.
.
Мұғалім:Маденова Орынкүл Тілеуқұлқызы Кім күшті ?
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3226 | Размер: | Автор: Нартай4540Пәні : Әдебиеттік оқу
С ыныбы : 2 « Б» , № 101 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы : Кім күшті ?
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Мәнерлеп оқу дағдысын нығайта түсу , сұраққа толық жауап беруге машықтандыру , шығармадағы негізгі ойды таба білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік : Оқушыларды еңбексүйгіштікке , адалдыққа , адамгершілікке баулу , ұйымшылдыққа , табиғатты қорғауға , аялауға тәрбиелеу .
Дамытушылық : Топтағы жұмыс арқылы шығармашылықпен жұмыс жасай отырып , дүниетанымын кеңейту , өз пікірін ашық , еркін қорғай алу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру , баяндау , сұрақ – жауап , ой қозғау , топтық әдіс .
Сабақтың типі: Жаңа білім беру .
Түрі : Сайыс сабақ .
Техникалық құралдары : Слайдтар ,интерактивті тақта .
Сабақтың барысы :
1 . Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 3 топқа бөлу .
Білімділер тобы
Тапқырлар тобы
Ойшылдар тобы
Психологиялық дайындық :
Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз!
2 . Үй тапсырмасын тексеру .
Өлеңді мәнерлеп оқу, «Жер бетінде су жойылып кетсе , онда... » деген ойды жалғастырып жазып , су туралы мақал жаттап келу .
Оқушылардың жауаптарын тыңдап , мадақтау.
Үй тапсырмасын бекіту .
3 топ бір – біріне сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау .
3 . Жаңа сабақ .
Қызығушылығын ояту .
- Балалар, қараңдаршы бізге қырғауыл деген құс қонаққа келіпті.Ол жәй келмепті , сендердің білімдеріңді тексеруге келген екен , өзі де тапсырмалар дайындап келіпті . Қалай балалар , оның тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба ?
Оқушылар жауабы:
- Олай болса бірінші тапсырмасы мына бейнелі сөзді шешу қажет екен.
Интерактивті тақтадан бейнелі сөз шығады.
Кім күшті?
4. Мағынаны таныту.
- Жарайсыңдар балалар , сонымен бұл бейнелі сөз - бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Кім күшті ? » ертегісі екен .
- Балалар кітаптарыңның 174 - бетін аша қойыңдар .
- Сендер ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме ?
- Ертегі дегеніміз – шындық пен қиялдан туындаған халық ауыз әдебиеті шығармаларының бір түрі екен .
- Ал , күшті деген сөзді қалай түсінесіңдер ?
- Күшті дегеніміз - денсаулығы мықты , күші көп деген мағынаны білдіреді екен .
- Бұл ертегіні , Қырғауыл құсымыз өзінің басынан өткерген оқиғаны көрсетпекші болып алып келіпті . Олай болса барлығымыз тақтаға назар аударып , ертегіні тамашалайық .
Интерактивті тақтадан «Кім күшті ? » ертегісі қойылады.
- Балалар ертегі ұнады ма ?
Оқушылар жауабы.
- Олай болса сендердің қалай тыңдағандарыңды тексеру үшін қырғауыл сұрақтар дайындап әкелген екен , соған жауаптар берейік , жарай ма ?
Интерактивті тақтадан сұрақтар көрсетіледі .
- Неліктен құмырсқа бәрінен күшті деп ойлайсың?
- Адам күшті болуы үшін не істеуі қажет?
5. Оқулықпен жұмыс.
Жарайсыңдар балалар , өте жақсы . Енді келесі тапсырма :
Ертегіні мәнерлеп , түсініп оқу керек екен .
3 топтан оқушылар мәнерлеп оқиды .
- Жарайсыңдар , балалар өте жақсы . Енді балалар , ертегіні сахналап қойып көрейікші .
3 топтан балалар шығады .
6.Сергіту сәті.
Шығу үшін шымыр боп ,
Шынығамыз шаршамай .
Бұлшық еттер шымыр боп ,
Аламыз сосын тосын жәй .
Ал балалар енді қырғауыл 3 топқа бөлек - бөлек тапсырма бергісі келіп тұр екен .
1 – топ : Құмырсқаға мінездеме беру .
2 – топ : Күшті адамға мінездеме беру .
3 – топ : Қырғауылға мінездеме беру .
Ой толғаныс .
3 топ мақал айтып сайысады .
7 .Дәптермен жұмыс.
- Жарайсыңдар балалар , енді мына мақалды оқиықшы:
Күшіңе сенбе ,
Ісіңе сен .
Балаларға мақалдың мағынасын түсіндіріп , дәптерлеріне көшіріп жазып алулары керек екенін айтамын.
Дәптерімізді алайық ,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық ,
Көркем етіп жазайық !
8 . Жаңа сабақты бекіту , бағалау .
- Сонымен балалар біз бүгін қандай ертегімен таныстық ?
- Ертегі қалай басталады ?
- Кім кімнен мықты екен ?
- Ең мықтысы кім болды ?
- Енді балалар әр топтың жинаған жұлдызшалары мен төртбұрыштарына қарап бағалаймыз.
Интерактивті тақтадан қырғауыл көрсетіледі.
- Балалар , қараңдаршы қырғауыл сендерге риза болып , өз еліне қайтып бара жатыр , оған не айтамыз .
- Сау бол!
- Жарайсыңдар балалар , енді үйге тапсырма : Ертегіні мәнерлеп оқып , мазмұнын айту . Мазмұны бойынша сурет салу .
- Сабақ аяқталды ,сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.