.
.
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем. Хабарлы сөйлем.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2321 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға хабарлы сөйлем туралы түсінік беріп, мәтін,
сөйлем жайындағы білімдерін, байқағыштық қабілеттерін
арттыру.
2.Сөздік қорларын, сөйлеу тілдерін дамыту.
3.Әдемі, таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі:Слайд, сематикалық карта.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды сабаққа дайындау.
1.Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап арқылы білімін тексеру. 1-2 оқушыға үй жұмысын оқыту, ереже сұрау. Дәптерлерін жинау.
1. Ой шақыру.
Мәтін туралы білімдерін тексеру.
-Мәтін дегеніміз не?
-Мәтін бөліктері.
-Мәтіннің неше түрі бар?
2. Жаңа сабақ
2. Ой қозғау. Топтастыру.
Соның ішінде бүгін Хабарлы сөйлеммен танысамыз.
2. Мағынаны таныту.
Оқулықпен жұмыс: Оқулықтың 75-бетін ашыңдар.224-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Әр сөйлемде не туралы айтылған. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.
а) Ережені оқып таныстыру. ә) Ережелерді сөйлемдер арқылы дәлелдету.
Ереже: Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
Дәптермен жұмыс: Күннің жады. Көркем жазу. «Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі». Кк көзілдірік, күрек.
225-жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз. Мәтінге ат қой.
Бұлбұл.
Бұлбұл-кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.
Бұлбұл туралы білетіндерін айту, еске түсіру.
Сергіту сәті.
(Сөйлемді аяқта ойыны) . Адасқан сөздерден сөйлем құрау.
226-жаттығу. Сөздерді оқып, әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін бір бөлек топтастыр.
Әйелдер киімі. Ерлер киімі:
Сәукеле Жейде.
Орамал Күпі
Жаулық. Құлақшын
Ішік. Шекпен.
Қамзол.
Шәлі.
Топтық жұмыс: 227-жаттығу.
1-топ: Орамал сөйлем құрау, дыбыстық талдау.
2-топ: Құлақшын сөйлем құрау, дыбыстық талдау.
227-жаттығу. Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелде.
Менің досым Қырғыстанда тұрады. Мен оған өз елім туралы мақтанышпен жазамын. Ол жазда Алматыға келмекші. Досымды асыға күтіп жүрмін.
3. Ой толғаныс. Симантикалық картамен жұмыс.
Терме диктанты.
Хабарлы сөйлемді тауып жаз.
Ажар кітапханаға барды. Үйді кім салады? Алақай, ертең концертке барамыз.
Сыныпта өнерлі оқушылар бар ма? Бүгін қар қалың жауды.
Ойды шынықтыруға тапсырма. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыру.
А) Әсел, айтады, ән, Отан туралы.
Ә) Болат, тартады, домбыра.
Б) Концерт, қоясыңдар, ма, сендер.
В) Қандай, керемет, даусы.
4.
5. Бекіту сұрақтары.
6. Тест жүргізу.
1) Сөйлемнің неше түрі бар?
А) 2. ә) 1. б) 3.
2) Дұрыс сөйлемді тап.
А) Оқиды Асхат сыныпта екінші.
ә) Асхат екінші сыныпта оқиды.
Б) Сыныпта оқиды бесінші Асхат.
3) Хабарлы сөйлемнің соңынан қандай белгі қойылады?
А) Нүкте Ә) Сұрақ белгісі. Б) Леп белгісі.
4) Сөйлем деген не?
А) Тиянақты ойды білдіреді.
Ә) Заттың қимылын білдіреді.
Б) Заттың түсін білдіреді.
5) Мәтін түрлері.
А) Басы, негізгі, соңы.
Ә) Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.
Б) Хабарлы, сұраулы, лепті.
6) Дауысты дыбыс неше түрге бөлінеді?
А) 3. Ә) 2. Б) 4.
7) Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
А) 2. Ә) 3. Б) 4.
8) У дыбысы қандай дыбыс?
А) Дауысты Ә) Дауыссыз Б) Кейде дауысты, кейде дауыссыз.
1. Сабақты қорыту.
Өзіңді тексер.
Нені білем? Нені үйрендім? Нені үйренгім келеді?
Сөйлем
Мәтін
Сөйлем түрлері Хабарлы сөйлем Сұраулы, лепті сөйлемдер туралы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.