.
.
Шығыс Қазақстан облысы «Әліппе-білім бастауы»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1383 | Размер: | Автор: Нартай4540Семей қаласы
Шәкәрім атындағы облыстық
үш тілде оқытатын
дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Исабекова Ляззат
Сұлтанмұратқызы
«Әліппе-білім бастауы»
Оқушылар музыкамен кіреді.
Хор: Қазақстан
Барысы:
Мұғалім:
3 оқушы шығып қазақша, орысша, ағылшынша тақпақ айтады.
1-оқушы:
Армысыздар, ата-аналар,
Армысыздар, балалар
Сөзіме құлақ салыңдар
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр-әніміз
2-оқушы:
Да здраствует, родители!
Добро пожаловать, дети, на наш праздник!
Разрешите начать наш великолепный праздник,
Все наши песни и танцы посвящаются этому празднику!
-Бүгінгі біздің мерекеміз тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесімен сәйкес келіп тұрғанына қуаныштымыз.
1. Тәуелсіздік кіндігі
Кескен халық бірлігі
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
1-оқушы Уа, халайық-халайық
Мұнда назар салайық
Білімді қарсы алайық
Бәріміз қол соғайық
Білім ханшайымын қарсы алайық
Ортаға Білім ханшайымы шығады.
Білім Күн нұрындай Біліммін.
ханшайымы: Күнімін мол білімнің
Құттықтаймын достарым,
Құтты болсын ұлы той!
Білім ханшайымы: Балалар мерекелеріңіз құтты болсын, мен
(балалар қол соғып сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.
қарсы алады) Айтыңдаршы!
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол-сүйікті әліппе!!!
Білім ханшайымы: Ал, балалар әліппе жайлы не білесіңдер?
Соны айтып беріңдерші.
1-оқушы: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
2-оқушы: Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе - білім бесігі
3-оқушы: Әліппе сауатыңмен санамды аштың
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
4-оқушы: Әліппем, менің - әліппем,
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
5-оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді
6-оқушы: Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес алыс жол
Тырысып бақ намысқа
7-оқушы: Әліппе даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет, ұстаз, алғашқы.
8-оқушы: Бүкіл қазақ баласы әріптелген,
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.
9-оқушы: Апам менің, әкем де,
Атам менен ағам да.
Шопан, ұшқыш ғалым да.
Небір мықты дарын да
Тіл сындырып әріпке
Ашқан алғаш әліппе.
Қош бол, құтты әліппе
Хормен: Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Білім ханшайымы: Балалар, жаттаған өлеңдерің жақсы екен,
әліппені оқып, не үйреніп не білдіңдер?
Білімдеріңді көру үшін бүгін барлық
сабақтарыңа қатысайын.
1-ші сабақ қай сабақ?
(қоңырау соғылады)
Ән: Әліппе
Білім ханшайымы: Әліппеден қанша әріп үйреніп жаздыңдар?
Оқушылар: 42 әріп
Білім ханшайымы: Қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс
үйрендіңдер?
Оқушылар: 15 дауысты дыбыс, 25 дауыссыз дыбыс.
Білім ханшайымы:
«Т»: Тәуелсіздік толғауы
Тәуелсіздік ата-баба арманы
Тәуелсіздік жеңісі елді шарлады.
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы!
«Ә»: Ата-баба жерінің
Қасиетін мен білдім
Әжеміз ғой үйреткен
Әліппесін өмірдің.
«У»: Тау дәу,
Дәу тау
«Е»: Ертіс, Есіл, Еділім
Туған жердің көркісің!
«Л»: Л әрпіне мақал-мәтел айтайын
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
«С»: Сара келіп сабақтан
Сан шаруаны тындырды.
Самаурынға салатын
Сексеуілді сындырды.
«І»: Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
«З»: Зау-зау заңғар заңғарлар,
Замандар бар, заңдар бар
З-да барлық заңдылық
Заңда з мен заң болар!
«Қ»: Қайратым-қайсарым
Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздары-ай
«Елім-ай» деп егілген
Қайратым мен жастар-ай.
«А»: Астана-ел ордам
Отанымның төрінде
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам, бас қалам!
«З»: Оқу инемен құдық қазғандай
«А»: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
«Қ»: Қарағанды көмірі
Қостанайдың егіні.
Даласындай жомарт қой
Қазағымның көңілі.
«С»: Жағасында Ертістің
Семей деген қалам бар
Туған мұнда атақты
Абай, Мұхтар, бабалар
«Т»: Жарақты жаумен жұлқысқан
Қылышты жаумен қырқысқын
Ең ежелгі астана
Қасиетті Түркістан!
«А»: Піскен алма топ-топ түсті,
Топ-топ түсті, көптен түсті
«Н»: Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы
Мұғалім: Өте жақсы балалар, ал енді қандай сөз
Шықты? Кім оқып береді
Хормен: Тәуелсіз Қазақстан
Білім ханшайымы: Рахмет,әліппені жақсы меңгеріпсіңдер. Ал енді барлық ғылым бастауы-математика сабағына кіремін. Сендердің математиканы қалай меңгеріп жатырсыңдар, соны сынап көрейін деп логикалық есептер математикалық жұмбақтар әкелдім,қане шешіп көрелік.
Математикалық санамақ:
Білім ханшайымы: Бір дегенің-бесігіңді түзедің
Екі дегенің-егеменді ел дедің
Үш дегенің-ана тілім асылым
Басқа тілден мәртебесін асырдың
Төртіншіңіз төреліктен таймаған
Нұрсұлтанды хан тағына сайлаған
Бес дегенің-берекелі болғаны
Алты дегенің-ұраның айбынын асырған
Жеті дегенің-ту ұстадың көгілдір
Сегізінші-салт-дәстүрің оралған
Тоғызыншы-атың кетті алысқа
Тоқтар бастап қазақ ұшты ғарышқа
Он дегенің-орындалып арманың
Тәуелсіздік мерекеңді тойладың
1-жұмбақ: Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің.
Нешеу болды, кәне бол?
Санап шығар кім бұрын? (6)
2-жұмбақ: Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, екі арыстан
Екі қоян, бір түлкі
Бәрі нешеу,кім білді? (9)
3-жұмбақ: Табақта үш алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
Бір алма атама
Бір алма апама
Нешеуін алады,
Нешеуі қалады? (3)
4-жұмбақ: Қанша қоян аулада
Сонша тауық айлада.
Аяқтары он екі
Санап көрші, кәнекей? (2қ, 2т)
Білім ханшайымы: Жарайсындар, рахмет, сабақты жақсы
оқитын болыңдар, математиканы 11-жыл
бойы оқисыңдар.
Білім ханшайымы: Балалар, сендер әліппе, математика, дүниетану сабақтарын жақсы меңгеріпсіңдер. Дарынды балаларға арналған мектепте, бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқисындар.Басқа мектепте бесінші сыныптан бастап оқиды. Қане ,ағылшын сабағына саяхат жасайық.
Ағылшын: Оқушылар ағылшынша «Шалқан» ертегісін қояды.
Білім ханшайымы: Келесі кезекте «дүниетану» сабағына кірейік. (қоңырау cоғылады)
Хормен Табиғатты сүйеміз
Оны қорғай білеміз
Білім ханшайымы: Егеменді елміз, аспанымыз ашық, бейбітшілік болсын
дейміз. Күнді бұлт басып тұр. Бұлтты қуу үшін
тапсырмаларды орындайық.
№1 Неше жыл мезгілі бар?
№2 Табиғат нешеге бөлінеді?
№3 5 жабайы аң, 5 үй жануарын ата
№4 Табиғат туралы тақпақ айт
№5 Қыстап қалатын құстарды ата
Білім ханшайымы: Міне, біздің күніміз де шықты. Әр уақытта аспанымыз
ашық болсын.
Хор: Әрқашан күн сөнбесін!
Білім ханшайымы: (Қошемет сөзді ағылшынша айтады, сосын қазақшаға аударып айтады. )Балалар бүгінгі білімдеріңе риза болдым. Сендер болашақта үш тілді меңгеріп, Қазақстанның туын жоғары көтеріп ұстайтын білімді де дарынды азаматы болатынына сенімдімін. Сондықтан сендерге білім сертификатын тапсырғалы отырмын.
Білім Сертификаты
Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде
оқытатын мамандандырылған
дарынды балаларға арналған мектептің
1 «А» сынып оқушыларының
әліппені меңгеруіне байланысты әрі қарай
ана тілі, қазақ тілінен дәріс алуға рұқсат етемін.
Білім магистрі:
Ғұлама Данышпанов
2011 жыл
Бұны 1 «А» сынып жетекшісі Ляззат Сұлтанмұратқызы табыс етеді.
Мұғалімнің құтықтауы:
Директорға, ата-аналарға сөз беріледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.