.
.
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ Келер шақ
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1515 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың етістіктің шақтарына байланысты
алған білімдерін тиянақтап бекіту.
2.Өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптас
тыру ,белсенділік,пәнге деген қызығушылықтарын арт
тыру
3.Топпен жұмыс жасау арқылы өзара ынтымақтастыққа,
сыйластыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ойын,топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:слайд,қоржын,сызбалар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Қазақ тілі - бал тілім
Өзің барда шалқыдым
Тіліммен бірге самалмын
Тіліме кім тағар мін
-Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді.Біз топ болып жарыса отырып оқимыз,үйренеміз. Сабақ «Бақытты сәт» деп аталады.Сынып оқушы лары үш топқа бөлініп отыр.Топ басшылары өз топтарын таныстырып өтсін.
I топ: «Сұңқар» Ұраны: Топтың аты Сұңқар бұл
Келдік біздер жарысқа
Қазақ тілі сырларын
Баяндаймыз сайыста
II топ: «Ұлан» Ұраны: Бәріміз біріміз үшін
Біріміз бәріміз үшін
III топ: «Тұлпар» Ұраны: Тұлпар атты тобымыз
Көп нәрседен хабармыз
Қарсылас бізге топпенен
Сайысуға дайынбыз
Енді ойынымызды бастаймыз.
1 – ші сәт «Сен маған,мен саған» деп аталады.
Үй тапсырмасы бойынша топтар бір – біріне сұрақ қояды.Карточкамен жұ мыс. Бағалау.
II. Жаңа сабақ. Көркем жазу жұмысы
426 – жаттығу
1 топ
Жинаймын,жинаймыз
Жинайсың,жинайсыңдар Жинайсыз,жинайсыздар
Жинайды,жинайды
2 топ
Озармын,озарсың
Озарсың,озарсыңдар
Озарсыз,озарсыздар
Озар,озар
3 топ
Келермін,келерміз
Келерсің,келерсіңдер
Келерсіз,келерсіздер
Келер,келер
Ойынымыздың екінші сәті «Жұмбақтас» деп аталады.
Топ басшысы қоржыннан асық алып,оқушылар топ болып ақылдасып,асық нөміріндегі сұраққа жауап береді.
1 топ: - Етістікті тауып,қай шақта тұрғанын айт.
Еріншек адамның ертеңі бітпес
- «Суретші» сөзін септе
2 топ: - Етістікті тауып,қай шақта тұрғанын айт.
Самал қуыршаққа көйлек тігіп отыр.
- «Дәптер» сөзін жекеше,көпше түрде тәуелде
3 топ: - Етістікті тауып,қай шақта тұрғанын айт.
Талғат Астанадан келді.
- «Оқушы» сөзін жекеше,көпше түрде жікте
Бағалау.
427 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу. Етістікті тауып,қай шақта тұрғанын ай ту.
Сергіту сәті. «Бәйге» ойыны
1. Оң жақтағы 20: Қазақ тілінде неше септік бар?
2. Ортадағы 40: Ызақор бұғып жатыр, сақалын тығып жатыр ( пияз – лук)
3. Сол жақтағы 30: Біріккен сөз дегеніміз не? Мысал келтір
4. Оң жақтағы 30: Фигураның ауданын қалай табамыз?
5. Ортадағы 50: Топырақтың құнарлы болуы неге байланысты?
6. Сол жақтағы 20: Әліппенің атасы кім?
7. Оң жақтағы 10: Қосымша нешеге бөлінеді?
8. Ортадағы 60: Тұмсығымен қозғалар
Соңында аппақ із қалар
Бағалау
428 – жаттығу.Жаңылтпашты жатқа айту
3 – ші сәт «Көңілділер мен тапқырлар» деп аталады. Оқушылар сызба бойын ша сөйлем құрап,талдау жасайды.
Бағалау.
III.Қорытындылау. Семантикалық картамен жұмыс.
IҮ. Бағалау. Үйге тапсырма: 429 – жаттығу.
Жеңімпаз топты анықтап,оларды марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.