.
.
Сабақтың тақырыбы: Кіріктірілген сабақ.Жеті лақ Кіріктірілген сабақ.Жеті лақ
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2028 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу,тиянақтау.
Дамытушылығы:Ойлау қабілеттерін дамыта отырып,ауызша,жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру,сөздік қорларын молайту,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру,сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі:Өз білімдерін пайдалана білуге,іздемпаздыққа,еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,ертегі
Сабақтың көрнекілігі:сызбалар,тапсырмалар, сурет, үлестірмелі тапсырмалар, ешкі және жеті лақ, плакаттағы тапсырмалар
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сабаққа назарын аудару.
Бүгін бізде ерекше сабақ болады.Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр.Бір сабақта бірнеше пәннен білімдерімізді қайталап ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.Сабағымыздың мақсаты:Өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу,тиянақтау Сабақта алаңдамай,еркін еңбек етіңдер.Өз ойларыңды қысылмай,ашық айтыңдар.Мен сендерге сәттілік тілеймін.
2.Психологиялық дайындық.
Мұғалім: - Екі көз не үшін керек ?
Балалар: - Жақсылықты көру үшін.
Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?
Балалар: - Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?
Балалар: - Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: - Екі аяқ не үшін керек?
Балалар: - Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.
- Балалар, бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап, көздеріңді жұмып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейік.Бір-бірлерімізге жақсы тілектер айтсақ бүгінгі сабағымызда «Жеті лақ»ертегісіне саяхат жасаймыз.Ертегі тыңдауға дайынбыз ба?
Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті.Бірде ешкі лақтарына азық әкелуге орман аралауға кетерде есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп ән саламын»,-дейді.
Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген.Ол лақтарды алдамақ болды.Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп,лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.Қасқыр үйге жақындап келіп,өзінің қарлыққан,қырылдаған даусымен:
-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!,-деді.
Лақтар:
-Естідік!Тыңдадық!Бұл-анамыздың дауысы емес.Біздің анамыз жіңішке,нәзік дауысымен әндетеді.Кет,қасқыр,біз саған есікті ашпаймыз,-деп жауап қатты.
Қасқыр ісмер адамға келіп,жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады.Ісмер таң-тамаша болды,бірақ тамағын қағып,оның дауысын жіңішкертті.
Қасқыр ешкі үйіне жақындап келіп,есігін қақты.Сонан соң жіңішке,нәзік дауысымен:
-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп әндетті.
Лақтар есікті ашты.Жауыз қасқырға керегі сол еді.Ол үйге баса көктей,кимелей кірді де,лақтарды бірінен соң бірін қылғытып алды.Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді.Сұрқия қасқыр жетінші лақты ұзақ іздеді,бірақ таба алмады.Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын.Сондықтан ол зытыа жөнелді.Ешкі үйіне келсе,есік айқара ашық жатыр.Үй ішінде ешкі көрінбейді.Пеш ішінен лағын тауып алды.Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып,зарлы үнмен жылады.
-«Лақтарым,шұнақтарым,көлге біткен құрақтарым!Есікті ашып қасқырға жем болдыңдар!
Енді не істеймін деп тұрғанда бір қағаз тауып алады.Ешкі сен оқушылардан көмек сұра.Ашық хаттың ішіндегі тапсырмаларды дұрыс орындаса лақтарыңды қайтарамын.Әр тапсырмаға 2 лақтан жіберемін деген екен.Ал дұрыс орындамаса қайтармаймын деп жазыпты.Балалар көмектесіңдерші,-дейді ешкі
-Иә балалар ешкіге көмектесеміз бе?
-Иә
Ендеше 1-тапсырма
Ойын «Құрастыр» (суреттен сөйлем құрап жаз)
Күн ашылды
Бала күркіреді
Құлын ойнады
Аспан кісінеді
(тақтаға орындау)Бір,екі,үш,
Бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Өлеңді мәнерлеп оқу
Ж.Сағындықовтың Шөре-шөре деген өлеңі
Шөре-шөре,шөлдедің бе,лағым?
Сонша неге елеңдейді құлағың?
Қойшы лағым,әлде қарның ашты ма?
Сен жыласаң менің келер жылағым.
Р.Тышқанбаевтың Лағыма өлеңі
Лағым-ау лағым,
Еркетотай шұнағым
Ағаштарды кемірсең
Құлағыңды жұламын.
-Лаққа байланысты кім әңгіме жазып келді?
Сергіту сәті
-Балалар шаршап қалған шығармыз барлығымыз орнымыздан тұрып
«Үйретеді бізді мектеп» өлеңін айтайық
-Міне балалар қасқыр уәдесінде тұрды .Тапсырманы дұрыс орындаған үшін бізге
2 лақты қайтарды
2-тапсырма
Буындардан сөз құраймыз
-Қандай сөз шықты?
-Олар қалай жазылған?
-Неліктен?
-Дұрыс кісінің аты-жөні бас әріппен басталып жазылады.Тағы қандай сөздер бас әріппен басталып жазылады? Жер-су аттары
-Неше адамның аты құралды?
-Сегіз (8)
-Ендеше 8 санының құрамын айта қойыңдаршы.
-Балалар ендігі кезек есепте.Есептің неше құрамды бөліктері бар,атаңдаршы.
-Дұрыс шарты,сұрағы,шешуі,жауабы.
-Олай болса мен есепті оқимын сендер мұқият тыңдаңдар.
Айдостың 10 лағы бар еді.Ол өзінің досына 4 лағын берді.Айдоста неше лақ қалды?
Барлығы-10 лақ
Берді-4
Қалды-? лақ
Шешуі:10-4=6 лақ
Жауабы:6 лақ
-Балалар келесі мамыр айының алғашқы мерекесін кім біледі?
-1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні.Қазақта мақал бар «Бірлік болмай-тірлік болмас»ендеше қазір бірігіп ойланып мына мысалдарды шығарып,салыстырайық.
2*9-2 3+5*5
1*6-2 4-2*3
«Әріпті және санды өрнектер ойыны» әріпті өрнек дегенде 1 рет шапалақтау,санды өрне дегенде 2 қол партада.
2+а 4+4 20+а 10-с 10-1 9-с 5+2
Міне балалар тапсырманы дұрыс орындаған үшін тағы 2 лақты қайтарды
3-тапсырма
Сергіту сәті
Жел соқты
Жаңбыр жауды
Жел басылды
Күн ашылды.
-Бізді қоршап тұрған не?
-Табиғат
-Табиғат нешеге бөлінеді?
Табиғат
Тірі Өлі
Тірі табиғатқа.өсімдік,жануар,ағаш
Өлі табиғатқа.жер,су,ай,күн,жұлдыз,ауа,тас.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем айларын еске түсірейікші (наурыз,сәуір,мамыр)
-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы.
Қар ериді.Күн ұзарады.Ағаштар бүршік жарады.Мал төлдейді.Жылы жақтан құстар оралады.
-Қыста ұйқыға кететін қандай жануарларда білесіңдер?
-Аю,бақа,борсық,тышқан,кірпі.жануарлардың ұйқыда болу мерзімі бірдей емес.Кейбіреуі қыста мезгіл-мезгіл сыртқа шығып,қайта келіп,жатып жүреді.
Аңдардың дұрыс қоректенуін сәйкестендірейік.
Түлкі өсімдік
Қоян сәбіз
Бұғы қоян
Тиын балық
Қасқыр жаңғақ
-Бақаның неше мекені бар?(суда,жерде)
-Жорғалаушыларға нелер жатады?(кесіртке,жылан)
-Бунақденелілерге ше?(қаңқыз,көбелек,ара,құмырсқа,қоңыз,шыбын)
-Аңдардың көктемгі тіршілігі жайында не айтамыз?
-Көктемде сүтқоректілер (төлдейді,күшіктейді,қоздайды)
-Киіктің лағын не деп атаймыз?
-Құралай желі қай уақытта болады?
-Адамның сезім мүшелеріне нелер жатады?
-Көз,құлақ,мұрын,тіл,тері.
-Көз-көру мүшесі
-Құлақ –есту мүшесі
-Мұрын иіс сезу мүшесі
-Тіл-әрә сөйлеу мүшесі
-Тері-сезу мүшесі
Міне балалар ең соңғы тапсырманы дұрыс орындадық.Қасқыр лақты жібере ме екен байқайық. Тамаша ең соңғы 2 лақты қайтарды.Қасеке сізге рахмет.Келесі сабақта да тапсырмаларды дұрыс орындаймыз.Лақты енді жемеші.
ІІІ.Қортындылау
-Қасқырдың берген барлық тапсырмасын орындап ешкіге көп көмегімізді тигіздік.Ешкі тәрізді тағы көмек сұраған адамдар болса көмек көрсетеміз бе?
-Иә,міне бүгінгі сабағымызда қасқырдың тапсырмаларын орындадық.Тапсырмалар қиын болды ма?
-Қай тапсырма қиын болды?
ІҮ.Рефлексия
-Сабақ сендерге ұнады ма?Несімен ұнады?
Ү.Бағалау жақсы қатысқан балаларды бағалау
Қарағанды қаласы
№30 жалпы білім беретін орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Кузембаева Л.Д
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.