.
.
Тақырыбы: М дыбысы мен әрпі. М дыбысы мен әрпі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2678 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: М дыбысы мен әрпін таныту. Сөзге дыбыстық талдау жасау. М әрпі бар сөздерді оқи білуге, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
Дамутышылық: Өтілген дыбыстарды қайталау арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабіліттерін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ұжымдық ойын сабағы
Сабақтың әдісі: Ой қозғау арқылы дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: Слайд суреттер, сөзжұмбақ, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым!
Арайлап атқан әр күнге.
Өткен сабақты пысықтау
Ой қозғау
• Дыбыс дегеніміз не?
• Әріп дегеніміз не?
• Дыбыстар нешеге бөлінеді?
• Дауысты дыбыс дегеніміз не?
«Кім шапшаң ?» ойыны
Буыннан сөз құрау
а па
та ла
ал на
да ға
ай ра
ой ша
қа ма
Жаңа сабақ
Жұмбақ жасыру
Өзі жап-жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тонын шұп-шұбар. (мысық)
(слайдпен мысықтын суреті шығады)
Ал енді балалар, түйе өркешіне қарайық.
Ұқсайды оған қай әріп ? (м)
«Мысық» сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? «М»
Олай болса, бүгін біз «М» дыбысы мен әріпімен танысамыз.
Кәне М дыбысын айтып көрейін М , М , М .
Ерін арқылы жасалады екен .
Қысқа айтылады, дауыссыз дыбысқа жатады .
(слайдттан моншақтың суретін көрсету)
Ненің суретін көріп отырсыңдар? (Мон-шақ )
М дыбысы сөздің қай жерінде естіледі? Басында .
Бұл сөз неше буыннан тұрады? Екі.
Неше дыбыс бар? Алты .
Неше дауысты? Екі .
Неше дауыссыз? Төрт .
М әріп таңбасын көрсету:
«Сөз ойла, тез ойла» ойны арқылы «м» дыбысына сөз айтқызу.
Балалар, біз қандай дауысты дыбыстар білеміз? а, о, у
Дауысты дыбыстарға байланысты буындарды оқып көрейік -ма, -мо , -му, -лам, -мақ, -мар
Оқулықпен жұмыс:
Оқулық бетіндегі сөздерді оқушыларға буынға бөліп оқытып, әр сөзге түсінік беру.
Сергіту сәті:
«Қара жорға» биінің әуені арқылы қимылын жасату.
Дәптермен жұмыс:
Оқушыларға М м әріпінің элементтерін көрсету
М м
Ауада жаздыру. Дәптерге екі жол жаздыру.
Шығармашылық жұмыс:
«Ұйқасын тап»
Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбат.
Үзесің бірден жүзін ,
Оның аты ... (жүзім)
«Кім тапқыр» ойыны:
1. Нольден кейінгі сан 1. Түйенің баласы
2. Қозының анасы 2. Тамақтың дәмін келтіреді
3. Мемлекеттік рәміздердің бірі 3 .Үй құс-ң бірі
4. Қасиетті тағам 4. Тәтті жеміс
5. Балық аулайтын құрал
Сабақты қорытындылау
Дауыссыз дыбыс ерін арқылы жасалады
Сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.
Үй тапсырмасы: М дыбысы мен әрпін оқу
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.