Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Әліппемен қоштасу кеші -

«Әліппемен қоштасу кеші

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1656 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Астана қаласы № 48 мектеп – лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Абденова Карлыгаш Казизовна
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әроқушыныңісәрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру;
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, шарлар.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші : Балалардың қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы - «Әліппе». Бұл кітап - бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына енді.
- Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.Балаларды қошеметтеп отырайық.
Ерсұлтан:Намыспенен биік ұстап жалауды,
Сөндірмейміз ұстаз жаққан алауды.
Бойымызға білім нәрін беретін
Армысыздар, ұстаздарым аяулы!
Әсем:Үлкен адам болсыншы - деп жан - жақты
Ата - аналарымыз балапандай самғатты
Мейірімімен мәпелеген біздерді,
Ата - аналар аманбысыз, ардақты!
Ерсұлтан: «Әліппе әлемінен ана тілі еліне» атты ертеңгілігіміз ашық деп жариялаймыз
Әсем:Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті.
Әліппені тәмәмдайтын күн жетті.
Ерсұлтан: Қошеметпен шақырамыз ортаға
Қадам басқан шәкірттерін құрметті
(ортаға екі - екіден оқушылар шапалақтап шығадыда, отырады)
Әсем:Жақсы білім - көрімдік
Болсын сізге халайық
Ерсұлтан: Не үйрендік, не білдік
Кәне ортаға салайық!
Жүргізуші: Айтыңдаршы, балалар,
Болашаққа жол ашар.
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Балалар хормен. Ол сүйікті Әліппе!
Абдурахман: «Әліппем» жаттаған жақсы әнім
Сенімен мектепті ашқаным
Ұстаздың соңына ілесе
Бастадым білімнің дастаның.
Аделия:Өзгеріп жатыр бүгін қала қырым.
Құп алып ағалардың даналығын
Бет алып болашаққа бара жатыр,
Аяулы жеті жасар балалығым.
Әмина:Міне, бүгін бұрынғыдан саналымын,
Қоңырау болып күмбірлейді жаңа күнім.
Дәптердің жазылмаған ақ парағы -
Алдағы армандаған балалығым.
Азамат:Өтті оқу сан сабақ
Бүгін бізде салтанат
Оқулықпен достассақ
Әліппеміз қоштаспақ
Өсті міне бойымыз,
Өсті білім, ойымыз.
Жүргізуші: Алмастың орындауында «Балдәурен» әні
(Сахнаға Тапқышбек шығады)
Тапқышбек: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Тапқышбекпін, сендердің «Әліппемен қоштасу» тойларыңа келдім.
Мен сендердің тойларыңда өз өнерімді көрсетуім керек. Бірақ не айтарымды білмей, басым қатып тұрғаны. А! Бір ой келді! Әліппедегі ең басты нәрсе не? (Балалар – әріп)
Дұрыс, әріп! Бірақ ол әріптерді табу үшін не істеуім керек? Есіме түсті! «Әліппе Агентствосына» телефон шалуым керек.
(Сахнада үстел, телефон тұрады).
- Алло, бұл «Әліппе Агентствосы» ма?
- Иә.
- Мен кіммен сөйлесіп тұрмын?
- Бас директор – Әліппемен.
- Бұл Тапқышбек. Менің сізге айтар шаруам бар еді.
- Ол қандай шаруа?
- Маған әріптерді жібере аласыз ба?
- Қандай әріптерді?
- Қандай? Оны мен білмеймін. Бірақ тоқтай тұрыңыз...
- Балалар, қандай әріптер болады? (Балалар – дауысты, дауыссыз)
- Құрметті «Әліппе», бізге дауысты, дауыссыз әріптерді жіберіңіз!
- Жарайды, күтіңіз!
(Сахнаға Әліппе шығады)
Тапқышбек: Міне, керемет!
– Балалар, бізге кім келді?
Балалар: Әліппе!
Әліппе: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Әліппе!
Тапқышбек: Әліппе, сіз балалармен қоштасқалы келдіңіз бе?
Әліппе: Иә, қоштасқалы келдім
Әліппе: Армысыздар жас достар!
Армысыздар ата – ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы халықтың.
Тапқышбек: Әліппе, мына әріптер парадын өзіңіз басқарыңыз!
Әліппе: Құп болады!
Әліппе: Ал әріптер!
Сапқа тұр
Мен басшы, бұл–қосшы
Дауысты мен дауыссыз.
Алфавитті біліңде
Онда жүйе қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Даулет: Алфавиттің басында
А - командир тұрады
Басқалары қасында
Әріп сапын құрады.
Қасым: Ой салады балаға,
Әріптердің парады.
Кезегімен алаңдап,
Қатар түзеп барады.
Хормен: А,Ә,Б,В,Г,Ғ,Д,Е
Тік ұшақпен бір демде
Түсті алаңға бәрі де
Қатар бұзбай бірі де
Барады әне, әлі де.
Хормен: Е,Ж,З,И,Й,К,Қ,Л
Парашютпен керген жел
Келгендерін көрген ел.
Хормен :М,Н,Ң,О,Ө,П,Р,С
Автобуспен экспресс
Жетті жедел, ал ілес!
Хормен : Т,У,Ұ,Ү,Ф,Х,Һ,Ц
Өнерлерін көрсетсе
Бір велосипедпен зыр етсе
Хормен : Ч,Ш,Щ,Ы,І,Э,Ю,Я
Жұртқа салып жария,
Келеді атпен шалқия
Тапқышбек:
Өзгелерге ілесіп, бір есекке міңгесіп
Ъ - айыру мен келіпті
Ь - жіңішкелік белгісі.
Бес қатарда сегізден
Қырық әріп өтті әне
Бір қатарда егіздей
Екі белгі кетті, әне.
Жүргізуші: Би : Әсем мен Алмастың орындауында «Носа» биі
- Ал енді кезекті әріптерге берейік..............
(Әріптер тізіліп тұрады өлеңдерін оқып береді)

«Ә» Мариам
Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
«А» Бекнұр
Алфавиттің
А тұрады басында.
Әрқашанда
Ә тұрады қасында.
Байқадың ба?
Б тұрады үшінші
Ал осысының сыры неде?
Түсінші
«Б»Зере
А деген ол – аналар ғой ардақты
Ә деген ал - әкелер ғой салмақты,
Б деген ол балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де қадірлі.
Алшақ кетпей
Сондықтанда, расында
Тұрады олар алфавиттің басында.

«О» Алмас
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың
«Ү» Айдана
Үздік оқып сабақты,
Үлгі болуға лайық
Үлес қосып жан-жақты,
Үйірмелер құрайық.
«Ғ» Мадиар
Ғалам заңын игерем,
Ғарышқа ұшам тоқтамай
Ғылым, білім үйренем
Ғарышкер Талғат, Тоқтардай.
«Ж» Ажар
Жалған сөзді айтпаймын,
Жолдас, досты жақтаймын.
Жамандығын жасырып,
Жақсылығын мақтаймын.

«Н» Әсем
Ой,балалар, балалар
Нан қоқымын шашпаңдар.
Жерде жатса қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.
«Т» Гүлім
О, алақай, туған жер!
Жақсы-ау бақша –бауларның!
Көзге ыстық көрінер
Сенің асқар тауларың.

«М» Онур
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын.
Апашымды сыйлаймын.


Жүргізуші: Еділдің орындауында «Балдәурен» әні
Әліппе: – Ой бәрекелді, балалар,Отан туралы көп өлеңдер біледі екенсіңдер. Отанымыздың тәуелсіздік мерейтойы құтты болсын! Отанымыз тыныш болсын!
Жүргізуші: сыныптың сүйкімді балаларының биін тамашалаңыздар
Келесі кезекте Мадиарды карсы алыңыздар
Әліппе: Балалар, мен ризамын. Алфавитті жақсы білесіздер. Осы күннен бастап және келешекте барлық әріптер сіздердің сенімді достарың және көмекшілерін болады.
Камила: Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық, тойладық
Аружан: Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды.
Таир: Біз жазамыз ана деп
Біз жазамыз дана деп
Біз жазамыз қала деп
Біз жазамыз дала деп.
Биік - биік таулар деп
Қызыл - жасыл баулар деп
Қаһарман ел қазақ деп
Болашаға ғажап деп.
Айым: Ана деп жазамын тақтаға
Нақышына келтіріп, әсемдеп
Оқимын, жазамын жатқа да
Қағазға әріппен сап өрнек
Еділ: Үйретіп жазудың да өрнектерін.
Ойымды әліппемен тербеткенім
Зор қуаныш маған да, ұстазға да
Тілін біліп кітапты сөйлеткенім.
Ерсұлтан: Бізді үйреткен білімге жалықпастан
Рахмет ұстазыма көзімді ашқан
Біз шәкірт, біз отанның болашағы
Білімнің басқышына қадам басқан.
Имран: Қазақстан кең өлкем
Көз жеткіз көлемі
Кіп - кішкентай мен - еркең
Бүрін жарған өлеңі.
Құшағында ер жетіп
Жақын болғым келеді.
Өлеңімді тербетіп
Ақын болғым келеді
Жүргізуші: Қыздардың орындауында биді тамашалаңыздар
Әліппе : Ризамын құрметті шәкірттерім!
Меңгердің болмадын босқа тер
«Ана тілі атты бір ағам бар,
Сендерді жетелеп әкетер.
Жасулан: « Әліппем» менің «Әліппем»
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Әния: Қош бол, құтты «Әліппем»
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттін
Әйгерім: Сөйледі олар тіл бітіп
Небір қызық сырларды
Тыңдай бердім мен жұтып
Тіл біткен тақпақ, жырларды.
Бекжан: Арта берді кітапқа
Бойымдағы қуатты
Бірге жүрген қасымда
Кітап болды сыңарым
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
« Әліппе - білім бесігі»
Жүргізуші: Қыздардың орындауында биді тамашалаңыздар
Әліппе: Балалар! Мен қазір сахнаға өзімнің ағамды шақырсам деймін. Оның аты «Ана тілі». (Ана тілі кіреді)
Әліппе : Оқуда зейінді болыңдар,
Еңбекке бейімді болыңдар.
Кір шалмасын қабақты,
Ақ жол болсын балалар,
Оқығандарың есте болсын,
Күнделіктерің беске толсын
Қош сау болыңдар, кішкентай достарым!
Жүргізуші: Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін әліппе достарыңа не айту керек?
Рахмет
Хор:- қош сау бол, сүйікті Әліппе!(шапалақтап шығарып салады)
Жүргізуші:Біз енді « Әліппемен» қоштасамыз
жолына гүлмен қоса жыр шашамыз .
Білімнің бұлағынан сусындауға
көптеген кітаптармен достасамыз.
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің жаңа оқулықтарын «Ана тілі» боламын. Мен сендермен дос болғым келеді. Сендердің одан әрі жақсы оқуларыңа өз көмегімді тигіземін! Ақын ағаларың мен дана бабаларың туралы сыр шертемін.
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз «Науқас кітап» көрінісі.
Жүргізуші:Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.
Бәрі: Рахмет саған ата-ана! .
Келесі би сиздерге арналады Аяқпенен топ топ
Жүргізуші: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.

Жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,Енді қолға Ана тілін аламыз.Ана-ана қуанышқа ортақ бол,Сауатты боп шықты міне балаңыз!Жүргізуші: Әліппені бітірді балаларым,. Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі жазып – оқитын халге жетті,
Құтты болсын қадамы балалардың!
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейбін еңбекқор мықты болсын.
Уақыттарыңызды бөліп қунышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар!
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің жаңа оқулықтарын «Ана тілі» боламын. Мен сендермен дос болғым келеді. Сендердің одан әрі жақсы оқуларыңа өз көмегімді тигіземін! Ақын ағаларың мен дана бабаларың туралы сыр шертемін.
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Ана тілі:Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Әрқашан жаұсы оқып биіктен көрініңдер. Мен сндерге сенемін. Жақсы оқуға уаде беріңдер
- Әліппенің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді ет!
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! Әумин
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.