.
.
Сабақтың тақырыбы: Күз Күз
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1471 | Размер: | Автор: balaseriСабақтың мақсаты: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере
отырып, өлеңдегі негізгі ойды анықтау.Мәнерлеп оқуға үйрету.
Ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Тілін, байланыстыра сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі:Іскерлік пен дағды
Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі иллюстративтік
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кітаптар, альбом
Ұйымдастыру кезеңі
Зейіндерін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасы
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін әнімен жатқа айту.
Актуалдау
Ой қозғау стратегиясы
Бәйге ойыны
10 Абайдың шын есімі кім?
10 Абай кімнің тәрбиесінде болған?
10 Абайды әлемге танытқан жазушы кім?
20 Абайдың әкесі кім?
20 Абайдың анасы кім?
20 Бес асыл іс
30 Бес дұшпан
30 Қай медреседе білім алған?
30 Абайдың білім, ғылым туралы жазылған қандай өлеңдерін білесіздер?
Шешуі: Күз
Жаңа сабақ
Абай атамыздың тәрбиелік мәні зор лирикаларының бірі – табиғат лирикасы. Табиғат ақынның шабытына түрткі болған үлкен дүние. Табиғатты жырламайтын, өз әніне қоспайтын ақын кемде кем. Бірақ Абай салып кеткен сара жол, ақын жырлаған табиғат әрине өзгеше.
Бүгінгі таңда танысатын Абайдың «Күз» өлеңі көшпелі елдің күзгі тірлігі, аспандағы сұр бұлт, киіз үй, жапырағы түскен ағаш, қара суыққа тоңып дірдектеген жас балалар, кемпір-шалдарды керемет суреттеген.
а\ өлеңді мәнерлеп оқу
ә\ тізбектей оқу
- Өлеңдегі негізгі ой не туралы?
- Ақын күз мезгілін қалай сипаттаған?
- Күзгі табиғаттағы құбылыстарды кімге теңейді?
Дамытушылығы
“Ауыл күзі”
Тірек сөздер:
Сұрша бұлт,қара суық, күн қысқарды, құстар жылы жаққа ұшты, мөлдір шық, қыстың қамы, сары жапырақ, алтын күз.
Бес жолды өлең
Кім? Абай
Қандай? ұлы
Не істеді? Өлең жазды
Синоним ғұлама, кемеңгер, данышпан
Түйінді сөз Абай-дана, Абай-дара қазақта.
Сабақты бекіту
Венн диаграммасында күз, қыс мезгілдерін салыстыра сипаттау.
Үйге тапсырма
“Күз” өлеңін жатқа айту.
Күз тақырыбына сурет салу.
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.