.
.
Қазақ тілі / 3 сынып/ Мәтін
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2721 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы: Мәтін. 15-19-жаттығу.
Мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың 2 сыныпта алған мағлұматтарына сүйене
отырып, мәтін және оның түрлері туралы білімдерін кеңейту; мәтінді талдауға, негізгі ойды табуға, ой қорытындысын жасауға және мәтін құрастыруға үйрету.
Дамытушылығы: көркем жазуға дағдыландыру, сөздік қорын дамыту. Белсенділігі мен ынтасын, оқу-білімге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілігі: адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатқа, жан-жануарға деген қамқорлық, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, үнтаспа.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Түрі: саяхат сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, еңбек.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
а) Сәлемдесу.
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.
Хормен: Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз.
ә) Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Мұғалім Балалар /хормен/
Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар , бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият боламыз.
2. Өткен сабақты пысықтау. /Интерактивті тақтамен жұмыс/
1.слайд.
1. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы не?
/Дыбысты естиміз,
әріпті көреміз./
2. Қазақ тіліндегі дыбыстар неше топқа бөлінеді?
/2/ Дауысты, дауыссыз/
3. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?
/ 2/ жуан, жіңішке
4. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?
/ 3/ қатаң, ұяң, үнді
5. Сөйлем дегеніміз не?
6. Сөйлеу не үшін қажет? Тіл арқылы не істейміз?
7. Мәтін дегеніміз не?
8. Мәтіннің қандай түрлері бар?
/ әңгімелеу сипаттау пайымдау/
Әңгімелеу мәтіні қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? сұрағына жауап береді.
Сипаттау мәтіні бір нәрсені, затты сипаттайды және қандай ? сұрағына жауап береді.
Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? сұрағына жауап береді.
9. «Мәтін» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
3. Жаңа сабақ.
Дәптерді ашып бүгінгі күннің ретін жазу.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Себебі, сабағымыз саяхат сабақ. Демек, қазір сендермен күзгі орманға топсеруенге барамыз. Дайынсыңдар ма?
Интерактивті тақтадан күзгі орман бейнеленген суретті көрсету.
/ Үнтаспадан сылдырап аққан судың, сайраған құстардың даусы естіледі
-Балалар, алдымыздан өзен пайда болды.
Өзеннен өту үшін бізге не керек?
/Көпір/. Оқулықтағы 15-жаттығуды орындасақ , өзенде көпір пайда болады.
Берілген мәтіндерді оқып, бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін анықтау. әр мәтінге сұрақ қою. Бәрілген мәтіндерден әңгіме құрау. Сипаттау мәтінін көшіріп жазу.
Күшіктің түрі қара. Төсі ақ. Құйрығы жылмиған./ тақтада орындау/
Өзеннен өтіп, әрі қарай серуенімізді жалғастырамыз.
Алдымыздан аңдар /аю, қасқыр, түлкі, қоян/ шықты.
Олардың тапсырмалары бар екен. Сол тапсырмаларды орындасақ бізді әрі қарай өткізеді.
Тапсырма: 16-жаттығуды ауызша орындау.
Сурет бойынша әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндерін құрастыру.
Сергіту сәті. «Жапырақ теру» ойыны. Әр жапырақтың артында тапсырма бар. Тапсырмаларға дұрыс жауап берсе, жапырақты себетке салу.
1. сұрақ: Жуан дауысты дыбыстарды ата.
2. сұрақ: Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.
3. сұрақ: Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.
Серуенімізді әрі қарай жалғастырамыз.
Балалар, алдымыздан борсық шықты. Ол не істеп жатыр екен. Борсық қысқа қалай дайындалады. Борсыққа көмектесіп жіберейік. Ол үшін
18-жаттығуды орындаймыз. Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Мәтіннің қай түріне жататынын анықтау.
Серуенімізді әрі қарай жалғастырамыз.
Алдымыздан тиін шықты. Балалар, тиіннің қысқа жинаған саңырауқұлақтары жерге түсіп қалыпты.
Әр саңырауқұлақтағы сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып, оларды бұтаққа ілейік. Сөйтіп тиінге көмек көрсетіп, бір қайырымды іс жасасақ , сыныбымызға аман-есен ораламыз.
Тапсырмалар:
1. Сөйлем деген не?
2. Қандай сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз?
3. Сұраулы сөйлемнің ережесін айт.
4. Лепті сөйлем дегеніміз не?
Балалар, сыныбымызға аман-есен жеттік. Сендерге ормандағы жан-жануарлар сабаққа жақсы қатысқандарың үшін, оларға көмек көрсеткендерің үшін ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтуда.
Сабақты бекіту.
19-жаттығу. Ауызша орындау. Мәтіннің белгілерін атау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 17-жаттығу.
Аты-жөні : Әзиза Әбілбашарова Әбілпаттақызы.
Жұмыс орны : Қызылорда обл, Жаңақорған кенті
№51.М.Қаратаев атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.