.
.
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем Хабарлы сөйлем
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1483 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1.Жаңа тақырыпты ашуарқылы оқушылардың хабарлы сөйлем және оның тыныс белгісі
жайындағы білімдерін қалыптастыру.
2.Оқушылардың тілін,шығармашылық қабілетін дамыту,әдемі,көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.Ой-өрістерін,өз ойын ашық әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3.Жақсы мінез-құлыққа,сөз мағынасын түсініп,байланыстырып сөйлеуге,сөздік қорларын
молайтуға жетелеу.Сөйлеу шеберлігін,мәдениетін қадағалай отырып,өз ана тілін құрметтеуге,
сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта пайдалану арқылы хабарлы сөйлем туралы
слайдтар, түрлі-түсті суреттер,ережелер,тірек схемалар,шаблондар,т.б.
Сабақтың типі: Жаңа материалдар түсіндіру.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:Үш өлшемді әдістемелік жүйе.
Пән аралық байланыс:бейнелеу өнері,өзін-өзі тану пәні,ана тілі,дүниетану,т.б.пәндер.
Сабақтың жүрісі:І.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.
б)Оқушылардың ұраны
Оқушының деңгейі
ІІ. Үй тапсырмасы:
223-жаттығу
Ребусты шешіп,шешуіндегі сөзге әңгіме құрау.
Ережені еске түсіру:
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Сөйлемнен соң не нүкте(.),не сұрау белгісі (?),
не леп белгісі (!) қойылады.
Алгоритмдік саты
Көрініс
Сыныпқа Айжамал хабар әкеледі.
Хабарландыру
11-ші желтоқсан күні сағат 5-те “Балдәурен” фестивалінің ән байқауы
өтеді.Қатынасуларыңыз сұралады.
Мектеп әкімшілігі
Оқушыларға ережені өз беттерімен шығарту.
Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді
хабарлы сөйлем дейді.Хабарлы
сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады:
Оқушылар мұражайға барды.
224-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы.Әр сөйлемде не туралы айтылған?
Итбалық балықпен қорек-тенеді. Ол өте жақсы жүзеді,
керемет сүңгиді.Аяқ орнында жүзу қанатшалары бар.
Итбалықтың күшіктері де аппақ.Сондықтан оларды ақүрпек деп атайды.
Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.
Эвристикалық саты
225-жаттығу
Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып
көшіріп жаз.Мәтінге ат қой.
Бұлбұл-кішкентай құс ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды
Бұлбұл
Бұлбұл-кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.
226-жаттығу
Сөздерді оқып,әйелдердің киімін білдіретін
сөздерді бір бөлек,ерлердің киімін бір бөлек
топтастыр.
Сәукеле,орамал,жейде,
жаулық,күпі,құлақшын,
ішік,қамзол,шәлі,шекпен.
Алдыңғы жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
227-жаттығу
1-ші қатар: ОРАМАЛ
2-ші қатар: ҚҰЛАҚШЫН
3-ші қатар: ҚАМЗОЛ
Шығармашылық саты
228-жаттығу
Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелде.
Менің досым Қырғызстанда
тұрады. Мен оған өз елім туралы
мақтанышпен жазамын.Ол
жазда Алматыға келмекші.
Досымды асыға күтіп жүрмін.
Хабарлы сөйлемді тауып жаз
Сөйлемдер Дұрыс жауабы Сөйлем атаулары
Ажар кітапханаға барды Сұраулы сөйлем
Үйді кім салады Хабарлы сөйлем
Алақай,ертең концертке барамыз Хабарлы сөйлем
Сыныпта өнерлі оқушылар бар ма Лепті сөйлем
Бүгін қар қалың жауды Сұраулы сөйлем
Үйге:228-жаттығу
Жоспар бойынша әңгіме құрау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.