.
.
Сабақтың тақырыбы: Малта Малта
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1822 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:халқымыздың ұлттық тағамы малта туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы:оқушылардың тез жазуларын,еске сақтау дағдыларын тәрбиелеу.
Тәрбиелігі:көркем жазудың және түсініп оқуын жетілдіру
Көрнекілігі:суреттер,слайд,құрттар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
1.Амандасу,оқушыларды түгендеу,оқушылпарды сабаққа даярлау.
2.Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз.
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Нан туралы мәтінде неге осы бөлімде берілегн
2. «Нансыз өмір жоқ» деген тақырапта жазған шығармаларын тексеру.
3.Сергіту сәті
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
4.Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу
-Серёжа қайда оқиды? (Мектеп)
- Серёжаның әкесі кім болып жұмыс жасайды? (Наубайшы)
-Асханаға кімдер келді? (Балалар)
-Үстел үстінде қандай нан тұрды? (Қатты)
-Балалар нені сақтықпен жеп отырды? (Нанды)
М е к т е п
Н А у б а й ш ы
Б а Л а л а р
Қ а Т т ы
Н А н д ы
5.Қызығушылығын ояту стратегиясы
-Балалар мына суретте не бейнеленген?
-Сендер жайлауда болдыңдар ма?
-Онда қандай үй жануарларын кездестіруге болады?
-Малдардың ішінде сиырдың қандай пайдасы бар?
-Сүттен қандай тағамдар дайындалады?
«Малта » дегеніміз не?
6.Кітаппен жұмыс
Мәтінмен жұмыс.Оқушылардың ызындап,өздік оқуы Н.В.Зайцев технолгогиясы.
7.Тірек сызбамен жұмыс.
Құрт
Сүзбе
Малта
Сүт қайнатады
Сүт қоймалжың болады
Қолмен сығымдап жасайды
Күнге кептіреді
Құрттың түрлері:
1.Жас құрт
2.Ыстық құрт
3.Сықпа құрт
4.Езген құрт
5.Малта
6.Ақмалта
7.Құрт-май
8.Құрт-көже
9.Ақлақ
10.Ақ тұшпара
Малта-Езілген құрттың ұсақ түйіршіктері.Ол әрі жұмсақ әрі дәмді ас саналады.Ұзақ сапарларда ,ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын,әрі тамақ,яғни қорек болып саналады.Батырлар елді,жерді қорғап аттан түспей жүрген кездерде малтаны ауыздарына салып тағам еткен.
8.Дәптермен жұмыс
а) тақтадағы сөздіктерді оқып мағынасымен танысады.
б) көру диктанты
Томпайтып ұртты,
Сорамыз құртты.
Жасайтын оны,
Тек қазақ ұлты! (Е.Елубаев)
9.Топтық жұмыс.
1-топ Жұмбақ жасыру
2-топ Мақал-мәтел жазу
10.Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу.Мазмұндау.
“Қыс азығын жаз жина” деген тақырыпта шығарма жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.