.
.
Бейсембаева Кульсагира Макеновна Ұлттық банк
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1347 | Размер: | Автор: Нартай4540Ш. Уалиханов атындағы №10 мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.
Еңбек өтілі – 31жыл
Санаты -I
Ұлттық банк
4 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне, қысылмай сөйлеуге баулу, оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Қазақ тілі мен ана тіліне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс интеллектуалдық ойын сабағы
Сабақ әдісі: сұрақ- жауап
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың ойынға психологиялық дайындығы
2. Кіріспе сөз
-Құрметті оқушылар Қазақстан жерінде тұратын әр адамның қасиетті борышы- Атамекенін сүю, мәдениеті мен тілін білу және қастерлеу. Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін нәрсе- білім деген М.Әуезов.
Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсу үшін азаттық пен білім қажет,- деп ғалым Ш. Уалиханов айтқандай еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігін нығайтып отырған бүгінгі таңда ендігі алдағы мақсат- халықтың білімін дамыту. Ол мақсатқа жету үшін еліміздің болашақ жастарымыздың білімді, парасатты болуы қажет.
Ал бүгінгі сабақ- білім, тапқырлық, іскерлік болмақ.
Оқушылардың ойын ережесімен таныстыру, ойынға өту.
1. Есікке кіру сұраныс арқылы (қазақ тілінен сұрақтар)
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
3. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
4. Жайылма сөйлем дегеніміз не?
5. Синоним деген не?
6. Омоним деген не?
Жолды әрі қарай жалғастыру үшін екінші қабатқа жол іздейміз.
2. Ана тілінен тест сұрақтары
Сол жақ қанат
1. Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалаң
Сен де бір кірпіш дүниеге
Тесігін тапта, бар қалан
(Өлеңнің шумағын жазған кім) (Абай)
2. Үш биді атап бер
(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
3. Жануарлар әлемі синоним
(Хайуанаттар әлемі)
Оң жақ қанат.
1. Қазақ тілінде неше дыбыс?(40 дыбыс)
2. Диалог деген не? (екі кісінің сөйлесуі)
3. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
Оқушылардың білімі жаман емес, әрі қарай кеттік.
Сол жақ қанат.
Екінші қабат- проект қорғау.
1. Қазақтың тұңғыш педагог жазушысы кім? (Ы. Алтынсарин)
2. “Қырдың жас түлегі” мәтіні кім туралы? (Ш. Уәлиханов)
3. Абайдың әжесінің аты? (Зере)
Оң жақ қанат
1. Ш. Уәлиханов деген кім? (ағартушы, ғалым, саяхатшы)
2. Абай Пушкиннің қандай өлеңін қазақ тіліне аударды? Пушкин кім? (Пушкин- орыс халқының ақыны, “Балықшы мен балық” өлеңін аударды)
3. Қазақ халық ауыз әдебиеті қалай бөлінеді?(тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, мақал- мәтелдер, жұмбақтар, батырлар жыры, жаңылтпаштар)
Сұраныс, тіркеу, проект, қорғаудан өттік, енді бизнес- планға өту.
Сол жақ қанат (зымыран сұрақ)
1. Республиканың рәміздері?(Ту, Елтаңба, Әнұран)
2. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған жыл?(1991)
3. Тіл туралы заң қашан шықты? (1989 жылы)
4. Үміт сөзінің синонимі (арман- қиял)
5. Шапшаңдықты көрсететін ұлттық ат ойыны (бәйге)
6. Қуғын- сүргін құрбаны болған ақын жазушылар кім? Оларды не деп атаған (Бес арыс, А. Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов)
7. Мақалды жалғастыр.
Ойлай білсең.... боларсың
Ойнай білсең.... боларсың (дана, бала)
8. “Қазақстан- 2030” кітабының авторы кім?(Н. Назарбаев)
Сол жақ қанат (Смета қорғау)
1. Қазақтың ең көне қалаларының бірі (Ежелгі Фараб, Отырар)
2. Батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері, М. Пайғамбардың замандасы кім? (Қорқыт ата)
Жұмбақ шешу (екі тілде)
1. Көп әңгіме, өлеңім,
Күнде ақыл беремін
Жақсы көрсе мені кім
Соған тиер көмегім (Кітап, книга)
2. Түнде бармын, күндіз жоқпын (жұлдыз бен ай, луна и звезды)
Карточкалармен жұмыс
Оң жақ қанат
1. Зат есім дегеніміз?(Заттың атын білдіретін сөз)
2. Бала тәрбиесі бесіктен (мақалдың мағынасын түсіндіру)
3. Сөйлем мүшелерін атап шық (Тұрлаулы, тұрлаусыз)
Сол жақ қанат
1. Әдемі деген сөзге синоним (әдемі, әсем, көрікті, келбетті)
2. Тез деген сөзге синоним (шапшаң, лезде, жылдам)
3. Етістік дегеніміз не? (Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіреді)
3 Үй Сақау диктант
Сурет көрсету арқылы, сөз жазып, сөйлем құрастыру
Сөйлемді аяқта
1. Кітап жақсы.... (дос)
2. Ата- бәйтерек
Бала - .....(жапырақ)
3. Оқусыз- білім жоқ
Білімсіз- ....(күнің жоқ)
4. Күш- білімде
Білім -...(кітапта)
5. Туған жердей – жер болмас,
Туған ....(елдей ел болмас)
“Егер мен болсам” сөйлем, әңгіме құрау
1. Президент
2. Білім министрі
3. Ақын
4. Ғалым
5. Жай мұғалім
Ал енді ең соңғы күрделі сатыға жеттік. Бұған жеткендер Ақша алуға рұқсат алады.
20 сұрақ- зымыран
1. Қазақстанның мемлекеттік тілі ...(қазақ тілі)
2. Республика күні... (25 қазан)
3. Оңтүстік Астана... (Алматы)
4. Асар дегеніміз не? (көмек)
5. Тұрлаулы мүшені ата. (Бастауыш, баяндауыш)
6. Қазақ әдебиетінің атасы кім?(А.Құнанбаев)
7. Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? (21)
8. Қазақ алфавитінде неше әріп?(42)
9. Діни мейрамдар ...(ораза айт, құрбан айт)
10. Солтүстік Астана –...(Астана)
11. Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз... (Арал)
12. Сан есім дегеніміз не?
13. Қазақстанның қасиетті жері ...(Түркістан)
14. Тұңғыш Республикамыздың Президенті... (Н.Ә. Назарбаев)
15. Сын есім дегеніміз не?
16. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата.
17. Жіңішке дауыстыларды ата .
18. Буынның үндестігі дегеніміз не?(Сөздегі дауысты дыбыстар бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келеді, оның себебі қосымшалар түбір сөздің буынның жуан, жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғанады)
19. Дыбыстық үндестік дегеніміз не? (Дауыссыз дыбыстардың бір- біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуын дыбыс үндестігі деп атайды.)
20. Республика деген сөзде неше буын? (төрт буын)
Қорытынды:
1. Қазақ халқының тұрмысы, тарихы, сенімі қайда көрініс тапқан? (Халық ауыз әдебиеті)
2. Халық ауыз әдебиеті адамды неге үйретеді? (Жақсылыққа, өз жерін, Отанын сүюге үйретеді)
3. Нені сынайды? ( Жамандықты, жалқаулықты)
4. Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
5. Біздің ана тіліміз қай тіл? (Қазақ тілі)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.