Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Келер шақ. Бекіту сабағы. -

Келер шақ. Бекіту сабағы.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2484 | Размер: | Автор: Нартай4540
.
Ақтөбе қалас
№11 арнаулы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Сугирова Кулшад Куралбаевна

Ерназарова көшесі, №1 үй
Тел: 8 (7132) 21 – 53 - 87 (үй)
Ұялы: 8 – 701 – 453 – 23 - 60
Электронды пошта - sugirova.gulshat@mail.ru

Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Бекіту сабағы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға келер шақ туралы түсінік қалыптастыру, өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау, толықтыру.
жасалу жолдары туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:

а) Білімділік: Шақтарды айыра білуге үйрету. Етістік оның шақтары туралы білімді пысықтау, қорыту.
оларды сөз құрамына талдауға төселдіру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін,тілдерін, білім-білік дағдыларын, шақтары туралы білімдерін сабақта білулерін жетілдіру, өзіндік және шығармашылық жұмыс дағдыларын, белсенділігімен ойлау қабілеттерін дамыту.
.
б) Тәрбиелік: Өз білімі және жолдастарының білімін бағалауға, жауап беру ретін сақтап бір-бірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: салыстыру, жинақтау, анықтау, талдау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: трек сызбалар, үнтаспа, сөз жұмбақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Оқушылармен амандасу.
ә) Оқушылардың үш топқа бөлу.
І топ ОСЫ ШАҚ ІІ топ КЕЛЕР ШАҚ ІІІ топ ӨТКЕН ШАҚ
б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
Жарқырап күн де шығады,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн, қонақтар!
Қайырлы күн, достарым!
Сәлемдесіп аламыз.
Ақ тілекпен баршаға
Мақсатымыз білім алу.
Міндетіміз - еңбектену.
Еңбектену арқылы 5-ке қолды жеткізу.

ІІ.Жаңа тақырып.
а) Ой қозғау.
Балалар бүгінгі ашық сабағымыздың мақсаты етістіктің шақтары жайлы алған білімімізді ортаға салу. Сіздердің алдарыңызда «Ойлан кестесі». Сол кестеден мына сандарда тұрған әріптерді табамыз.

34 1 15 25 1 23 7 36 15 1 13 25 1 16 1 26
ш а қ т а р д ы қ а й т а л а у

Олай болса, балалар бұл ненің шақтары?
- Етістіктің шақтары.
- Етістік дегеніміз есімізге түсірейік.
ә) Топтастыру.


б) Шақтардың сұрақтарын орналастырайық.

осы шақ



келер шақ

өткен
шақ



б) Дәптермен жұмыс.
Д Д Д Да Ди До Де ді ды
Дихрем - ақшаның аты.
Елорда, жаһандану, жалпы адамзат, ахуал, құндылық.

в) Оқулықпен жұмыс.
54-жаттығу. Берілген етістіктерді үш жақта жазу. Оқы, көр, ойна.

Осы шақ Өткен шақ Келер шақ




І топ оқып отыр ІІ топ көрді ІІІ топ ойнайды

Сергіту сәті:

Өзіндік жұмыс.
Етістіктің ішінен шақтарды табу.

І топ. Осы шақты тауып, теріп жаз.
Соға бастады, шуылдай жөнелді, байқап қалды, қатты да қалды, телміріп отыр, қарап тұрмын,түсе бастады, шаншып алды, тасып жүр, сүйсініп отыр, айналып отыр.

ІІ топ. Етістіктердің арасынан өткен шақты тап?
Сұрасып тұр, жинаймын, таңғалды, бейнелейді, мойындайды, тоқтады, көрінді, пісіп жатыр,далаға шығады, ұшып кетті.

ІІІ топ. Келер шақтағы сөздерді тап?
Шырылдайды, естіледі, шегінді, даурықты, тиісіп отырдыңыз, сарқырап жатыр, желбірейді, қашты, ерінеді, міндеттейді, күтіп тұр.

І топ
Тиісті сөздерді қойып сөйлемдерді аяқта?
1. Далада қар жапалақтап ... . 2. Думан үйде ... . 3. Оның ойнағысы ... . 4. Бөлмеге күн сәулесі ... . 5. Мен бәрін ... .
Керекті сөздер: жауып тұр, мұңайып отыр, келіп отыр, түсіп тұр, теуіп жүр, біліп отырмын.
ІІ топ
Сурет бойынша әңгіме құрайды.

ІІІ топ
Өлең жолдарын құрастыр.
.................................................................................сайрайды.
.................................................................................жайнайды,
.................................................................................құлпырып,
.................................................................................сыйлайды.
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
Тест тапсырмалары

1. Шұғылданады – қай сөз табына жататынын белгіле:
А) зат есім Ә) етістік Б) сын есім В) сан есім
2. Болымды етістікті көрсет:
А) ерінбе Ә) тимеді Б) кеспе В) отырды
3. Жазып жатыр – етістіктің қай шағы?
А) келер шақ Ә) өткен шақ Б) осы шақ
В) Шақтың сұрағы бола алмайды
4. Не істеймін? – қай шақтың сұрағы?
А) өткен шақ Ә) келер шақ Б) осы шақ
В) Шақтың сұрағы бола алмайды
5. Іс – әрекет болмаса етістіктің қай шағын білдіреді?
А) Шақты білдірмейді Ә) осы шақ Б) өткен шақ В) келер шақ
6. Мұғалім бізбен талай рет сырласқан қай шақта?
А) өткен шақ Ә) келер шақ Б) осы шақ В) Шақты білдірмейді
7. Күрделі етістіктер қатарын көрсет:
А) кешіккен, шығарған, құрастырған
Ә) салып алды, келе жатыр, ойнап келді
Б) салды, келді, ойнады
В) жинайды, жасалған, тыныштандыратын
Жауаптары:
1. Ә
2. В
3. Б
4. Ә
5. В
6. А
7. Ә

Іv. Оқушыларды бағалау. Өзін-өзі бағалау.
Барлық сұраққа дұрыс жауап бергендер орындарынан тұрады. Келесі 4-ке жауап бергендер орындарынан тұрсын. 3-ке жауап бергендер орындарынан тұрсын. Топта белсенді қатысқандар смайлик арқылы бағаланады.

V. Үйге тапсырма беру.
53-жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.