Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әліппе- білімнің  бастауы ,  Ана-өмірдің  бастауы. -

Әліппе- білімнің бастауы , Ана-өмірдің бастауы.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1626 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Әліппе- білімнің бастауы , Ана-өмірдің бастауы.
Мақсаты: Ананың құдыретті де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру «ана» «оқушы» «ұстаз» ұжымын ынтымақтастыру, мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:даналық сөздер,шарлар,гүлдер,сыйлықтар.
Барысы:
Кіріспе
1-жүргізуші:Ана дейміз бәріміз де,аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген –бәйтерегі өмірді
Ана деген-алтын қазық, алтын бақ.
Ана десем- шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тірішілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Ана , Ана ,Ана... Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді.
Дүниеде ананың мейіріміне,аялы алақанына не жетеді?!
Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.
Халық арасында «меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру
Үшін айтылса керек. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы ана ,отан,сөздерін оқуды жазүды үйреткен «әліппеге» және түн ұйқысын төрт бөлген аналарымызға арналмақ.
Ән:Әліппе(хор)
Келесі кезекті әліппеге және аналарымызға арналған тақпақтарға береміз.
(оқушылар тақпақтарын айтады)
Райымбек Бастайды ол «таңды» да,
Бастайды ол «талды» да
Келіп тұрған қай дыбыс,
«Тау» мен «тастың» алдында?
-Өзіңсің , сүйікті ана,құдіретім,
Жанымды жадыратып күлдіретін.
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін.
Мырзабек:Парызың -ақыл қосу кішіге,
Парызың-сәлем беру кісіге.
Парызың-халын сұрау ауырса,
Парызың-көмектесу ісіне.
- Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз-
Адамның
Анаға айтар лебізі.
М.Нұрбек:Махамбеттей ерім бар,
Мағжан сүйген елім бар.
Мұқағали жырлаған,
Мақтан етер жерім бар.
-Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Шерзат: Сауысқанды,сағызды,
Сарымсақты сәбізді.
Бастап тұрған қай дыбыс?
-Апатайым , анашым,
Ақылы мол данасың.
Қамқоры сен сәбидің,
Гүлі де сен әр үйдің.
Сержан: Отан-жерім,Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан-ұран,Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
- Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың,
Апатай,өзің менің асқақ әнім.
Өсірдің , әлдиледің,аяладың,
Ойыңнан бір сәт мені тастамадың.
Ұлбосын:Біз жазамыз ана деп,
Біз жазамыз дана деп.
Біз жазамыз қала деп,
Біз жазамыз дала деп.
Биік-биік таулар деп,
Қызыл -жасыл баулар деп,
Болашағы ғажап деп.
-Ананың әрбір сөзі, ой-талабы,
Жүректің тереңінде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп ,
Ардақты Ана еңбегі ақталады.
Айман:Қош бол, құтты «әліппем»!
Көп нәрсені үйреттің,
Таныстырып әріппен.
Тақылдатып сөйлеттің.
Жорға жыр,тәтті тақпақтар,
Желіктіріп әкетті.
Қызық, қызық ертектер,
Еліктіріп әкетті.
- Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген-бәйтерегі өмірдің,
Ана деген-алтын қазық ,алтын бақ.
САНЖАР :Рәміздерім-елдігімнің белгісі,
Білу керек баладағы ең кіші.
Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
-Ойладың бүлдіршіндей бала қамын,
Сипады маңдайымнан алақаның.
Сөзіңді екі етпейді,қадірлейді,
Қарайды қабағыңа балапаның.
Зарина:Әліппені біткенде,
Кітапқа басқа көшесің.
Тез оқуға жеткенде,
Білімді болып өсесің.
Өзіңде оқып аласың,
Ертегіні ғажайып.
Мүмкін ,ғалым боларсың
Білімің әбден молайып.
- Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтермін.
Бердигали:Жалт-жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ.
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап.
- Өзіңсің өмірдегі бар ардағым,
Жыр жаздым тұңғыш саған.
Анашым,айтарым көп ,тіл жетпейді,
Бір сендей асыл жанды таба алмадым.
Айида: Әліппеде тізілген,
Қырық екі әріп бар.
Тізілген сол ізімен,
Өз кезінде танып қал
Жаттап бәрін алмасаң,
Сауатты бола алмайсың.
Сауатты бала болмасаң,
Ақылың жетіп толмайсың.
- Біліп тұрсаң ,жан анам,
Міндеті үлкен ботаңның.
Күтері сол-баладан,
Ана менен Отанның.
Нұрдәулет:Наурызда кезер ел маңды,
Нағыз мейрам-ең мәнді.
Наурыз көже ішуші ек,
Нағашылардан ең дәмді.
-Бар ана туған елдің гүлі дер ем,
Анажан,қайғың болса күңіренем.
Таусылмас тау суындай ақылың бар,
Сен барда менің әрбір күнім өлең.
Ақсұңқар: Әліппе сенің сырласың,
Әліппе досың болады.
Әріптердің шұғыласы,
Дәптеріңе қонады.
Айтқан сөзін құпта да,
Ұстазыңды құрметте.
Дәптеріңді күт, бала,
Дәптеріңді кірлетпе!
-Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнап еді бар әлемге тыныштық.
Болат:Қағып-қағып қанатын,
Қаңқылдайды қазымыз.
Қаңқылдаса қазымыз,
Жаңғырыды жазымыз.
Қаңқ-қаңқ,қаздарым!
-Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда
Мейірлене қарйсың.
Айжан:Өзім оқып кітапты,
Жалынбадым ағама.
Қуанды анам оқудан,
Алған бестік бағама.
Қадіріңді кеш білсем,
Қояр ем көптен қалып мен.
Тіл тұсауын кестің сен,
Қош бол, құтты «Әліппем»!
-Ана деген-асыл жандар болаттай,
Ана десең- мөлдір жандар бұлақтай.
О,адамдар, қадірлей біл Ананы,

СЕЙТЖАН:Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты-еңбек.
Кесте тіксең зерлеп.
Мұның аты-еңбек.
Қырға шықсаң,өрлеп
Мұның аты-еңбек.
-Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам ,ай мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қайда да.
Жансая:Іші толы әріпке,
Жақсы кітап Әліппе.
Әліппені аламыз,
Мектепке біз барамыз.
Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықтап сақтаймыз.
Ұмытпаймыз бірін де,
Атын, затын, түрін де.
- Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз.
Диас:Өркенің өссін!-деп атам,
«Өкпешіл болма»!-дер апам.
«Өсек айтпа!»-деп әкем,
«Өнерлі бол!»-дер анам.
-Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
Аружан:Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың жаныңа.
Шәкірттім деп қуанып
- Ана десем шешек атып жанары,
Өмірімнің бас тау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады
НҰРБОЛА Т:Дауыстыға ерем деп,
Айырылып қалды жарты үннен.
Болады бұл қай әріп,
Үстінде жарты Ай иілген.
-Жүре берсем қасыңда,
Әйбат анам, ай анам.
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.






Оқушылардың білімін байқау-
Сөзжұмбақ(әліппе) сөз шығады
Ән:Ана туралы жыр(хор)
-«кім жылдам» ойыны -математика сабағынан
-Аналармен ойын
1.Анамен қыздарға арналған мақал-мәтел
2Тыйым сөздер

3.Ана туралы өлең айтыңыз
4.Бесік жырын айтып беріңіз
5.Балаңыздың 1 апталық сабақ кестесін айтыңыз
-Бадувалова Аружанның орындауында -ән:Ұстазым
-Көрініс:Сатушы-ролдерде Нұрболат, Нұрбек
-(математика сабығынан білімдерімен қатар шапшаңдықтарын байқау)
Шәрипа Шара болып би билейтін бишілерді ортаға шақырайық
-Би:Қазақ биі(қыздардың орындауында)
-Ән:Аружанның орындауында «Әке туралы жыр»
-Көрініс:Қарлығаш -Мырзабек,Сержан
-Би:Вальс
-Би:Өзбек биі-Ұлбосын,Жансая,Зарина,Ақсұңқар
Би:Қаражорға(ұлдар)
-Би: Рахман Айманның орындауында
Би:Испан биі (Бадувалова Аружанның орындауында)
Ән:Бала тілегі(хор)
Осымен бүгінгі «Әліппе-білімнің бастауы, ана өмірдің бастауы» тақырыбындағы тарбие сағатымыз аяқталды.Назарларыңызға рахмет!

Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп каммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәрбие сағаты
1 «Ә»сынып

Тақырыбы:Әліппе-білімнің бастауы
Ана-өмірдің бастауы
Орындаған:Караматдинова.У.А.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.