.
.
Пәні: Дуниетану Құм, саз және әктас.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2187 | Размер: | Автор: Нартай4540Сыныбы: 3 «а»
Сабақтың тақырыбы: Құм, саз және әктас.
Сабақтың мақсаты :
1. Пайдалы қазбалар туралы түсініктерін кеңейту, қүм, саз, әктас туралы мәлімет беру.
2. Шығармашылық қабілетін, сөздік қорлары мен ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Пайдалы қазбаларды қорғауға, ұқыпты жұмсауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі : Сұрақжауап, топтастыру стратегиясы, ойындар.
Сабақтың көрнекілігі : Қазақстан Республикасының картасы, құм, саз, әктас, ойындар.
Сабақтың барысы :
Ι Ұйымдастыру бөлімі.
Қызығушылығын ояту
Армысың, алтын күн.
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым бос!
Сәттілік тілеймін.
ΙΙ «Ой қозғау.»
Балалар бүгінгі сабағыиыз ерекше сабақ, өйткені біз еліміздің бізге жақын облыстарына саяхат жасаймыз. Ал басқа обылыстарға кейінгі сабақтарда баратын боламыз. Ол үшін бізге карта керек. Қандай көлік түрлерімен барамыз соны таңдайық.
Біз қай оьлыста тұрамыз ? Батыс Қазақстан облысы.
Батыс Қазақстан оьлысы 1932 жылы 10 наурызда құрылды. Қазақстан Республикасының солтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Облыс аумағы 151,3 мың шаршы шақырым. Обылыс орталығы Орал қаласы. Облыс аумағында газдың, мұнайдың, тұздар, цемент шикізаты, құмның кеніштері бар. Қарашығанақ Қазақстандағы табиғи газ шығаратын бірінші кен орны болып табылады.
Орал қаласынан көрші облысқа бару үшін көлік түрлерін таңдайық.( Ұшақ, автобус.)
Көрші Атырау облысына жету үшін ойын ойнап жіберейік.
- Біз өткен сабақта қандай тарауды бастаған едік?
- Пайдалы қазбалардың қандай түрлерін білеміз?
Мына пайдалы қазбалар қай туріне жататынын білмей тұр екен, біз тез тауып алайық!
Пайдалы қазбалар
Жанғыш Кенді Кенсіз
көмір мыс гранит
газ темір тұз
мұнай қорғасын
Балалар өте жақсы. Енді Атырау облысына да ұшып келдік.
Атырау обылысы Қазақстан Республикасының батыс бөлігін ала. Каспий теңізінің солтүстік, солтүстік шығыс жағалауы бойын қамтиды. Облыстың көлемі 118,6 мың шаршы шақырым. Облыс орталығы Атырау қаласы. Атырау облысы үлкен мұнай,газ өндіру орталығы.Атырау қаласын Қазақстанның мұнай астанасы деп атайды.
ΙΙΙ Үй тапсырмасын тексеру.
Енді Атырау облысынан шығып Маңғыстау облысына жету үшін үйге берілген тапсрманы кім айтар екен?
- Өте жақсы.
- Маңғыстау облысына да ұшып келдік.
Маңғыстау облысы –Қазақстаның оңтүстік батысында орналасқан, облыстың аумағы-165,4 мың шаршы шақырым. Маңғыстау облысында өздеріңе таныс мұнай, газ кен орындары бар.
ΙV Мағынаны тану
Енді Маңғыстау облысынан Ақтөбе облысына жету үшін Кеңсіз пайдалы қазбалардың тағы бір түрімен танысатын боламыз: Құм, саз, әктас. Міне балалар жақсылап қарайық.
Құм-сусымалы тау жынысы,табиғатта жиі кездеседі.
Ол сары,ақ, сұр,қара болып келеді.
Құрғақ құм түіршіктері бір-бірімен байланыспай тұрады. Құм су қоймаларында ауыз суды сүзіп тазартуға қолданылады. Таза құмнан әйнек жасайды.
Саз- тау жыныстарының үгілуінен пайда болады.Көл мен теңіз түбіне жиналады. Саз құрғағанда тас сияқты қатты. Сендер көл,өзен жағасында иленген саздан түрлі бейнелерді жасаған болоасындар және бағалы ыдыс-аяқтар жасайды.
Әктас- ақ немесе ақшыл сұр тас. Оны кірпіш,бетон,тақта және блоктарды бекіту үшін қолданылатын цемент дайындауға пайдаланылады.
Біз тқтаға жазатын борда-әктас. Ал әктастың тағы бір түрі- мәрмәр. Оның қасиеттері борға қарама-қарсы. Ол өте берік және қатты. Мәрмәр жақсы жылтырайды.
Осы құм мен саздың су өткізушілік қасиетін анықтауға болады. Құм салған құйғыдан судың түгелдей ағып кеткенің көреміз. Сонда құм суды жақсы өткізеді екен.
Енді Ақтөбе облысынада ұшып келдік. Ақтөбе облысы Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан. Жер қойнауы өте бай мұнай қорының 10% пайызы, шикізаттың 30% пайызы ,Қазақстан хромының 100% пайызы осында екен.
V Кітаппен жұмыс
Ақтөбе облысынан Қарағанды облысына жету үшін кітабымызды ашып, кітаппен жұмыс жасайық. Тізбектеп оқу. Сұрақтармен бекіту. Жарайсыңдар.
Қарағанды облысынада ұшып келдік. Қарағанда облысы Қазақстаннын орталық бөлігіндегі облыс аумағы 428 мың шаршы шақырым. Темір, тас, көмір кені бар. Минералдар мен шикізатқа өте бай облыс.Енді Қарағанды облысынан Ақмола облысына жету үшін топтық жұмыс жасаймыз.
VI Топтық жұмыс
I Қатар II Қатар III Қатар
Құм Саз Әктас
-Жарайсындар.
-Міне Ақмола облысынада жеттік. Ақмола облысы Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде орналасқан. Аумағы 146,2 мың шаршы шақырым. Пайдалы қазбалардың мол кен орындары, минералды су, емдік саз балшықтардың орындары бар. Ақмола облысында біздің астанамыз- Астана қаласы орналасқан. Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл толып жатыр? 20 жыл.
Енді
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.