.
.
Ақмола облысы Мүшел жас.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3383 | Размер: | Автор: Нартай4540Зеренді ауданы
Бірлестік ауылы
Бірлестік орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тарбака Жанаргуль
Сабақтың тақырыбы: Мүшел жас.
Сабақтың мақсаты: Тақырыптың балаға ой салар идеясын баса ашуға жағдай туғызылады.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мәтін мазмұнын түсініп, адам жасының ерекшеліктеріне мән бере отырып, айтылған ойға, үлкеннің сөзін тыңдай білуге, өзгелердің пікірімен санаса білуге үйренеді.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін дамыды, өз беттерінше қорытынды шығару дағдылары жетіледі.
Тұлғалық нәтиже: ұлттық әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді құрметтеп, имандылыққа бейімделеді.
Сабақтың көрнекілігі: бор, интерактивті тақта, мүшел жас кестесі, плакат, маркер, қосымша мәліметтер.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Түрі: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамыта оқыту.
Сабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту.
І. Топқа бөлу. Сыныпты 13, 25, 37 деп алғашқы мүшел жастың санына байланысты үш топқа бөлемін.
Сергіту сәті
Интерактивті тақтада музыканың сүйемелдеуімен көрсетіледі.
Балалар сол қимылды қайталайды.
Өткенді қайталау. Ата –аналарының айтқан бесік жырымен тұсау кесу жырларын жазып келген оқушылардан сұрап шығу.
«Туған күнге» арналған құттықтау өлеңін жатқа айту.
Құтты болсын туған күн, Әкең келіп төбеңнен
Кіндігіңді кесіп ап, Тебірене төнген күн
Жібек жіппен буған күн. Қуанғаннан ел жұртың
Шілдехана суымен Көрімдігін берген күн.
Алғаш рет жуған күн. «Кімге тартты екен?» деп
Орап алып жөргекке, Бетіңді ашып берген күн.
Ақ сүтін асыл ананың Туған күнің жыл сайын
Емірене емген күн. Жүз жыл бойы тойлансын.
ІІ. Миға шабуыл. - Бұл өлең жолдары кімге арналып айтылды деп ойлайсыңдар? Өз ойларыңды дәптерлеріңе жаза қойыңдар. Жазып болғаннан соң көршілерімен жұптасып оқиды. Топта талқылайды. Ортаға әр топтан тақырыпты ашып жазған бір-бір оқушы шығады да жазғандарын оқып береді.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болатынын аңғардыңдар ма?
- Ендеше сөзжұмбақты шешейік.
- М 3 50
- Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесінен алынған үзінді «Мүшел жас» мәтінін оқимыз.
- Мүшел жас дегенді қалай түсінесіңдер? Көз алдарыңа елестетіңдер, бұрын естіп пе едіңдер?
Бауыржан Момышұлы туралы не білетіндері бойынша топтастырады.
Мағынаны тану.
Мәтінді түсініп оқу. Тізбектей оқыту.
«Мүшел жас» кестесін толықтыру.
13 жас – ер жете бастау;
25 жас – жігіттік шақ;
37 жас – ақыл тоқтатқан кезең;
49 жас – орта жас;т.б
Адамның мүшел жасы әрбір 12 жыл сайын кіріп отырады. Бір жылда 12 ай бар. Мұнда да бір байланыстың бары анық.
- Отбасында туған күн мерекесі қалай аталып өтіледі?
- Т кестесі стратегиясын қолдана отырып, бұл мерекенің жақсы-жаман жағын ажыратып жазайық,-деп әр топқа плакаттар мен маркерлер таратып беру.
жақсы жаман
Жазып болғаннан соң тақтаға ілгізіп, жазғандарын әр топ басшыларына жеке-жеке қорғату.
Ой толғау.
1- топ. Хат жазады.
Дәптерде берілген тапсырмаға көңіл бөлгізіп, таныстыра отырып, «Жоғалған туған күн» мәтінін оқып, Берентайға қуанышты хат жазғызу.
2-топ. Ойтолғау жазады. Алғашқы мүшел жасыңды тойла десе, қалай атап өтер едің? Сол жайлы жазыңдар.
3-топ. Сыныптастарыңның бірінің туған күніне тілек жазыңдар.
Бағалау: Кері байланыс жасау. Смайлингке жұлдызшалар жапсыру.
Үйге тапсырма. «туған күнді тойлау» тақырыбына шығарма жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.