.
.
Сабақтың тақырыбы: Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2810 | Размер: | Автор: balaseriСабақтың мақсаты: Үлек туралы мағлұмат беру
Міндеті:
Білімділік: Мерсердің танымдық тәсілдерін қолдану арқылы оқушының әңгіме мазмұнын өздігінен түсінуге, белсенді зерттеулер жүргізе отырып, түйе туралы білімдерін кеңейту. Түйені жасына, қолтұқымына, жынысына қатысты ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Үлек туралы түсінік бере отырып, ойлау қабілетін сыни тұрғыдан дамыту. Өз ойын толық жеткізе отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Төрт түліктің адам баласына әкелер пайдасын ескере отырып, оларды қорғауға және қамқор болуға тәрбиелеу. Қосымша тапсырмалар бере отырып, шығармашылыққа баулу, ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
1.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастырады.
2.Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3.Сабақта белсенділік танытады.
4.Шығармашылық қабілеттері артады.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)
2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (Ассоциация, INSERT әдісі)
3-модуль: Бағалау ( бағалау бетшелері арқылы)
4-модуль: АКТ – ны пайдалану (интербелсенді тақта, видео)
7-модуль: Көшбасшылық
Көрнекіліктер: Оқулық, слайд, А3 қағаз, стикер,маркер,
Қадамдар:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Топпен жұмыс.
3.Рефлексия
4.Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Топқа бөлу
2. Оқушының зейінін сабаққа аудару
3. Үй тапсырмасын сұрау
4.Жаңа сабақты түсіндіру
5.Тапсырмалар беру
Оқушының іс-әрекеті:
1.Кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді.(ақ, сар, қызыл,көк, жасыл)
2. Зейіндерін сабаққа аударады
3. Үй тапсырмаын орындайды
4. Мәтіннің мазмұнымен танысады. Үлек туралы мәлімет алады
5.Топтасып жұмыс жүргізеді,постер қорғайды
6. Кері байланыс жасайды
Топқа бөліну: Кәмпиттер арқылы
І кезең: Қызығушылықты ояту:
«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.
Ойынның шарты: Егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
«Егер сен көрінбейтін адамға айналып кетсең не істер едің?» тақырыбында эссе жазу
Шығарманы 5-6 оқушыға оқытамын.
-Біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Бұл әңгімедегі адамның ұры екенін қайдан білдік?
-Ендеше балалар сендер көрмей, дауысты қалай аңғарарсыңдар екен. Соны көрелік. Ол үшін мен сендерге дыбыс жасырамын . Сол ненің дыбысы екенін ажыраталық.
Аудиодан түйенің үнін тыңдау.
-Бұл ненің дыбысы? (Түйенің)
Ендеше, түйе туралы білетін ойларымызды жинақтау үшін, тақтадағы ұяшықтарды таңдайық
Миға шабуыл.Әр топ тақтадағы 10, 20, 30, 40 ұяшықтарын таңдау арқылы, берілген тапсырмаларды Ассоциация әдісі арқылы қорғайды.
10 – Түйе туралы не білесіңдер?
20 – Түйенің адамға тигізер пайдасы қандай?
30 – Түйеден қандай өнімдер аламыз?
40 – Түйенің қандай түрлері бар?
Мұғалім түсіндірмесі:
Түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналды.Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америка деп саналады.
Қазіргі уақытта түйенің бұл түрлері Африкада, Орта Азия мен Батыс Азия мен Батыс Америкада да бар.Түйенің екі түрі бар. Мұның біреуі қос өркешті, екіншісі нар (жалғыз немесе сыңар өркешті түйе).
- Біз бүгін Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» әңгімесімен танысамыз
- Үлек туралы естулерің бар ма?
Автор туралы мағлұмат беру.
Үлек туралы мағлұмат беру
Үлек — сыңар өркеш түйенің (аруананың) ұрпағы. Шоқтығына дейінгі биіктігі 183 см, тұрқы 155 см, салмағы айыр түйеден жеңілдеу, мойны ұзын әрі жіңішке, қамыттығының жүні бұйра, тамағының асты мен желке жүні қалың әрі шудалы. Үлек өте жүрдек әрі ұшқыр.
Қалдыбаев Мамытбек
Мамытбек Қалдыбаев 1939 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы «Совет» ұжымшарына қарасты «Қызылжалау» ауылында туған. Шымкент қаласындағы техникалық училищені, педагогика институтының филология факултетін бітірген. Жамбыл облысы, Қордай ауданында мұғалім болған.
М. Қалдыбаевтың «Қанат қақты», «ол неге ұялды», «Айна», «Мерей», «Ақжайық әуендері», «Ай туып келеді», «Жолдар шақырады» т.б кітаптары шыққан.
Оқулықпен жұмыс: Мәтінді оқушылар тізбектей оқиды.
Дәптермен жұмыс.
Тапсырма: Шарды жару арқылы тапсырмаларды дәптерге орындайды.
1-топ: Түйе жейтін шөптің атауын тауып жазу.Толықтыру
2-топ: Мәтіннен жер аттарын тауып жазу.
3-топ:Мәтінді пайдалана отырып үлекке сипаттама жазу.
4-топ: Мүлкібай атаның бейнесін көрсететін тіркестерді теріп жазу.
Оқушылардың тапсырмаларын тексеру.
1-топ: Түйе жейтін шөптің атауын тауып жазу
Жусан, изен бұл қандай жерлерде өседі?
- Сөйлемнің қандай мүшесі?
2-топ: Мәтіннен жер аттарын тауып жазу.
Бозоба, Сарапан, Тасқұдық
-Бұл қандай жер деп ойлайсыңдар?
-Себебі неге?
3-топ:Мәтінді пайдалана отырып үлекке сипаттама жазу.
Қорқуды білмейтін, жалғыз өркешті
Айбатты, батыл Үлек малды бір өзі бағады
Нардың бурасы
-Қандай мәтін құрауға болады?
4-топ: Мүлкібай атаның бейнесін көрсететін тіркестерді теріп жазу.
Қоржиған кіп-кішкентай , ап-арық Мүлікбай ата.
Ендеше балалар, Мүлікбай атаның несін суреттеген?
Жүрісін, бет-әлпетін, түрін
-Енді осы сөздерді пайдалана отырып портрет дегеніміз не? Деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
«Портрет» туралы мағлұмат беру.
Оқушылар сызба арқылы ереже шығару.
Сергіту сәті:
.- Ендеше балалар қазір біздер сәл тынығып алайық. Ол үшін «Нар идірген» күйін тыңдай отырып әрқайсысың өздеріңнің портреттеріңді салып, көршілеріңе тапсырыңдар.
Жаңа сабақты бекіту.
Модул СТО, әдісі «Ассоциация»
Әр топ үлекке сипаттама береді
Рефлексия:
- Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Сабақты қаншалықты түсіндік? Оны тақтада берілген смайлинктің қасына өздеріміздің дөңгелекшелерімізді жапсырамыз?
Үйге тапсырма:
1.Мәтінді түсініп оқу .
2.Түйе туралы мәлімет материал жинау.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.