.
.
Мақсаты: Оқушыларды халық ауыз әдебиетімен таныстыра отырып, елжанды болуға баулып, ана тілін қастерлеп, құрмет тұтуға тәрбиелеу.Топтаса отырып жұмыс жасауға , бір-біріне көмек бере білуге, бірін-бірі сыйлауға, үлкендерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Мақал-мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаштар айту арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.Ата-аналар мен мектептің байланысын нығайтып, оларды тәрбиелік шаралараға белесене қатысуға қызығушылықтарын арттыру. «Халық ауыз әдебиеті-асыл мұра» атты ашық сағаты
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1825 | Размер: | Автор: Нартай4540Көрнекілігі: нақыл сөздер, сайысқа қажетті құралдар мен тапсырмалар, интерактивті тақта.
Әдіс-тәсәлдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
Сабақтың түрі: сайыс
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы :Мұғалім: Қош келіпсіздер құрметті ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер! Бүгін тіл мерекесі қарсаңында өткелі отырған «Халық ауыз әдебиеті-асыл мұра» атты ашық сағатымызға қош келдіңздер. Бүгінгі сайысты тамашалауға келіп отырған қонақтарға бірнеше сұрақтар қойғым келіп отыр:
- Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
- Оларға нелер жатады?
- Олар біздергі дейін қалай сақталып келеді?
- Оның балалар үшін қандай маңызы бар?
/ қонақ ата-аналар, мұғалімдер бір-бірден тұрып оқушыларға толық жауаптар береді /
« Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.» - деген екен Ғ.Мүсірепов.
Олай болса ана тілін қастерлеп, құрметтей білейік деп оқушылардың орындауындағы «Ана тілім» хорын қабыл алыңыздар.
Мұғалім: Бүгінгі күнге дейін алған білімдерін өз ана тілдері мерекесінде пайдаланғалы отырған 1 ә класс оқушыларын және кластың белсенді ата-аналарын құрметпен ортаға шақырайық! Бірінші топ: «Сұңқар», екінші топ «Тұлпар».
Әр сайыстың төрешісі болады,
Әр тартыстың нәтижесі шығады.
Әділ баға беретін қазылармен ,
Танысқымыз келеді де тұрады – демекші сайысымыздың төрелігін беретін
әділқазылармен танысып өтейік:
1.Мектеп директоры - Кулсарина М.К
2.Тәрбие ісінің меңгерушісі – Аманова К.Л
3.Мектеп кітапханашысы – Исатаева А.А.
1 айналым «Жұмбақ»
Ата-аналараға: Сөзжұмбақ шешу.
Оқушылар: Бір-біріне жұмбақ жасырады.
«Сұңқар» тобына.
1.Қос құлағы бар, басы жоқ,
Қарны дәу, асы көп. / қазан /
2.Белі бұлған,
Қоқысты қуған. / сыпырғыш/
3.Қорапқа қамалып,
Айтады жаңалық. / радио /
4. Тілден ұшып,
Құлаққа қонады. / сөз /
5.Түнде күлімдейді,
Суда дірілдейді. / ай /
«Тұлпар» тобына:
1.Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды. / күн /
2.Аспанға жайып қойған,
Ақ мақтам ғайып болған. /ақша бұлт /
3.Қатар-қатар тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. / тіл мен тіс /
4.Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. / кітап /
5.Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. / жұлдыз /
2 айналым. «Мақал-мәтел құпиясы»
Ата-аналарға: Берілген суреттерге қарап , мақалдар ойлап табады.
Оқушыларға: « Ойнай отырып, ойла» түрлі түсті асықтарды таңдау арқылы сол түске сәйкес келген тақырыптағы мақалдың жалғасын айту.
Сары асық – еңбек туралы мақал.
Қызыл түсті асық – Отан туралы мақалдар.
Көк түсті асық- тіл туралы мақал.
Жасыл түсті асық – кез-келген тақырыпта мақал айту.
Сары асық –еңбек туралы мақалдар:
1.Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2.Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
3.Ердің атын еңбек шығарар.
4.Еңбегі аздың, өнбегі аз.
5.Еңбек қуған қазынаға жолығады.
Көк асық – тіл туралы мақалдар:
1.Адам көңілден азады,
Тілден жазады.
2.Ақынның тілі қылыштан өткір.
3.Ауызда жиек жоқ,
Тілде тиек жоқ.
4.Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
5.Бал тамған тілден, у да тамар.
6.Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
7.Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Қызыл асық –Отан туралы мақалдар:
1.Отан – қуат,
Отбасы-шуақ.
2.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
3.Отан-оттанда ыстық.
4.Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
5.Егемен елдің-еңсесі биік.
6.Елің – панаң,
Жерің – анаң.
Жасыл түсті асық – кез-келген тақырыпта мақалдар:
1.Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
2.Білім инемен құдық қазғандай.
3. Білекті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар,
4.Күшіңе сенбе,
Ісіңе сен.
5.Үлкенге құрмет,
Кішіге ізет.
3 айналым «Дыбыстар сыры»
Ата-аналарға: таңдалған әріптен басталатын сұраққа жауап беру.
Оқушыларға: таңдалған әріптен басталатын сөздер айту.
4 айналым «Сыр сандық»
Ата-аналарға: Сандықта жасырылыған сөздерді синоним сөздермен көрермендерге түсіндіріп беру, әр жауапқа бір ұпайдан беріледі.
Оқушыларға: Сандықтың ішінде жасырылған затты сипатына қарай тауып, атын атау.
1.Ұлттық тағам, мал сүтінен жасап кептіреді.Жолға шыққанда азық түрінде қолданған.
Оның көлемі де түрлі-түрлі болады.Қалада оны сатады.Ауылда әр бір үйден табылады.
/ құрт /
2.Күміс не алтыннан соғып жасалған, әдемі ою-өрнектермен әшекейленген қазақтың
зергерлік бұйымдарына жататын әдемі әшекей.Оны көбіне әжелер, үлкен аналар тағады.
/ білезік /
3.Әдемі ою-өрнектермен әшекейлеген, көшіп-қонуға ыңғайлы баспана. / киіз үй /
4.Ағаштан жасалған, музыкалық аспап. Оның әуенінен түрлі әуендер шығады.Оны
меңгеріп, тартқан адамды күйші деп атайды. / домбыра /
5. Шөлді жерде көп ұсталатын жануар, суға шыдамды, жүк артуға ыңғайлы. / түйе /
6. Сәбилердің мекені, ағаштан жасалады. Бағалы, әр үйде болады. / бесік /
5 айналым «Өнерлі адам – сүйкімді »
Ата-аналарға: өлең құрастыру.
Оқушыларға: бір-біріне жаңылтпашты айту, оны қайталап қатесіз жылдам айту.
Мұғалім:
Болашақ үшін қиындыққа қол созған,
Үміт күткен ел арманын қолдасын.
Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан
Ізгі ниет, жақсы өнеге тозбасын , - деп әділқазылар толық шешімге келгенше Құдырет пен Назымның айтысын қабыл алыңыздар.
Қорытынды:
Сайыскерлерді марапаттау, сыйлықтарын табыс ету.
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтіңмен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім, ардақ тұтар алтыным.
Сіздер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқар, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.