.
.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Кесінділерді нүкте арқылы бөліктерге бөлу.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1248 | Размер: | Автор: Нартай4540Ашық сабақ
тақырыбы:
Өткізген: Рахимжанова Б.Қ.
4 Ғ сыныбы
Математика.
Тақырыбы: Кесінділерді нүкте арқылы бөліктерге бөлу.
Мақсаты: а) Оқушыларға кесінділерді нүкте арқылы бөліктерге бөлуді және пайда болған жаңа кесінділерді оқып, жазуды меңгерту.
ә) Оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
б) Оқушылардың ой-өрісін, танымын арттыру.
Сабақтың түрі: Пирамидалық сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, СТО стратегиялар.
I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Қане, балалар, мына жұмбақты шешейікші.
Күндіз бар, түнде жоқ. Ол не?
- Әрине, күн (интерактивті тақтадан күннің суреті шығады)
Психологиялық дайындық.
- Сәлем, достар!
Көзімді таңмен ашамын!
Әлемге нұр шашамын.
Мен алтын күннің сәулесімін,
Сендер мені көргендеріңе қуаныштысыңдар ма?
- Достар мені ұстап көріңдерші.
Көздеріңді жұмыңдар. Бастарыңды көтеріңдер. Мен сендердің беттеріңдемін, мені сипап көріңдер. Енді көздеріңе жеттім, бастарыңдамын.
Енді бір-бірімізге күлкі сыйлайық.(Балалар бір-біріне қарап жымияды)
II Үй тапсырмасын тексеру.
- Ал енді осындай көңіл-күйімен сабағымызға назар аударайық.
Барлығымыз назарымызды үй тапсырмасына аударайық.
Үйге қандай тапсырма берілді? №5 53-бет.
а)
Қосылғыш 1254*31 12428:26 855:285 25899 30220
Қосылғыш 25250 25108 11*265 90052-680 300:20
Қосындының мәні
ә)
Азайғыш 273*158 452*42 12654+355 100000
Азайтқыш 9711:83 7705:67 2458:2 2306*3
Айырманың мәні
(Оқушылар мәнін жазады) (II слайд тақтаға шығады.)
III Жаңа сабаққа әзірлік. Миға шабуыл.
I топ II топ III топ
(III слайд. Кесінді, нүкте, бөлік сөздері шығады.)
- Балалар, кесінді, нүкте, бөлік сөзі сендерге қандай ой туғызды? (Жауаптары әртүрлі)
- Иә, балалар бұл сөздер.
- Балалар, осы сабақта сендер не білгілерің келеді?(Оқушылар сұрағын таңдау)
- Балалар, мен сендердің сұрақтарыңа жауап бермеймін, бірақ жауабын табуға көмектесемін. Ол үшін сендердің көмектерің қажет.(Пирамида жуйесимен танысу.) Сабақтың мақсатын, тақырыбын айту.
- Кесінділерді нүкте арқылы бөліктерге бөлуді үйренеміз.
(Интерактивті тақтада IV слайд көрсетіледі.)
- Қандай қорытынды жасауға болады?
- Олай болса, пирамиданың бастапқы бөлігін құрайық.
- Ал,енді пирамиданың «терең таныстық» бөлігін құрау үшін әр топқа жеке тапсырма. Оқулықтағы №2 тапсырма.
№3 а) I, II топ.
ә) III, IV топ.
«Кубизм» стратегиясы.
№4 I топ (а) III, IV топ (б)
II топ (ә)
№5 786*х=83201+22909 I топ
(3850+1892):х=638 II топ
5088:х=256626:807 III топ
(6000-1744):х=8 IV топ
«Сиқырлы таяқша»
Ойлау есептері. (Сиқырлы таяқша)
Әр топқа логикалық 3 сұрақтан қою.
IV Бекіту.
Балалар, бүгінгі сабағымызда нені оқып үйрендік?
Кесінді дегеніміз не? Тағы қандай геометриялық фигураларды білдіңдер?
«Бес жолды өлең» стратегиясы.
1. Кесінді(зат есім)
2. ___________(сын есім)
3. ___________(етістік)
4. ________ ________ ________ ________(сөйлем)
5. ___________(синоним)
- Балалар, сабағымызды қорыта келе нәтижесінде, біз пирамида тұрғыздық. Яғни бүгінгі сабақта жүктелген міндеттерімізді орындай білдік.
Рефлексия.
Сабақта не ұнады?
Нені білдің? Нені білгің келеді?
V Үйге тапсырма №6
VI Қорытынды. Сабақты аяқтау, бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.