.
.
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1552 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету,эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу,өзін- өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: шарлар, суреттер, ашық хаттар, параққа жазылған өлең жолдары,интеракт. тақта.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Той иелерін қарсы алайық.
«Мектеп вальсы» -оқушылар вальс билеп кіреді.
Мұғалім: «Әліппені» оқып бітірушілер...
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың.
Салауат «Әліппе»
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпіске шал жетектеп,
Келе жатыр көшеде,
Қайда әлгі мектеп деп.
Жетпіс келеді сүрініп,
Жеті келеді жүгіріп.
Ата:
Балам, балам жақсы бол,
Міне, сенің мектебің.
Сабағына зейін сал,
Ақылды бол, тентегім.
Немере:
Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз мейіріммен,
Қадамымды құп алып.
Ассаламағалейкум, уа, халайық!
Армысыздар аналар,
Бармысыздар балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр, әніміз!
Мультфильм «Ғажайыпстанға саяхат»
«Имандылық» , «игілік»
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.
Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.
Презентация «Қош бол, құтты Әліппем!»
Тапсырмалар
Құмыра. Шығыс биі.
Видеоролик «Әліппе» ұялы телефон.
Телефондағы сөздерді параққа жазу: ат, доп, балық, тақия, робот, өрмекші, ойыншық, көлік, аю, етік.
- Осы сөздердің қайсысы жуан айтылады, қайсысы жіңішке.
Мадақтама «Ең ықыласты отбасы»
Ұл балалардың биі.
Мәтін оқу. Видеоролик.
Мұғалім: Енді «Әліппемен» қоштасып, алғысымызды айтайық.
Тақпақтар:
1. Әліппем менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2.А-ны айтқанда дауысымыз дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем.
Сөз оқимын, айырып әріпті енді.
3.Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің,Әліппе.
4.Әліппе – білім анасы,
Әліппе – кітап данасы,
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?
5.Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!
6.Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған.
Даналықтың данасы.
7. Әліппем менің әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайиалап айтаммың рет
Өзіңе көп-көп рақмет!
8. Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
9.Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті, Әліппем.
Сенің арқаң оқып-жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
10. Әліппемен қош айтысып қаламыз.
Енді қолға «Ана тілін» аламыз.
Ата-ана Қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
«Әліппе» әні
Оқушыларға «Диплом» беріледі.
Қыздар биі (шарлармен)
Мектеп басшыларына сөз беріледі.
Мұғалім: Арманмен алыстарға аттанарда,
Жас оралар іркіліп жанарларға.
Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға.
Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.- Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет- Қош сау болыңдар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.