.
.
Тақырыбы : Әліппе – білім бастауы Әліппе – білім бастауы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1734 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты : Оқушылардың білімдерін бекіту,олардың алған білім,білік
дағдыларын көрсету,тілін дамыту,сөздік қорын молайту,
ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі : интерактивті тақта, әліппе макеті,Ы.Алтынсарин суреті,
шарлар,рәміздер,мақал –мәтелдер,суреттер.
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру сәті.
2. Кіріспе сөз : Армысыздар , құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар.
Міне,бүгін біздің шәкірттеріміз бар ғылымның атасы Әліппені бітірді.
« Әліппе – білім бастауы » атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Қымбатты оқушылар ,білім жолына бастаған қадамдарың құтты болсын !
1. Әнұран орындалады.
Ата –ана : Шашу,шашу шашыңдар,
Ақ сандықты ашыңдар.
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасаңдар./шашу шашылады/
Оқушы :
Армысыздар, аналар,
Бармысыздар,балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі ән-жырымыз.
Оқушы :
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз.Өйткені,алғаш қолымызға ұстап хат танытып,сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.
Оқушы :
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе –ғылым ағасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Оқушы :
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе!
Оқушы :
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Оқушы :
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат ашып тойладық.
-2-
Мұғалім :
Балалар мен сендерге сұрақ қояйын.
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не ?
Хормен : Әліппе
Мұғалім :
Олай болса,бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен : Әліппе,Әліппе,Әліппе!
Әліппе :Сәлеметсіңдер ме ,достар! / оқушылар амандасады /
Әліппе : Достар сендер менен не оқыдыңдар, не үйрендіңдер ?
Хормен : Оқуды,жазуды,жұмбақ,жаңылтпаш,санамақ,өлең,ән үйрендік.
Мұғалім : Балалар,олай болса,сүйікті Әліппемізге рақметімізді айта отырып,Әліппеден алған білімімізді көрсетіп,өнерімізді ортаға салайық.
Оқушы :
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Оқушы :
Үйретіп алғаш бізге Әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Ән : « Мұғалім ол біздің »
Мұғалім :
Балалар , қазақ тілінде неше әріп бар?
Хормен : 42 әріп бар.
Мұғалім :
Ендеше тақтаға қарайық. Мұнда әріптердің біразы қызыл көйлек, біразы көк көйлек,ал мына екеуі қара көйлек киіп алыпты.Бұлар қандай дыбыстар екенін кім айтады?
Оқушылар : Қызыл көйлек дауысты дыбыстар,көк көйлек дауыссыз дыбыстар, ал қара көйлек жіңішкелік, жуандық белгілері.
Мұғалім : Ендеше неше дыбыс бар екен ?
Оқушылар : 40 дыбыс бар.
Мұғалім : Алфавит дегеніміз не ?
Оқушы : Әріптердің белгілі бір тәртіппен орналасуы.
Мұғалім: Енді алфавит сырын айтайық.
Оқушы :
Алфавиттің « А » тұрады басында,
Әрқашанда « Ә » тұрады қасында.
Байқадың ба « Б » тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде,түсінші ?
Оқушы :
« А » деген ол –аналар ғой ардақты,
« Ә » деген ол- әкелер ғой салмақты.
« Б » деген ол- балалар ғой әдемі ,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
-3-
Би :
Оқушы :
А әрпіне Т әрпін
Қосып едім ат болды.
Қосып едім атқа А-ны,
Атам оқып шаттанды. /ата /
Оқушы :
Екі тіреу,
Басқышы біреу.
Бұл қай әріп ?
/ Н /
Оқушы :
Арқасын тіреп жабысып,
Екі Р қалған жабысып.
Бұл қай әріп ?
/ Ф /
Оқушы :
Сақинаға қарайық ,
Ұқсайды оған қай әріп ?
/ О /
Мұғалім :
Балалар, ең алғаш мектеп ашқан кім ?
Оқушылар : Ы.Алтынсарин.
Мұғалім :
Ы.Алтынсарин атамыз сендерге қандай өсиет қалдырды ?
Хормен :
Бір аллаға сиынып,
Кел,балалар ,оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық !
Ән :Сәлем ,саған мектебім.
Оқушы :
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе.
Мұғалім :
Балалар, енді жұмбақ айтып жарысайық.Кім қандай жұмбақ біледі ?
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. /аю/ Парақта бар ,
Шашта жоқ.
Тамақта бар,
Аста жоқ. /Қ/ Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
/Күн /
-4-
Мұғалім : Балалар ,енді жаңылтпаш айтайық .
Тақпақ жатта,
Жатқа жатта. Шұнақ құлақ лақ,
Бұлаққа барды.
Бұлақ жағасындағы Құраққа барды. Шежіреші кісі шежіре айтты,
Ішіндегі шежіресін шешіле айтты.
Мұғалім : Балалар ,енді санамақ айтайық .
Бір дегенім –білім,
Екі дегенің –елім,
Үш дегенің –үйің,
Төрт дегенің –түйін,
Бес дегенің –бұйым,
Алты дегенің –айың,
Жеті дегенің –жайын,
Сегіз дегенің –сайың,
Тоғыз дегенің- тайың,
Он дегенің- ойын.
Бір дегенім –бесік,
Шықтың содан өсіп.
Екі деген –елім,
Далам,тауым,көгім.
Үш дегенім-үміт ,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім –төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім-бақыт,
Бағалайтын уақыт Алты деген-ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Жеті деген –жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген –сөзің,
Серт беретін кезің.
Тоғыз деген-тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім – Отан,
Қорға соны ,ботам.
Мұғалім :
Балалар,енді кім қандай мақал-мәтел біледі?
Ас анасы –нан,
Нан атасы-дән.
Ата –бәйтерек,
Бала жапырақ Жол атасы –тұяқ
Су атасы –бұлақ
Сөз атасы –құлақ.
Әдепті бала
Ата-анасын мақтатар.
Әдепсіз бала
Ата-анасын қақсатар. « Сіз »деген- әдеп,
«Біз »деген-көмек. «Сіз» деген сыпайылық
« Сен» деген –анайылық.
Атына заты сай. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті. Ата балаға сыншы.
Ақыл жастан шығар,
Асыл тастан шығар. Ашу –ақылдың дұшпаны. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Оқу –инемен құдық қазғандай.
Мұғалім :
Балалар,сендер Әліппеден тағы не үйрендіңдер?
Жанель:
Иә,біз ережелерді айтып үйрендік.Мысалы: Сөз дыбыстан құралады.
-5-
К.Арман :
Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.
Әсел :
Дыбыстарды айтамыз, естиміз.Әріптерді көреміз.
Дарын :
Кісінің аты-жөндері бас әріптен басталып жазылады.
Аида :
Жер-су аттары бас әріптен басталып жазылады.
Нұрдәулет :
Үй жануарларына қойылған аттар да бас әріптен басталып жазылады.
Аружан :
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөзде жуан айтылады.
Әділет :
Сөздегі дауысты дыбыс жіңішке болса, сөзде жіңішке айтылады.
Ұлданай :
Буын дауысты дыбыс арқылы жасалады.
Мұғалім :
Балалар ,енді біз ата-аналарымызға қалай оқитынымызды көрсетейік.
« Бір уыс мақта » әңгімесінен үзінді оқытып, әңгіменің тақырыбын тапқызу.
Мұғалім :
Балалар ,енді біз ата-аналарымызға қалай жазатынымызды көрсетейік.
/тақтаға жасырынған суреттердің атын жазып , дауысты ,дауыссыз дыбыстардың астын сызады./аю,қасқыр,қоян,сағат/
Мұғалім :
Балалар,енді берілген буындардан сөз құрайық.
Бі сі
Кі лім
Кеп теп
Мек тер
Ән : Төлдер
Мұғалім :
Балалар, біз осы уақытқа дейін оқумен қатар сандарды оқуды , жазуды ,оларды салыстыруды, қосып,азайтуды меңгердік. Енді математикадан алған білімімізді көрсетейік.
Интерактивті тақтадан сандардың ретін ,көршісін атап, сандарды салыстыруды, қосындыны табуды орындайды.
Мұғалім :
Балалар,енді біз әдептілік туралы не білеміз ?
Бексұлтан :
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан.
-6-
Оқушы :
Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы,
Кім дейміз?
Хормен : Әдепті екен бұл дейміз.
Оқушы :
Кітап ,дәптер,қаламы,
Кір шалмаған баланы,
Кім дейміз?
Хормен : Ұқыпты екен бұл дейміз.
Мұғалім :
Жақсы балалар, енді Әліппемен қоштасайық.
Хормен :
Қош бол,құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Әліппе :
Балалар,мен сендерге ризамын.Мені жақсы меңгеріпсіңдер.Ана тілдеріңде өте жақсы сөйлейді екенсіңдер.Енді сендерге ары қарай білім беретін мына Ана тілі болады.Ана тілін де жақсы оқыңдар.
Хормен :
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи ,жаза алғаным,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ән : Әліппе
Мұғалім :
Әріптердің иесі ,құрметті Әліппе ! Сізге шексіз алғысымызды білдіре отырып,Сізді демалыс орнына жібергелі отырмыз.
Хормен :
Қош бол,Әліппе!
Ана тілі :
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Хормен :
Қош келдіңіз , Ана тілі!
Мұғалім :
Балалар, сендер көп нәрсені үйреніпсіңдер. Осының бәрін үйренулеріңе көмектескен кім?
Хормен :
Мектеп
Мұғалім
Ата-ана
Әліппе!
-7-
Мұғалім :
Ендеше ата-анамызға рақмет айтайық .
Оқушы :
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата –ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Ата-анаға рақмет!
Ән : « Ана »
Мұғалім : 1 сынып оқушыларын құттықтау үшін 5 сынып оқушылары келіп отыр. Би,ән орындалады.
Қорытынды сөз .Қымбатты кішкентай бүлдіршіндер! Өз еңбектеріңмен алған білімдерің-өздерің үшін де,еліміз үшін де таусылмас қазына.Елімізді,жерімізді сүйетін жақсы азамат болып өсулеріңе шын жүректен тілектеспін.
Ата-аналарға айтарым балаларыңыздың осындай дәрежеге жетуіне сіздердің де еңбектеріңіз көп.Сондықтан сіздерге рақметімді айта отырып, балаларыңыз жақсы азамат болып өссін деймін.
Ата-аналарға сөз беріліп ,оқушыларға тілек айтылады.
Әбілбашарова Әзиза
Әбілпаттақызы
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
№51.М.Қаратаев атындағы
орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.