.
.
Төлтай Шанов атындағы орта мектеп Киіктің айласы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1700 | Размер: | Автор: Нартай4540Еденова Гүлшат Құлекенқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Киіктің айласы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ә. Қоңыратбаев туралы қосымша түсінік беру, мәтінді оқи
отырып киіктің пайдасы, оның ерекшелігі туралы мағлұмат
беру, мәтін мазмұнын меңгерту
Дамытушылық: тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғы-
сынан ойлауын, қиялын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: табиғатты сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, топтастыру,ой- қозғау, талдау,
түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар, кітаптар, кеспелер т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
ІІ. Ой қозғау
- Үнтаспадан «Жез киік» әнін тыңдату
- Оқушылар өлеңнің мазмұнын айтады.
«Топтастыру» стратегиясы
- Киік туралы білетіндерін жазады.
«Тауып оқы» ойыны.
- Орны ауыстырылып берілген сандарды дұрыс қоя отырып бүгінгі сабақ
тақырыбын анықтау.
«Терминдерді болжау» стратегиясы
- Үнсіз бейнені сөйлету. Суретпен жұмыс жасау.
ІІІ. Мағынаны тану.
- Ә.Қоңыратбаевтың «Кміктің айласы» тақырыбы.
- Автор туралы мағлұмат беру.
Сұрақ:
- «Киіктің айласы» тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?
/оқушылардың пікірін тыңдау/
Оқулықпен жұмыс:
- мұғалімнің оқуы
- тізбектей оқу
- дауыстап оқу
Сөздікпен жұмыс.
- Сөздікпен жұмыс жасай отырып жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер ойлату.
- Табиғат құбылыстарына байланысты қазақы ырым-тыйымдар айту.
Сұрақ:
- Табиғат құбылысында киікке қатысты айтылатын бір ұғым бар, ол қандай ұғым?
/дүниетан пәнімен байланыстыру/
- Табиғат құбылысына байланысты айтылған «Құралай желі» деген ұғым бар.
Мамыр айының 20-25 аралығында киік лағын соңына ертеді. Сол кезде күн салқындап, жауын жауады. Осы құбылысты «Құралай желі» немесе «Құралай салқыны» деп атайды.
- Суретпен жұмыс.
ІІІ. Ой толғаныс
Семантикалық карта толтыру.
Аты
Өмір сүру ортасы
Қозғалысы
Қорегі Аса ерекше
суда құрлықта әуеде ұшады жүреді жүзеді өсімдік ет насиком
Қой
Бүркіт
Киік
ІV. Үйге тапсырма:
- Ана туралы мақал-мәтел жаттау.
V.Бағалау
- Бүгінгі сабақтан алған әсерім. Оқушылар көңіл күйін суреттейді.
- Бүгінгі сабаққа қатысымын өз-өздеріне бағалату.
Шалқар ауданы
Жылтыр селосы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.