Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Малды көктемде бағып күту. -

Малды көктемде бағып күту.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1718 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Дүниетану
Тақырыбы: Малды көктемде бағып күту.
Мақсаты:
а) жаңа сабаққа оқушыларды белсенді қатыстыру,мәтін мазмұны, 4 түлік бойынша мағлұмат беру.
ә) әдет-ғұрып, салт дәстүрді бірге тәрбиелеу.
б) өлі –тірі табиғатқа қызығушылықтарын,қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: бүктемелер, демострациялық материалдар,сурет «Мал өрісі» шаблондар.
Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу жұптық жұмыстар
Түрі: ойын сабақ :
Барысы:
І Ұйымдыстыру: - Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз мал өрісінде өтеді:Сабақ кейіпкерлері – төлдер.
- Төлдің қандай түрлерін білесіңдер?
- бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.
ІІ. (Есік қағылады, Алдаркөсе келеді)
- Ассалаумағалуйкум, Алдаркөсе
- Уағалейкумассалям, балалар?
- Алдаркөсе өзінің қоржынын ала келіпті, сыйлықтары бар екен. Оларды алу үшін сабаққа қалай қатысуымыз керек.
Ойын: «Төлдерді өріске айда»
Мұғалім: - Мен сендерге төлдер суретін таратамын. Сыртында сұрақтар бар. Дұрыс жауап берген бала тақтадағы өріске апарып қояды.
Сұрақтар:
1. «Бота» туралы тақпақ айт.
2. Қошақанды суреттеп бер.
3. Төлдерді сүйсініп не деп атайды.
4. Төлдердің қимылын білдіретін сөздерді ата.
а) Оқулықпен жұмыс: (мәтін оқылып, сұрақ-жауап алынады)
ә) – Малды қалай бағып күтеміз?
- Мал мен жабайы аңның айырмашылығы.
- Үйден мал тіршілігі туралы әңгіме.
Сергіту сәті: Ән: «Төлдер»

б) Дәптермен жұмыс: түйе – бота, сиыр – бұзау, жылқы – құлын, қой-қозы, ешкі – лақ.
- Малға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
- Малды теппе,
- Малды басынан ұрма.
- Малға теріс мінбе.
в) «Төлдерді шақыру» ойыны
Мұғалім: - Балалар біз төлдерді өріске айдағанбыз. Енді оларды, қалай шақырамыз. Бота – көс-көс, құлын – құру-құру, қозы – пұшайт-пұшайт, лақ-шөре-шөре, Алдаркөсенің сыйлығын тапсыру.
IV. Үйге тапсырма: 91-бет, эссе «Төлдер»
V. Қорытынды: пысықтау, бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.