.
.
дүниетану Күзде жапырақтар неге сарғаяды?
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2796 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы: Күзде жапырақтар неге сарғаяды?
Мақсаты: Жыл мезгілдеріндегі өсімдіктер өмірінде болатын өзгерістер
жөнінде түсінік беру.
Міндеті: 1. Оқушылар жапырақтардың негізгі қызметін атайды.
2. Оқушылар «Күзгі жапырақтың түсуі» суреті арқылы табиғи
құбылысты түсіндіреді.
Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:
• Оқушылар өзара бірін – бірі оқытады;
• Өзіндік ой – пікірлерін ортаға салады;
• Топта ұйымдастырған жұмыс нәтижесін көрсете алады.
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО бағдарламасы бойынша топтық жұмыстар.
Қолданатын стратегиялар: «Топтастыру», «Кең ауқымды лекция», «Алма –
кезек оқыту».
I. Қызығушылықты ояту.
1. Психологиялық икем.
Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
2. Топтарға бөлу. 4 түрлі жапырақтарды балалар өздері таңдап алады да сол
бойынша топқа бөлінеді.
- Балалар, бүгінгі сабақты мынадай мақалмен бастаймыз.
Жеке жүріп жол тапқанша,
Көппен жүріп адас.
- Балалар, біздің сынып қандай?
«Біздің сынып» өлеңін жатқа айту.
3. Топтастыру. Слайд №1.
1. _____________ 1. _______________ 1. ________________
2. _____________ 2. _______________ 2. ________________
3. _____________ 3. _______________ 3. ________________
4. _____________ 4. _______________ 4. ________________
5. _____________ 5. _______________ 5. ________________
4. Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдай қажет? Слайд №2. 55-бет
5. Сұрақ-жауап. Күз аяқталды. Күз қандай болғанын талқылау. Слайд
№3
Күздің қай айы ең суық, қай айы ең жаңбырлы (қай айы ең) екенін анықтау.
- Ең алғашқы қар қашан түсті?
6. Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар.
II. Мағынаны тану.
1. Сұрақ – жауап.
- Еске түсірейік жапырақ – бұл жер үсті немесе жер асты мүшесі ме?
- Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?
2. Күзгі орманға саяхат.
- Сонымен күзде жапырақтар неге сарғаяды екен?
3. Оқулықпен жұмыс. «Алма – кезек оқыту».
4. «Кең ауқымды лекция».
- Қазір балалар, оқығанымызды қорытындылайық. Әр топ бір – біріне сұрақ қойып, жауаптар беріледі.
- Қандай ағаштардың жапырақтарын көрдіңдер?
- Қалай ойлайсыңдар, жапырақтар неге өз түсін өзгертеді, олар неге түседі?
Ағаш жапырақтарына жазылған сөздерді сұраққа байланысты өздері табады.
Слайд №5.
III. Ойтолғаныс.
1. Орны ауысқан сөздерден өлең құрастыру. Слайд №6.
Ағады, аулаққа, бұлт,
Бау-баққа, келіпті, күз
Жаңғақ та, піскен, жаздай,
Жан-жаққа шашылады.
2. Қатесін табу. Слайд №7.
Қыста - жапырақтар түседі;
Күзде - өсімдіктер көктеп шығады;
Көктемде - өсімдіктер пісіп жетіледі;
Жазда - өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды.
3. Рефлексия. Түскен жапырақтардың пайдасы бар ма?
4. Үйге тапсырма: Кесте толтыру. 60,65-беттерді оқу.
5. Бағалау. Балалар бір-бірін өздері бағалайды.
Күзде бау-бақшадағы жапырақтарды сыпырып, жинауға көмектесесіңдер. Оларды жиған соң жерге көметінін білесіңдер. Неге көміп, сыпыру керектігін үлкендерден сұрап біліңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.