Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мұзафар Әлімбаев. Кім жомарт? Не жомарт? -

Мұзафар Әлімбаев. Кім жомарт? Не жомарт?

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2423 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Десант сабақ Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұзафар Әлімбаев. Кім жомарт? Не жомарт?
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Оқушылар мейірімділік, қайырымдылық, турашылық жайында әңгімелей келе өлең мазмұнын түсініп айта білуге, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқушылардың ойын жүйелеп баяндай білу шеберлігі артады.
2. Дамытушылық:Диалог түрінде берілген өлеңді оқуда дұрыс дауыс ырғағын келтіруді басшылыққа ала отырып, оқу дағдылары қалыптасады..Ойын жүйелеп баяндай білу шеберлігі артады.
3. Тәрбиелік: Өзіндік пікір, көзқарастар қалыптастыра отырып, оқушылардың бойында әділдік сезім, жолдастық, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Сілтеме: Әдістемелік нұсқаулық, 2-сыныпқа арналған Әдебиеттік оқу оқулығы
Күтілетін нәтиже: Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуі, тақырыпты өмірмен байланыстыра білулері
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, А3, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, смайликтер
Оқыту әдістері: Сұрақ- жауап, АКТ, сыни тұрғысынан ойлау
Оқытудың түрлері Жұптық, топтық, өзіндік жұмыстар арқылы өткізу
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Топқа бөлу. «Адам болам десеңіз» бөліміне байланысты 3 топқа бөлу.
1-топ Талапты
2-топ Еңбекқор
3-топ Ойшыл
Таңдау, бөліну, отыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үй тапсырмасын тексеру:
М.Гумеров. Көк кептер
Жоспар:
1. Бейтаныс балалар
2. Арашашы
3. Нүсіпбектің досын іздеуі
4. Үйге келгендегі іс-әрекеті
1-топ. Әңгімені мазмұндайды
2-топ. Нүсіпбек пен Аймағанның қасиеттерін Венн диаграммасына салу.Нүсіпбек (аңқау, адал, сенгіш) пен Аймағанға (сатқын, арам, қу) ортақ нәрсе ? (дос балалар)
3- топ. Мәтін кейіпкерлерін және олардың іс-әрекеттерін бағалау: Мәтін кейіпкерлері не істеді? Сендерің пікірлерің
ІІІ. Жаңа сабақ Сөзжұмбақ шешу:
1. Төрт түліктің бірі не малдың қасқасы ? (жылқы)
2. Еңбек етуге ең керекті не? (қол)
3. Не өмір шырағы? (білім)
4. Тіршіліктің тірегі кім? (ана)
5. Кездескенді тақырға отырғызып кететін кейіпкер кім? (Алдаркөсе)
6. Не тас жарады,
Тас жармаса бас жарады. (тіл)
IV. Сергіту сәті Бейнеролик көрсетіліп, сергіту жаттығуын орындайды.
V. Оқулықпен жұмыс 1.- Ендеше, бүгін біз “Жомарттық”туралы оқимыз. Күнді, тақырыпты жазғызу. Өтетін тақырыптың мазмұнын, мақсатын айту.
Жомарттық деген не?
Жомарт адам уәдесінде тұрады, әділ, қайырымды болады.
-Кабуснама деген не? - Оны кім жазды? Қайқауыс туралы түсінік беру.
Оқулықта берілген мақалды оқу. Жомарт сөзіне қарама –қарсы сөз – сараң сөзі.
2. М. Әлімбаевтің суретін көрсетіп, мағлұмат беру.
Мұзафар Әлімбаев – Қазақстанның халық жазушысы. 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды аулында дүниеге келген. Әлімбаев балалар әдебиетіне ерекше еңбек сіңіріп келеді. Оның «Бал дәурен, шіркін балалық», «Ақсерек пен Көксерек» т.б. сондай кітаптары оқырмандар қауымына кеңінен танымал. Әлімбаев дүние жүзіндегі 70 елдің мақал-мәтелін жинап, оларды ана тілімізге аударды.
3.Оқулықтағы өлеңді оқып, диалог түрінде оқу жолдарын көрсету.
-Диалог деген не ? Пысықтату. Оқушыларға рөлге бөліп кезекпен оқыту.
VI. Тапсырма

Топтық жұмыс
1-топ
”Кім жомарт? Не жомарт?” сөзіндегі кім? не? сұрақтары қай сөз табына қойылады? (зат есімнің ережесін еске түсіру)
2-топ
Өлеңде ақын кімдерді және нелерді жомарт дейді? Осы сұрақтарға өз беттеріңше жауап беріп, өлеңді жалғастырып көріңдер
3-топ
Өлеңді сурет түрінде бейнелеу.
VII.Бекіту -Батырды неліктен жомарт дейміз? (Халық үшін жанын бергендіктен)
-Ұстазды неліктен жомарт дейміз? (Бар балаға тәлім бергені үшін)
-Жерді неліктен жомарт дейміз? (Адамзатты асырағаны үшін)
-Күнді неліктен жомарт дейміз? (Жерге нұры шашырағаны үшін)
VIII. Үйге тапсырма беру Өлеңді жаттап келу. Жомарттық туралы “Қабуснамадан” берілген үзіндіні жаттап келу.
IX.Қорытындылау – Жомарттық дегеніміз не?
– Қабуснамада жомарттықтың неше белгісі бар делінген?
– Бірінші белгісі не?
– Екінші белгісі не?
– Үшінші белгісі не?
– Жомарттық деген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді ата.
– Мұзафар Әлімбаев қай жерде дүниеге келген?
– Мұзафар Әлімбаевтің қандай шығармалары бар?
– Біз қандай болуымыз керек?
X. Бағалау Формативті бағалау. Екі жұлдыз бір тілек арқылы
XI. Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін смайлик арқылы көрсету тапсырылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.