.
.
Ана тілі, 1- ші сынып. Кемпірқосақ. Сөйлем.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2233 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырып: Кемпірқосақ. Сөйлем.
Мақсаты: Мәтіннің мазмұны арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын
тәрбиелеу, табиғаттың сұлулығын көре білуге, тамашалауға үйрету;
сөздік қорын байыту, анық сөйлеуге төселдіру; сөйлем туралы білімдерін
пысықтап, кеңейте түсу, сызба бойынша сөйлем құрастыруға
жаттықтыру; оқу және жазу дағдыларын арттыру.
Көрнекілік: үлестірмелі қималар, сюжетті сурет, әшекей бұйымдар.
Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, ойын, өздік жұмыс, сұрақ-жауап, сыни тұрғысынан
ойлау.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
(алақанымызды бір-бірінін үстіне қойып,
сәтттілік тілеу)
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру
1. Көркем жазу Д-50б – 2-жат
2. Талдаулар: дыбыстық, буындық, тасымал
3. Сөйлем құрастыру, дәлелдеу (Ереже сұрастыру)
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Топтарға бөліну, топ басшысын сайлау.
2. Жұмыс ережесімен таныстыру.
3.Тапсырмаларды орындау.
№ 1. Каждый Охотник Желает Знать,
Где Сидит Фазан.
(Әрбір сөздің алғашқы дыбысына орыс, қазақ,
ағылшын тілінде түстер келтіру)
Красный – қызыл – red
Оранжевый – қызғылт – oranq
Желтый – сары – elou
Зеленый – жасыл – grin кемпірқосақ
Синий – көк – blu туралы жұмбақ
Голубой – көгілдір –
Фиолетовый – күлгін –
«Болжау» стратегиясы бойынша жұмыс:
- Қандай сурет салар едіңдер?
№ 2. Мәтінмен жұмыс:
а) Мұғалімнің оқуы (оқу барысында тақтаға суреттер іліп отыру)
ә) Оқушылардың оқуы, сөздік жұмыс жүргізу.
б) Талдау: - Әңгіме ұнады ма?
- Қандай әсер етті?
- Кейіпкерлерін ата.
- Кемпірқосақ туралы не білдіңдер?
Тірек сызба: Жаңбырдан кейін
Күн сәулесі
Кемпірқосақ 7 түсі бар
Түстер ретімен тұрады
Тәжірибе өткізу: Фионит тастары бар әшекей бұйымдарды күннің көзіне
жалтыратып қарастыру.
Қорытынды: ақ түсті тас күн сәулесі тиген кезде әртүрлі түстер береді.
№ 3. Дәптерде өздік жұмыс. Д – 49б – 1жат.
Кемпірқосақ суретіне қарап түстерді көркем жазу.Бағалау.
№ 4. Топтық жұмыс. І-топ: кемпірқосақтың суретін салу;
ІІ-топ: кемпірқосақ туралы өлең құрастыру;
ІІІ-топ: кемпірқосақ туралы 3 сөйлем құрастыру(! ? .)
IV-топ: «кемпірқосақ» сөзінен жаңа сөздер шығару.
№ 5. Тапсырмаларды ортаға салу, мадақтау.
Топ басшылардың жұмыс есебі, сыныптастарын бағалау.
№ 6. Рефлексия
IV. Қорытынды.
- Не білдіңдер?
- Не үйрендіңдер?(оқушылардың жауаптарын қабылдау)
V. Үйге тапсырма: 96-97 беттерді оқу, 153-жаттығу.
Әдебиеттік оқу, 2 сынып
Тақырып: Алғыс. М. Төрежанов.
Мақсаты: мәтіндегі негізгі ойды түсмінуге жағдай жасау;
танымдық,есте сақтау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
мейірімділікке, еңбекқорлыққа баулу;
Көрнекілік: жеміс – жидектертердің суреттері, «Күз» тақырыбына
оқушылардың суреттері, мақал – мәтелдер.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері; амандасу.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
1.Жұмбақ: Жиын – терін болатын,
Қамбаға астық толатын,
«Қызыл қырман» ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсын?!
2.Сөз тіркестер: алтын
КҮЗ берекелі
маужыраған
- Қалай түсінесіңдер?
3. Оқушылар үйде дайындаған көкөніс – жемістер туралы
жұмбақтарын айтады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Кіріспе әңгіме:
Топырақ Ауа
Тұқым Жылу
Еңбек Су
Жарық
2. АС картасы бойынша жұмыс:
Қан қызыл қызанақ - Пісіп тұрған қызанақ
Майда топырақ - Ұсақ топырақ
Игі еңбек - пайдалы, жақсы еңбек
Жомарт - қолы ашық
Алғыс - ризашылық
3.Мәтінмен танысу.
А) мұғалімнің оқуы Ә) оқушылардың оқуы
4. Мәтінді талдау .
- Әңгіменің кейіпкерлерін атаңдар.
- Әңгіме қалай басталады? Мазмұндап беру.
- Қасым мен Хасен кімдерге алғыс айтты?
Тақтада:
АДАМ
КҮН
ӨСІМДІК
СУ ЖЕР
- Ендеше, нағыз алғыс иесі кім екен?
- Неліктен?
- Дүниетану пәнінен алған білімдеріне сүйене отырып күн, су, жер, ауа
тіршілік үшін қаншалықты қажеттілігін дәлелдеңдер.
IV. Қорытынды.
1.- Әңгіменің негізгі ойы қандай?
- Автор осы ойды не арқылы жеткізді?
- Қандай сөздерде әңгіменің негізгі ойы?
2. Еңбек туралы мақал – мәтелдер келтіргізу, мағынасын ашқызу.
V. Ой толғау.
1. Оқулықтағы сурет бойынша әңгімелесу.
2. Алғыс алған сәттерін әңгімелеп беру.
VІ. Бағалау. Үйге тапсырма: 43 - 45 беттерді оқу,
диафильм құрастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.