақыт 5-мин. Болғаннан кейін дәптерлерін ауыстырып, бірін-бірі тексереді.


7-слайд «Сергіту сәті» Екі қолмен жаздыру, қолды ысқылау.
-Ой балалар, аюымыз бір ауылға тап болыпты. Ол ауылда «Көкпар» ойыны жүріп жатыр екен. Қане балалар біз де көкпар шабайық.
8-слайд

23 оқушыға аттың суретінің артына күрделі теңдеу жазылады, олар нөмірленген. Шығарып болғаннан кейін, әр оқушы өз нөмірімен жауабын тексереді. Берілетін уақыт 3-мин 9-слайд

-Аюымыз балалар жарты жолға келіп қалды, тағы бізді не күтіп тұр екен?
10-слайд «Дағды есептер»

11-слайд Оқушылар тағтаға шығарып салдыру

12-слайд бойынша логикалық тапсырма орындату

- Балалар аюдың үйіне жетуге аз жол қалыпты. Жылдамдатып келесі есепті шығарып тастайық.
13-слайд

Қорыту:
-Енді балалар сендердің осы сабақта қандай білім алдыңдар, соны байқау үшін қазір біз экс бақылау арқылы тексереміз. Егер осы есепті шығарсақ, аю үйіне жетеді. 14-15 слайд Балаларға берілетін уақыт 5-мин


-Жарайсыңдар балалар! Аю өз үйіне аман-есен жетті. Сендер әрқашан үлкендерді тыңдап жүріңдер!

Бағалау :
І қатар ІІ қатар ІІІ қатар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.