.
.
Әдебиеттік оқу 2 сынып Кім болғым келеді?
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2282 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Кім болғым келеді?
Сабақтың мақсаты: «Мамандық» туралы әңгімелеп беру. Сөздік қорын байыту, ой-пікірін айта білуге үйрету. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Еңбекке баулу, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Көрнекілік құралдар: интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме балалар! Отырыңдар! Кім кезекші? Сыныпта кім жоқ? (сынып түгел)
-Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
- Қазір көктем жыл мезгілі
- Көктем айлары қай айлар?
-Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
-Көктемде ауа райы қандай болады?
- Бүгін ауа райы қандай?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Наурыздың нешесі?
Үй тапсырмасын тексеру. Мәтіннің мазмұнын айтып беру. «Нан дастарқанға қалай келеді? Кім айтып береді? Сендер «Нан» туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін сабақтың тақырыбымыз «Кім болғым келеді?». Біріншіден жаңа сөздермен танысайық.
Қадірлеу- ценить, асықпай- не спеша, жауапты- ответственный, озат болу- быть отличником, мақтану болу- быть гордостью, мамндық – профессия.
Сөздерді дұрыс айтқызып, осы сөздерден сөз тіркестерін құраңдар.
Суреттермен жұмыс. (интерактивтік тақтаны пайдалану)
Кім болаларды тәрбиелейді? Тәрбиешіні қайда көруге болады?
Құрылыста кім үйлерді салады? Бұл кім?
Наубайшы не істейді?
Бұл кім? Аспаз не пісіреді?Ол қайда жұмыс істейді?
-Балалар, суретте кімді көріп тұрмыз?Сатушы не сатады?Бұл қандай дүкен?
Машинаны кім жүргізеді? Жақсы жүргізші болу үшін не білу керек?
Кім шашты қияды? Ол қайда жұмыс істейді?
Зергер не жасайды?
Бұл кім? Дәрігер не істейді? Ол қайда жұмыс істейді?
Дәптермен жұмыс
-шы, -ші жұрнақтарын жалғап сөйлем құрастырыңдар
Егін..., оқу..., тәрбие..., қой..., балық..., сату..., наубай..., аспаз... .
Сергіту кезеңі
Ұзын мұрты құмырсқа
Бара жатыр жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Оң жағына қарады
Сол жағына қарады
Үлкен тау деп ойлады
Оқулықпен жұмыс
Диалогты толықтырып өзара сөйлесіңдер
Шағын әңгіме құраңдар.
Мен .... болғым келеді.
Ол не істейді?
Ол қайда жұмыс істейді?
Жақсы маман болу үшін, не істеу керек?
Қорытыңды
Бүгін сабақта не туралы білдік? Мамандықтар не үшін керек
Үй жұмысы
Жаңа сөздерді жаттау, сөздерді пайдаланып сөйлемдерді құрастыру.
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.