.
.
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Төрт ана» Мұхтар Шаханов «Төрт ана»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4893 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың білімділігі: оқушыларға ақын Мұхтар Шахановтың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың тәрбиелілігі:Отансүйгіштік сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,математика
Көрнекілігі: слайд
Сабақтың барысы:1. Психологиялық дайындық
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын.
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Ол ақын болар ма еді?..» әңгімелеу. (3 оқушы толық айтқызу.)
— Оқушылар, Олай болса, мен қазір сұрақтар арқылы сендердің осы тақырыпты қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейін
б)Сұрақ — жауап
-Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?
-Қай қалады?
-Желтоқсан оқиғасы не үшін болды?
1986 жылғы Алматы қаласында болған Желтоқсан оқиғасының жұрт біле бермейтін, өз кезінде айтылмай қалған жұмбаққа толы сырларын бүкпесіз аша білген тарихымыздың қатпарлы беттерін ашу жолына қосылған сүбелі үлес деуге әбден болады. Солардың бірі Мұхтар Шаханов.
3. Жаңа сабақ.
- Мұхтар Шаханов өміріне тоқталу.
Мұхтар Шаханов 1942 жылы сәуір айының 2-сі туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. 1993-2003 жж.Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы
Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2004—2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазір 2004—2007 депутат.
«Төрт ана» өлеңін мәнерлеп оқу.
1.Өлеңнің мазмұнын ашу.
4.Сөздік жұмыс
-Ғұмыр-өмір бойы
Жебеп жүрер- қорғау, қамқор болу
Туған жері- отан,туып өскен мекені, кіндік қаны тамған жер
Туған тілі- қазақ тілі
Салт-дәстүрі- жеті атасын білу.
Құдіретті- ержүрек, батыр
Тарихы – қазақ елінің басынан кешкен оқиғалары
Күрес – азаттық, егемендік үшін жанын пида ету
5.Кітаппен жұмыс.Оқушыларға оқыту.(мәнерлеп оқыту)
-Ақын атаған төрт ана.
- Оқушылар айтады. (туған жер, туған тілі, салт-дәстүр, тарих) . Өз ойларын жүйелеп айтқызу.
6.Дәптермен жұмыс.
Шағын шығарма жазу оқушылар.
7.Бекіту: Тест.
Тест (жауаптары)
1.Ә 6.Ә
2.Ә 7.А
3.Б 8.Б
4.А 9.Б
5.Б 10.Ә
8.Қорытындылау.
-Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі-Астанамыз асқақтай берсін! Бұл сабақта шығармашылықпен жұмыс істедіңдер. Бұл жұмыстарды келесі сабақта жалғастырамыз. Сабаққа белсене қатысқан барлық оқушыларға рахмет!
9.Үйге тапсырма. «Төрт ана » өлеңін жаттау.
10.Оқушыларды бағалау.
«№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесі
Сынып: 3 «В»
Өткізген: Итемгенова Сәнімай
Жаңаөзен қаласы
2012/2013 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.