.
.
Математикадан ойын сабағы Күрделірек санды өрнектер.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2163 | Размер: | Автор: Нартай45403 сынып
Ә.М. Жұмағұлова
бастауыш сынып мұғалімі
«Зырян қаласының №9 орта мектебі» КММ
Сабақтың тақырыбы: Күрделірек санды өрнектер.
Сабақтың мақсаты: Құрылымы күрделірек санды өрнектерді құрып, жазады және олардың мәнін табуды үйренеді; есептеу дағдыларын арттырады. Көбейту кестесі бойынша білімдерін автоматтандырады, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта түседі. Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Қолданылған әдістер: жартылай-ізденіс, ізденіс, проблемалық оқыту, СТО стратегиялары «ЖИГСО-1», «Дөңгелек үстел»
Сабақ барысы
Ұйымдастыру.
-Адам өз алдына биік мақсаттар қойып, соған жету үшін еңбек етеді. Бүгінгі сабақта Математика шыңына көтерілеміз. Оған жету үшін төмендегідей мақсат-міндеттерді орындауымыз керек. (Сабақтың мақсат-міндеттерін қойып, оқушылардың іс-әрекетіне бағыт-бағдар беру. ) (Слайд)
- Әлемдегі ең биік шың қалай аталады? Ол қайда орналасқан? (Джомолунгма, биіктігі 8863 км – Эверест, Гималаи тау жүйесінде орналасқан)
I белес. Көркем жазу
1топ – 657 санын түрлендіріп, өсу ретімен жазу.
2топ – 492 санын түрлендіріп, кему ретімен жазу.
3топ – жүздігі, ондығы, бірлігі бірдей цифрларымен берілген үш таңбалы сандарды өсу ретімен жазу.
пердесін пайдалану)
II белес. «Допты ұста» ойыны арқылы көбейту кестесі бойынша білімдерін автоматтандыру.
III белес. Математикалық диктант.
1) Ең кіші 2 таңбалы сан мен 4-тің көбейтіндісінің мәні
2) Ең үлкен үш таңбалы саннан кейінгі сан
3) 18-дің жартысы
4) 8-дің төрттен бір бөлігі
5) 900-дің жүзге бөліндісі
6) 28-дің ширегі
7) Мен бір сан ойладым. Оның жартысын 2-ге көбейткенде 16 шықты. Мен қай сан ойладым?
8) Азайғыш 94, азайтқыш 24, айырманың мәні?
(Тақтада берілген дұрыс жауаптары бойынша жұпта бірін-бірі өзара тексеріп, бағалайды. Слайд – актив тақта)
IV белес. Ойлан, тап.
1) Ішінде 5, 9, 3, 7 банандары бар тәрелкелерді бір үстелдегі банандар екіншідегіден 2 есе артық болатындай етіп, 2 үстелге қалай бөліп қоюға болады?
2) Екі натурал санныың қосындысының мәні 13-ке тең, ал көбейтіндісінің мәні 36-ға тең. Ол қандай сандар?
3) Бақаның қысқы ұйқысының ұзақтығы 4 ай. Жылдың қандай бөлігін бақа ұйқымен өткізеді?
(Осы уақытта үлгерімі төмен оқушы карточка бойынша жұмыс орындайды)
Жаңа сабаққа дайындық
V белес. -Берілген жазулардың ішінен санды өрнектерді теріп жаз, мәнін тап.
36-4*3 а:8=4 7*в
5*2 58-14 8*3= 6*4 27: х = 9
30*2 200 :10 (12+8):2 +46
Санды өрнектердің құрылымы жағынан ерекшелігін байқа.
VI белес. Оқулықпен жұмыс №1 – тақтада орындау.
VII белес. ЖИГСО-1 стратегиясы бойынша орындалады
Топта отырған оқушылар №1 №2 №3 №4 №5 №6 деп нөмірленіп, сәйкес үлестірмелі қағаздарға жазылған күрделі санды өрнектерді жеке шығарады. Нөмірлер бойынша жеке топтар құрылып, бірін-бірі тексереді. Жанұя тобына оралып, тапсырмасын талдап түсіндіреді.
VIII белес. «Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша жұмыс.
1 топ. Көбейтумен шығарылатын есеп құрастыру - 3 кг 4 пакет
2 топ. Бөлумен шығарылатын есеп құрастыру - 5 кг 40 кг
3 топ. Бөлумен шығарылатын есеп құрастыру 6 пакет 24 кг
1қадам - есеп құрастыру
2 қадам – басқа топтың құрастырған есебін тексеріп, қысқа шартын жазу
3қадам – басқа топтың құрастырған есебін, қысқа шартын тексеріп, шешуін жазу
4 қадам – басқа топтың құрастырған есебін, қысқа шартын, шешуін тексеріп, жауабын жазу
IX белес. №7 – тақтада жұмыс
X белес. Қорытынды:
Қай амал бір бірінші орындалатынын көрсет - тест жұмысы
Алдымызға қойылған мақсат – міндеттер орындалды. Математика шыңына да жетіп, туымызды тігеміз.
Бағалау. "Баспалдақ" әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.
Үйге тапсырма: №6, №11, 108 бет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.