.
.
Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1955 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сөз туралы,олардың кейбір түрлері жайында білімдерін пысықтап,тағы бір түрі,мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы түсінік беру.
2. Сөз мағынасының түрлері жайлы берілген ұғымды ісжүзілік дағдылар арқылы одан әрі дамыту,сөз мағыналарын дұрыс қолдана білуге баулу.
3. Оқушыларды шапшаңдыққа,жинақылыққа,тазалыққа,сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі суреттер,кесте,сигналдық белгілер,үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ынталандыру
Шаттық шеңбері электрондық оқулықтан қайталау
2. Үй тапсырмасын тексеру: тақтадағымен салыстыру,өз-өзін бағалау.
3. Сабақ мақсатын хабарлау
- Балалар,кім ғарышкер болғысы келеді?
- Неліктен?
- Бүгін біз сендермен ғарышқа саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз әсем планета- Жерден, біздің Қазақстандағы «Байқоңырдан» басталады. «Жаңалық», «Білгірлік» планеталарында боламыз.
4. Өткенді пысықтау.
- Ракетамыз ғарышқа ұшуы үшін екі тапсырма орындауымыз керек.
- Корабль экипаждары ғарышқа ұшуға әзір ме,тексереміз.
I-қатар – I-экипаж
II-қатар – II-экипаж
III-қатар – III-экипаж
- Әр экипаждың бір мүшесі бір сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берсе, бүкіл экипаж корабльде өз орындарын алады.
1-тапсырма:
1. – Сөз дегеніміз не?
2. – Сөз неден құралады? Сөйлем ше?
3. – Мағыналарына қарай,сөздің қандай түрлерін білеміз?
2-тапсырма:
- Ғарышқа ұшу үшін екінші тапсырманы орындайық.
I-экипаж:
- Араның екі мағынадағы суретін пайдаланып,екі сөйлем құрасырып жазыңдар.
Кесте пайдаланылады
Ара (жәндік) - Ара гүлге қонды.
Ара (құрал) – Ара- ағаш кесетін құрал.
II-экипаж:
- Көп нүктенің орнына солсөзге мағынасы жуық сөз тауып, жаз.
Әдемі...
Батпақ...
Тамақ...
Аяз...
III-экипаж:
- Берілген сөзден, ондағы әріптерді пайдалана отырып, бірнеше сөз құраңдар.
Қала-қал, ал, ала, ақ, лақ, алқа.
- Жарайсыңдар! Барлық экипаж тапсырмаларды дұрыс орындады. Ғарышқа ұшуға әзірленейік.
Сергіту сәті
- Ракетаны ұшыруға дайындық.
- Моторды іске қосайық.
- Тетіктерді қосайық.
- Бір,екі,үш.
Ракета «Байқоңыр» космодромынан ұшырылды.
5. Жаңа сабақ.
Суреттегі «Жаңалық» планетасына ракетаны жылжыту.
- Алғашқы қонатын планетамыз «Жаңалық» деп аталады.
- Бұл планетада,атына лайық, мағынасына қарай жаңа сөздермен танысасыңдар.
Тірек кестемен жұмыс
1. Қант ... болады,бұрыш ... болады.
2. ... кісі бастар, ... кісі қостар.
3. Қант ... болады, ал көмір ... болады.
4. ... бала – қуаныш, ... бала – өкініш.
- Көп нүктенің орнына қойған сөздерге назар аударайық.
- Олар, мағынасына қарай, қандай сөздер?
6. Оқулықпен жұмыс
1. Жаттығу орындалады
- Біз келесі «Білгірлер» планетасына қонамыз. Бұл планетада болған ғарышкер ағаларымыз әр түрлі тапсырмалар қалдырып кеткен.
Ауызша орындау- ұжымдық жұмыс.
- Суретте не бейнеленген?
- Суреттердегі заттарды салыстыра отырып, қарама-қарсы мәндес сөздері бар сөйлемдер құрастырыңдар.
- Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып,атаңдар.
I-экипаж:
Тұрақты жұппен жұптық жұмыс.
Қарсы мәндес сөздерді ойдан жазу.
1-оқушы 2-оқушы
ақ- қара
II-экипаж:
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді ьжұптап жаз. (қима қағазда жазылған сөздер беріледі)
III-экипаж:
Ойын «Кім көп біледі?»
Ойынның шарты: мұғалім «жеңіл» десе, оқушылар оған қарсы мәндес сөзді тауып айтады. Мысалы: «жеңіл-ауыр».
Алдымен ауызша айтып, кейіннен жазады.
7. Бекіту.
Алған білімдерін топтастыру.
Топтық жұмыс: сигналды белгілерді көрсетеді- ауызша орындалады.
- Төмендегі қандай сөздер екенін тауып, айтыңдар.
I-топ: қу, айлакер, алдампаз.
1. Қарсы мәндес сөздер
2. Жуық мәндес сөздер
3. Жазылуы бірдей сөздер
II -топ: Алыс- жақын
1. Жуық мәндес сөздер
2. Жазылуы бірдей сөздер
3. Қарсы мәндес сөздер
III -топ: Жүз. Жүз.
1. Жуық мәндес сөздер
2. Қарсы мәндес сөздер
3. Жазылуы бірдей сөздер
Жазбаша тест тапсырмасы орындалады. Аралас сөздер. Дұрыс жауабын табу. (үлестірмелі қима қағаз)
I-экипаж:
оқулықтан жаттығуды жазу. Мақалды жатқа жаз. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.
Ащы мен тұщыны татқан білер,
Жақын мен қашықты жортқан білер.
II-экипаж:
Жұмбақты жатқа жазып, қарама-қарсы мәндес сөздердің астын сыз.
Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады. (қоңыз)
III-экипаж:
Өлеңді көшіріп жаз. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.
Ащы терім ақты,
Жеміс өсті тәтті.
8. Қорытынды
- Біздің саяхатымыз аяқталып келеді.
- Жерге аман-есен қону үшін, бүгінгі сабақта нені үйренгенімізді еске түсірейік.
- Біз қандай планеталарда болдық?
- Осы планетада жаңадан нені үйрендік?
- Қалай ойлайсыңдар, мұндай сөздер не үшін қажет?
- Тағы қандай планетада болдық?
- Сендерге саяхат ұнады ма?
9. Үйге тапсырма беру: қима қағаздардағы тапсырмаларды жазбаша орындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.