.
.
Ашық тәрбие сағаты: «Әліппе, саған мың алғыс!» Әліппе, саған мың алғыс!
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1400 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып,ұжымшылдығын күшейту.
2.Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын дамыту.
3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға, өзін-өзі дұрыс ұстауға және оқушылардың эстетикалық талғамдарын түсініп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі: «Әліппе,саған мың алғыс!» сөзі жазылған тақырып, суреттер,шарлар, жалаушалар,суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн-«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын.Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы- «Әліппемен қоштасу».Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін- деп тілек білдіргім келеді.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға. (Оқушылар сыныпқа кіреді, музыка ойнайды. Ұл,қыз қолдарын ұстап)
Гимн.
1- оқушы: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштассақ.
Өсті, білім бойымыз,
Құтты болсын тойымыз!
2. оқушы Армысыңдар, аналар!
Бармысыңдар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңыз!
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз!
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Хор: Дос болайық бәріміз
Вальс
Мына тақтадағы сөзжұмбақты шешейік.
-Р.Рымбаева кім? (әнші)
-Тастан-тасқа секіретін қандай малдың төлі ?(лақ)
-Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Мектептен үйге барған соң.
Киімдерімізді шашпай неге іліп қоямыз? (ілгіш)
-Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не? (әліппе)
-біз жазуды қайда жазамыз? (дәптер)
-....етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.(еңбек)
(Сөзжұмбақ ӘЛІППЕ шешіледі)
Бүгінгі сөзжұмбақта жасырынған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Әліппе, саған мың алғыс!»
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті-Әліппе!
Ол сүйікті –Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: Дильназ А.
Армысыңдар жас достар,
Армысыңдар ата-ана,
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаңа
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер балғындар,
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық,
Не үйреніп, не білдік,
Қане ортаға салайық.
Мұғалім:
Балалар, өнер –білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып- үйрендік.
3. оқушы Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
4 – оқушы : Достастырған өзіңмен,
Ұстазыма мың алғыс,
Иландырған сөзіне.
Қамқоршыма мың алғыс.
5 – оқушы : Арналады ұстаздарға,
Құрмет деген, төр деген.
Біздің елде адам бар ма,
Ұстаз алдын көрмеген?
Ән: «Мұғалім ол біздің»
Әріптер сыры:
6 – оқушы :
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашан да Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал, осының сыры неде түсінші?
7 – оқушы : А- деген ол аналар ғой ардақты,
8-оқушы: Ә- деген ол әкелер ғой салмақты,
9-оқушы: Б- деген ол балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі (хор).
10-оқушы:
Алшақ кетпей,
Сондықтан да
Тұрады олар
Алфавиттің басында.
12-оқушы: Ғ әрпімен бір келер,
Тоқтар ғарышкер ағамыз.
13-оқушы: Д әрпінен бастасаң,
Дархан, дәрия далам бар.
14-оқушы: Е-ні ұмытпас ешқашан,
Елін сүйген жарандар.
15-оқушы: И дегенің-иманың,
Адалдықтың асқары.
16-оқушы: К дегенің -күй дарын,
Домбыраның дастаны.
17-оқушы: Қ әрпінен құралған,
Бас-аяғы қазақтың.
18-оқушы: Л әрпінің шөресі-
Лақ деген түлікпін.
19-оқушы: О дегенің-отбасы,
Отан деген ұғымдар.
20-оқушы: Ө әрпімен өрістер,
Өмір атты дүниең.
21-оқушы: Р дегенің рақым,
Мейірің мен пейілің.
22-оқушы: С әрпінен тұратын
Сый-сияпат, сенімің.
23-оқушы: Ұ әрпі-ұлысың,
Ағайының, өз елің.
24-оқушы: Ы дегенің-ырысың,
Орман-тоғай, өзенің.
25-оқушы: Ш дегенің-шапағат,
Тие берсін баршаға.
26-оқушы: Х дегенің –сәлем хат,
Қуанышы қаншама!
Балалар Әліппеге рахмет айтып өздеріңнің әліппеге арнаған тақпақ-өлең жырларыңды айтыңдар.
27 – оқушы :
Әліппе-білім анасы,
Әліппе –кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?!
28 – оқушы :
«Әліппем», менің «Әліппем»
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
29. оқушы :
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі.
Соғылған сандар алтыннан,
«Әліппе»-білім бесігі.
30- оқушы:
«Әліппе»деген -алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа.
31.оқушы.
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық, тойладық.
32 – оқушы :
Қош бол, құтты «Әліппем»
Көп нәрсені үйреттің,
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Хор: «Әліппе»
Мұғалім: Балалар әліппе кеткісі келіп тұр екен, әліппеге сөз берейік:
Әліппе:
Әліппенің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді ет.
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет.
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Әумин!
-Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.(Ана тілі келеді) Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
Бәрі: қош бол, құтты Әліппе!
Ана тілі:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам,
Ана-тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
33 – оқушы :
Отанды жас-кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәрімізде
Туып, өмір сүреміз.
Мұғалім:
-Балалар біздің Отанымыз қай Республика?
-Қазақстан Республикасы.
-біз қай қалада тұрамыз?
-Талдықорған қаласы.
-Ендеше Отанмызға арнап, ән орындайық.
Хор: «Отан».
Ал, енді балалар біз осы 4ай бойы не үйренгенімізді мына тапсырмалар арқылы көрсетейік.
(Тапсырмалар. слайд)
№1. Суреттегі заттардың атын тап.
№2.Тиісті әріпті жаз.
№3. Тізбектеп сөз құрау
№4. Есептерді шығару.
Мұғалім: Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң қуанып, ренжісең жұбататын әкелерімізбен, аналарымызға мың алғыс. Ата-аналарымызға арнап өлең-тақпақтарымызды айтайық.
9 – оқушы :
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Би: Адина, Гүлназ (көбелек)
Би: Руслан
Мұғалім:
-Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын дей отырып, 4 ай ішінде Әліппе пәнін оқып меңгергені үшін сертификат беруге рұқсат етіңіздер. Сертификатты оқушыларға ұсынуды мектебіміздің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Жұлдыз Жеңісқызына беріледі.
Ал осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп қуанышымызбен бөліскендеріңізге көп рахмет!
Көрініс
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.