.
.
Еңбекке балу. 4 сынып. Шымкент қаласының №66 «Қазғұрт» орта мектебіның бастауыш сынып мұғалімі Жарылқапова Манзура. «Кептірілген өсімдіктерден дайындалған панно жасау»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2868 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақ тақырыбы: «Кептірілген өсімдіктерден дайындалған панно жасау»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кептірілген өсімдіктерді дайындау арқылы панно жасауға, ұлттық тәрбие беру, танымдылық қабілеттерін, қол өнер шеберлігі мен әсемдігін бойына сіңіру, таныта білу.
Сабақтың
дамытушылығы: Еңбек тақырыбына байланысты мақал-мәтел айтуға, жұмбақтарды шешуге қызығушылығын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық гигеиеналық талаптарын орындату.
Сабақтың
тәрбиелік мәні: Оқушыларға табиғи материалдарды танып-білу арқылы эстетикалық тәрбие беру. Материалды үнемдеп ұқыпты жұмыс істеуге және дұрыс пайдалануға үйрете отырып, Отанды сүйуге, табиғатты қорғауға, ұйымшылдыққа, іскерлікке, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жарыс сабағы.
Топпен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: Табиғи материалдар қайшы, клей, «Еңбек папкасы» сызғыш, қалам, түрлі түсті қағаздар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Сабақты Қазақстан Республикасының әнұранымен бастаймыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Гүл шоғын құрастыру өнері арқылы әр түрлі гүл шоқтарын жасап келгендерін тексеру,
сұрақ-жауап арқылы қортыу.
3. Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымызды жарыс сабағынан бастаймыз. Бәріміз бірге отырып жарысып сөз жұмбақты шешеміз.
1. Ең алып жануар
2. Қазақстанның бұрынғы астанасы
3. Қасиетті тағам
4. Іс тігетін құрал
5. Екі таңбалы сан.
Сонда бізде қандай сөз шықты? - Панно. Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздың аты «Кептірілген өсімдіктерден дайындалған панно жасау».
Панно дегеніміз не?
Панно деген сөз сендерге түсінікті болса, ендеше кептірілген өсімдіктерден дайындалған панно жасаймыз. Оқушыларға қалай жасау жолдарын түсіндіре отырып панно жасап көрсетемін.
- Ал енді балалар түгел халаттарыңды киіп, еңбек папкасын ашып панно жасауға дайындалыңдар. Балалар нені естен шығармауымыз керек.?
Техника қауіпсіздігін есте сақтай отырып өздері жасай бастайды.
Осы кезде 3 топтан 3 оқушы шығарып «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз.
1. Ұсақ моншақтан панно жасау.
2. Былғарыдан шашақ жасау.
Тез жасап болған оқушыны мадақтау. Оқушылардың жасаған панносын тексеріп шығамын. Әр топтың жұмысын бір-бірімен салыстырамын.
-Балалар сендер панноны неден жасадыңдар? «Жапырақ» деген сөзден 5 жолды өлең құрастыру. 3 топтан 3 оқушыға оқытамын.
Балаларға сұрақ қою.
-Ұлы отан соғысы қашан болды?
-Қай жылы аяқталды?
-Қазір қай жыл, қандай жыл?
-Арасында неше жыл өткен?
- Қандай батырларды білесіңдер?
Ендеше батырларды ескет ала отырып 60 жылдыққа қандай панно жасауға болады. Кептірілген өсімдіктерден өз ойларыңнан мына суретке қарап панно жасаңдар.
Оқушылардан Отан, батырлар, еңбек туралы мақал-мәтел сұрау 3 топты жарыстыру.
Осыдан кейін «Венн диаграммасын» құру.
сабақ
жапырақ
Жұмбақ шешу.
.
1. Жарқылдаған қос қылыш
Қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы)
2. Тап-тап, тап жорға
Табаны жоқ боз жорға
Желіп кетсе жеткізбес
Жерге түссе таптырмас (ине)
Онда барып, ондай болдым,
Мұнда болып мұндай болдым,
Белін буған қылдай болдым. (ши)
Сабақты бекіту:
Оқушылардың алған білімдерін тест арқылы бекітіп қортындылаймын.
Бағалау:
3 топтың оқушыларын ұйымдастыра отырып қорытынды жасап бағалаймын. «Өте жақсы», «жарайсыңдар» , «жақсы», «бәрекелді».
Үйге тапсырма:
Кептірілген өсімдіктерден өз ойларыңнан 3 топқа жануарлардың, құстардың көбелектердің панносын жасап келу.
Келесі сабаққа сымтемір, моншақ , пламасса, жіп, ине алып келіңдер.
Осымен сабақ бітті.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.