Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әліппе деген  алтын жол,  Апарар сені алысқа» -

Әліппе деген алтын жол, Апарар сені алысқа»

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1740 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: «Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа»

1 «А»сынып мұғалімі: Ғ.Қ. Ақмолдина Ғ Қ

Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту.Мектеп оқушыларын ана тілін сүйетін, қадірлейтін өз мәдениетін көтеруші және оның мұрагері болатын, рухани дәрежесі биік, Егеменді Қазақстанның жер бетін көрсететін жеткіншек тәрбиелеу, яғни«ойнай берсең,бала боласың, ойлай берсең, дана боласың»ұғымын ұғындыру.
Көрнекілік:Шарлар,жалаушалар,қанатты сөздер,оқушылардың дәптерлері, салған суреттері, еңбек сабағында жасалған бұйымдары,ең таза ұстаған «Әліппе», «Математика»оқулықтары.
Мұғалім:
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі -әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отыра ертеңгілігімізді бастаймыз.
1-жүргізуші: Қайырлы күн,уа, халайық!
2—жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп ,инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқарар.
1-жүргізуші :
Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр толар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар!
2-жүргізуші:
Армысыздар, аталар мен апалар!
Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.

Бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық
Хормен: Әліппе (3рет)
Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана
Бүлдіршіндер, балғындар.
Менің атым-Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен ,
Ағаң менен әпкеңде.

Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені, біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

Біз енді өзіміз-ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз.

Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.

Көлге ойнаған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе?
Том-том қалың кітаптың
Басы болар «Әліппең»

Әліппем, менің Әліппем
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Қош бол, құтты «Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім, бойымыз,
Құтты болсын тойымыз.

Әліппем, менің әліппем,
Өмірді келем танып мен,
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп рақмет

Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің, қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына енгенім.

Әліппе -Қане,бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтарын бастайық

Әліпбидің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында,
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде? Түсінші

«А» деген ол-аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол-балалар ғой көңілді,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
«Ө» дыбысын өткенде бабалардың өнегелі өсиет сөздерімен таныстық.

Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Ашу- дұшпан, ақыл-дос,
Ақылыңа ақыл қос

«Е» дыбысын өткенде ертегілер еліне саяхат жасадық.
(«Сауысқан мен қарға» ертегісінен көрініс)
«Қ» дыбысын өткенде «Қошақаным» әнін үйрендік.
«Қ» қартқа қол бер, жасқа жол бер.
«М» мектеп берген біліммен, марқаясың жас ұлан.
«Н» наурыз айы келгенде, наурыз тойын тойлаймыз.
«С» сыйламаған жолдасын, сыйлай алмас өз басын.
«Т» дегенім жеңімпаз, туымыз ғой қолдағы.

Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды.

Буын онысыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды.

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берер қасыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың болар табылатын қасыңнан.

Өмірдегі заттарды,
Есептейтін бәрін мен.
4 амалды қолданған,
Математика пәнімін.

1. Мені келсең білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрмын
2. Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрағым,
Бірді бірге қосқанда,
Мен шығамын шырағым.
3. Екіден соң әрқашан,
Үш саны мен тұрамын.
4. Үш сызықтан таяғым,
Оқушылар қояды.
4 дегенім баяғы
4 түліктің аяғы.

5. 4-тен кейін 5-ті
Білу оңай десті.
Санашы бір қолыңның саусағын,
Оңай табасың бесті.
6. Мен өзімді қатарға
5-тен кейін қоямын
Бір орнымды ұстаймын.
Орныма барамын,
Екі айшық саламын.
7. Қара мына қызықты
Көсеуді кім ұмытты
7 болам бір тартсаң,
Бел ортамнан сызықты
8. Менің атым сегіз,
Жетіден соңғы деңіз
Жазылғанда қос дөңгелек
Мен боламын-8
9. 8-ден кейін 9
6-ны төбесінен тұрғыз,
Сонда болам мен-9.
10.Әліппеде о-ға ұқсаймын.
Санда 0-ге ұқсаймын
Жеке тұрсам мәнім жоқ,
Басым бірден басталып,
Нольмен бітер аяғым

Оқымап ем, «бір» алдым,
Кейіп қалды мұғалім.
Әкеп едім «екілік »
Анам шықты жекіріп.

Үш алғанда байқадым,
Әкем басын шайқады.
«Бес» деп едім бүгін кеп,
Қалды бәрі күлімдеп.

Қәне, балалар, енді қонақтарға, ата-аналарға кітапты қалай оқитынымызды көрсетейік.

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз

Әліппе
Кәрі –жасқа ой сала.
Үйрететін ой сана .
Ана тілін сүйіңдер
Осыған бас иіңдер.
Риза болып аттанам.
Рақмет айтып шаттанам
Оқумен өсіп толыңдар
Аман-есен болыңдар!
Айналайын балғындар,
Меннен білім алдыңдар
Озат достар оқыды,
Ойға білім тоқыды
Ана тілі
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің арың бұл
Ұяттың боп тұр бетте .
Ата-бабамыз ежелден 3 нәрсені бой тұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол –ел, жер және тіл. Ана тілі-әр халықтың төл белгісі.
Адам білімді, тәлім-тәрбиені –тіл арқылы үйренеді.Ана тілі деп атаудың себебі – анасындай қастерлесін дегені. Өз анасын сыйлайтын әр адам өз тілін де құрмет тұтып жүреді.
Аяулы жыр-әніміз
Аялайтын бәріміз.
Алу үшін сана-білім
Ардақтаймыз ана тілін.

Бата
Әліппенің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді етІ
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп оқып.
Өсе берсін санамыз!
Әумин!
(Қолдан жасалған бестік беріледі)

Бүгінгі кеш әр үйдің « Той басы» деп саналар.
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар

(Қонақтарға сөз беріледі)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.